Дістемелік нұсқаулар. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі. Отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Мектеп пен отбасының қарым – қатынасы. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері. Ата – аналармен өткізілетін конференциялар. Ата – аналар жиналысының жоспарына қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж

2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г

3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г

1.Ата-ананың мектептегі алатын орны:

Отбасы – сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы. Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының педагогикалық үдерісі диагностикасының жүйесі.

Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің мәні мен атқаратын қызметтері. Мектеп пен сыныптың оқушы отбасымен өзара әрекеттестігі бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.

Ата-аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын жүзеге асыруда оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тиімді жүйесі.

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті 2. Ата-ананың атқаратын міндеті 3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже Сынып жетекшінің міндеті: 1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу; 2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту; 3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту; 4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу; 5. Ата-аналар комитетімен кездесу; 6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету; 7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс; 8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.

Ата-ананың міндеті:

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу; Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

1. Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады. Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

1. Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады. Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.

2. Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады. Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз: 1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз. 2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз; 4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады; 7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; 8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс; 10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. 12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз. 13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. 14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық. Ата-аналар кодексінде: -Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; -Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес; -Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз; -Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар. -Қателігін түсіне білетін, Дұрыс жүріп, күтіне білетін, Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің! Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.

2.Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 1. Сынып жетекшісі; 2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 4. Әлеуметтік педагог; 5. Мектеп басшысы.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті. Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с. Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді. Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттіліг неде:

- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда. Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.

3.Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді. 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру. 3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

4. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:

- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;

- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.;

- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

- балалардың аула клубтарын құруға;

- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.

4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру. 5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

 

Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.

Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті -сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үтіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.
Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді.

Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардын педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады. Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық
ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақгарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі. Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қальштастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да
түрі алмастыра алмайды. Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:
1. Репродуктивті – баланың туылуы.
2. Тәрбиелілік – жанұяның әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
3. Тұрмыстық-экономикалык – жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
4. Коммуникативті – жанұялык қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
5. Рекреативті – іс-әрекет ұйымдастыру.Ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моралдық қасиеттерін калыптастырулары қажет.
Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҮҮ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция» маңызды негізгі құжат болып табылады. «Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек», – деп жазылган Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана «баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін» орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім беруді енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында «мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен.
Конвенция, сондай-ақ БҮҮ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі жанұялық қатынастарды, баланың жанұя мен қоғамдағы тәрбйесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
ҚР Консититуциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және жанұя туралы» заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанұя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында (07. 06. 1999 ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және баска құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықгық негіз бар, жанұяның дамуына кепіл беретін және жанұя өмірінің, жанұя ұжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.

Отбасы – сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы. Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының педагогикалық үдерісі диагностикасының жүйесі.

Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің мәні мен атқаратын қызметтері. Мектеп пен сыныптың оқушы отбасымен өзара әрекеттестігі бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.

Ата-аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын жүзеге асыруда оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тиімді жүйесі.

Нег.ұғ: технология, педагогикалық өзара әрекет, ынтымақтастық, ата-ана, ата-аналар жиналысы, конференция, педагогикалық білім, практикум, дәріс, педагогикалық пікірталас.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 7667;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.027 сек.