Дістемелік нұсқаулар 3 страница
Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің басты себептерінің бірі – оқушылардың жалпы қимыл белсенділігінің төмендеуі.
Біріншіден,оқушылар оқу әрекетімен шамадан тыс шұғылданады. Екіншіден, кейбір мектептерде валеология, дене шынықтыру сабақтары тиісті дәрежеде өткізілмейді. Үшіншіден, баланың өз бетімен дене жаттығуларын жасауға мектепте жағдай жасалынбаған. Келесі атап көрсетерлік көрсеткіш – мектеп оқушыларының психикалық саулығы. Бүгінгі таңда нерв-психикалықауытқушылық орта есеппен 15-20 пайызы оқушыларда кездеседі. Бұл ауытқушылықтар, әсіресе, 1-сынып оқушыларында мектепке үйрену кезінде, 5-сыныптан орта буынға ауысу барысында және жоғарғы сыныпоқушыларында оқу жүктемесінің көлемінің артуына байланысты пайда болады.
Мектеп жағдайында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған қарым-қатынас тәсілдеріне тәуелді. әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке жүйесіәлсіз, нервтік – психикалық және жүрек ауруларынан зардап шегетін, сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негативтік әсер етуі мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп өміріндегі мектеп басшылары мен мұғалімдер және оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері мектеп субьектілері денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп субьектілерінің денсаулық проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру үшін 1999 жылдан бастап валеология сабағы өтіледі. Ол жылдары қолда еш оқулық, әдістемелік құралдар болмады. Сонда да валеология сабағын өткізуде оқытудың белсенді әдістерін: сюжетті ойындар, жұптасқан, топтық жұмыстар, ойды дамыту, шығармашылық жұмыстар, реферат жазу, пікірталас технологиясын кеңінен пайдаланды. Сонымен бірге оқушылар валеологияданалған білімдерін сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларда дамытып отырды.
Бүгінгі кезде салауаттану әр түрлі бағытта дамуда. Мектептерде валеология немесе салауаттану сабағы әр түрлі оқытылуда. Оған басты себеп арнайы білімді валеолиг мамандардың жетіспеуі, әдістемелік оқу-құралдардың аздығынан деп ойлайды.қазақ тілінде оқытылатын мектептерде оқу-әдістемелік көмекші құралдар әлі де жеткіліксіз.қазіргі кезде салауаттану пәні жеке пән болып енгізілуі – бұл қажеттілік. Дегенмен, қалай оқытылып жатыр, кімдер оқытып жатыр, материалдық базалары қандай деген сұрақтар маңында әлі шешілмеген мәселелер көп. Бұл пән бойынша білім стандарты жасалынуы қолға алынып, бағдарлама қайта қаралып, ол бекітілді. Оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету шаралары да қолға алынды. Биылғы оқу жылынвалеология пәнінен жаңа өзгертілген, толықтырылған бағдарламамен оқитындығымыз, ондағы игі өзгерістеркөңіл қуантады.
Салауаттану пәні мектепте кіргелі көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, істелінген жұмыс біршама. Биылғы жылы арнайы білімді валеолог-мұғалімдердің алғашқылары республика жоғары оқу орындарынан бітіріп шықты, жылдан – жылға сандары да көбейе береді. Ескеретін бір жағдай салауаттану пәні – басқа биология,география, тарих сияқты мазмұны жағынан күрделі пән екендігін көпшілігіміздің әлі түсіне алмай келетіндігімізде.
Салауаттану сабағы жеңіл сабақ, оған арнайы білімнің қажеттігі жоқ, оқушыларды ойнатса, жаттығу жасатса, жуынса, су құйса, дұрыс жүрсе болды, денің сау болады деп айта салу – пәннің мазмұнын ашпайды. Тіпті, салауаттанудың беделін төмендетіп алған жоқпыз ба деген ой келеді. Олай дейтініміз, кез келген мұғалімнің валеология сабағын беруі, тақырыптардың әр сыныпта қайталануы, оқу құралдарының аздығы, әр мұғалімнің сабақты әр түрлі өткізуі көпшілік қауымда осындай ой туғызады. Мұғалімдер арнайы оқу құралы болмағандықтан материалдардыәр жерден жинақтайды, көбнесе оқушыларға рефераттаржаздыруға әдеттендірді.бұл бір жағынан жақсы, оқушы ізденеді. Дегенмен, ол материалды оқушы Интернеттен, медициналық әдебиеттерден тағы басқа жинақтардан алатындықтан тақырыпты түсіну, меңгеру қиындайды. Міне, осы жағдайлардың бәрі жаңа ғана білім саласына еніп жатқан мазмұны күрделі, өмірге қажетті пәнді оқытуда келеңсіз жағдайларға, оқушылардың пәнге қызығушылығын төмендетуге әкеледі деп ойлаймыз.оның бірінші себебі, бұл пәннің бағдарламасының өзінің ерекшелігін, тақырыптардың қайталануының себебін түсінбеуден. Бұл заңдылық бала саны өскен сайын берілетін материалда біртіндеп күрделенуі қажет. Егер материал үнемі қайталанса, онда пәнге деген оқушы ынтасы төмендейді, пән өз мақсатына жетпейді.
Екінші себебі, валеология пәнін арнаулы білімді валеолог маман, тіпті болмаса биолог, психолог мамандар оқыту қажет, олар дене тәрбиесі мұғалімімен, ата-аналармен, сынып жетекшілермен жалпы мектеп ұжымымен бірлескен үлкен жұмыс атқарғанда ғана бұл пәнді оқыту үлкен нәтижеге жетеді.
Үшінші себебі, төменгі 1-4 сыныптарда салауаттану пәнінің оқытылуына аса назар аударылып, дұрыс жолға қойылса, материалдық база жасалса, мектепке келген оқушы жазу-сызуды, оқуды қалай үйренгендігі сияқты, бұл пәнді де оқи отырып, өз ағзасын танып біліп, дұрыс отыру, жүру, тамақтану, күн тәртібі, киіну, жуыну тәртібі, шынығу ережелерін – автоматты түрде біреудің айтуымен ғана емес, өз түсінігімен қажеттілікке айналдыруы қажет. Бұл үшін валеология сабағын әліппе, жазу сабағы сияқты, аса мән беріп, бағдарламада көрсетілген білімдер мен біліктерді, дағдыларды дұрыс қалыптастыру керек. Ал, мұны арнайы білімді валеолог маман ғана іске асыра алады. Бастауыш сыныпта балада салауаттанудың негізгі бағыттары дұрыс қалыптастырылса, оқушы 1-сынаптан бастап өзінің «Денсаулық» төл құжатын күнделікті бақылау күнделігі сияқты одан да ыждағаттылықпен іске асырса бала өз денсаулығына үлкен ән беруге үйренеді. Шынықтыру ережелерімен танысып, оны жүйелі жасайтын болады, оған оның ағзасы жаттығады. Балаға валеолог маман, ата-ана, өзге мұғалімдер көмегі қажет. Сонда ғана біз бала тәрбиесінде жетістікке жетеміз
Төртінші себебі, ата-аналардың бұл пәнге аса көңіл аудармайтындығы оның маңызын түсінбейтіндігінен. Бастауыш сынып оқушыларының ата – анасы жоғары сыныптарға қарағанда мектеп өміріне көбірек арласады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бала тәрбиесіндегі соның ішіндегі валеология пәнінің негізгі бағыттары бойынша үйде балаға үлкен көмек көрсетіп, денсаулықты сақтау мен шынықтыруға бағытталған дағдыларды дұрыс қалыптастырған жөн. Бұл дағдылар дұрыс қалыптасса, ол әдетке айналады.
Қазіргі толықтырылған, өзгертулер енгізілген бағдарламада көптеген өзгерістер бар, тек бұны дұрыс оқыту үшін валеолог маман әдістемелік жағынан көбірек ойлануы қажет. Валеология пәнінің мазмұны өте терең.
Бұл пәнді оқытуда:
- оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі,
- анатомиялық білім мен білік беріледі,
- физиологиялық мазмұнына да тоқталады,
- медицина жағы да аурудың белгілері, олардың алдын алу оқытылады,
- әр түрлі ауытқулар оның себептері одан қарай арылуға болатындығы беріледі.
- Шынықтыру ережелері кеңінен сөз болады,
- Табиғат қорғау, қоршаған орта, экологиялық мәселелер қамтылады,
- Сақтық шаралары оқытылады, зиянды әдеттер, оларға әуес болмау жолдары қамтылады.
Сондықтан да бастауыш сынып мұғаліміне бұл бағыттардың барлығын теориялық жағынан толық түсініп, оны оқушыларға жеткізе білу қиындық туғызары сөзсіз. Осы ретте мұны іске асыратын валеолог маманның болғаны дұрыс. Ол валеология сабағын беріп қана қоймай мектепте мынандай жұмысты іске асыруы қажет:
- Оқушылардың денсаулық деңгейін анықтап, оларға кеңес беру;
- Оқушылардың денсаулығын сақтауға негізделген кеңестер беру,
- Жалпы мектепте салауаттану бағытындағы жұмыстарды ата-аналар мен мұғалімдер бірге ұйымдастыру,
- әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін түсіндіріп, оны іске асырға көмекші болу.
- Бұл сабақтың бір ерекшелігі теориялық материал бірден практикалық жұмыстармен не нақты мысалдармен бекітілгендігінде. өйткені, барлық материал баланың өз ағзасын танып білу мақсатына жүргізіледі. Көпшілігі көріп істелініп жүрген істер.
“Бақытты болу жағдайы, біздің дегенімізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтанатты рух пайда болады.Ақыл-ойдағы айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді” (П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі және дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады. Бұл тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайында нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша маңыз береміз.
“Өмір салты” – адамның денелік, интелектуальдық және еңбек әрекетін, тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, “өмір салты” – деннің саулығына нәтижелі ықпал ететін “ салауатты өмір сүру” ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым “салауатты өмір салтын”:
- ең жақсы үйлесімді тәртіп;
- иммунитетті және денені шынықтыру;
- дұрыс тамақтану;
- орнықты өмір сүру әдеті;
- зиянды әдеттің болмауы (“ауру қалса да, әдет қалмайды”);
- жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Қазақта “Деннің саулығы – бастың амандығы” – деген ұғым қалыптасқан. Олай болса, салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе. Себебі жаңа XXI ғасырдың адамы – дені сау рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы.
Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді шексіз сұлу, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден ләззат алу, баланың жаңа жыл сыйлығын шыдамсыз тосқанындай, әрбір таңды, күнді асыға ризашылдық көңіл күймен тосу және кешкілік қамкөңілсіз, кіршіксіз тәртіп ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзіңді-өзің сүю, құрметтеуден басталады.
Ол үшін, оқушыларды алдына өмірлік маңызды мақсат қоя білуге тәрбиелеу қажет. Оған жету, ерінбей, шалдықпай үлкен еңбек етуді қажет етеді. Ондай еңбек – деннің сау болуын қажет етеді. Міне, тұрғысында оқушылардың санасын таза, сенімі айқын болуы шарт. Кімде кім өзінің өмірін темекі түтінімен, ішімдік уытымен уласа, арам қылықпен өмір сүрсе, сол ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарайды. Ол үшін тіршілік, өзін қоршаған орта көңілсіз беймәлім, күңгірт болып келеді. Осы қағиданы әрбір баланың жадына, зердесіне тоқыту, жалпы адамзаттың, соның ішінде мектеп пен ата-аналардың мемлекет, қоғам, бала алдындағы міндетті борышы.
Философтардың айтуынша, бақытты адамдардың көңіл күйі тек оларды қоршаған қандай да болмасын өмірге ғана байланысты болып келмейтіндігі, сонымен бірге сол өмір туралы адамның өз ойы қандай болатындығына да байланыстылығы. Осындай көзқарас баланың өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына көмектесуі мүмкін. Табиғат адам баласын бақытты және қуанышты өмір сүруге жаратса, ол оны тайсалмай және төзімділікпен қарсы ала білуге дағдылануы қажет.
Бала кезден бізге мәлім болғанындай: “Қозғалыс – ол өмір”, “Деннің саулығы – жанның саулығы”, “Орынды, дұрыс тамақтану – дұрыс өмір сүру және деннің саулығының кепілі”, “Күн, ауа және су – біздің ең жақын досымыз” – бүгінгі мектепте осы мәселе қалай қарастырылады? Ал, табиғатты алсақ: орман, тоғай, өзен, көл және дала, оның әр түрлі табиғи өсімдіктері мен шөптері; аспан – оның бұлттан құралған кемелері немесе түнгі аспан - өзінің айы мен жарқыраған жұлдыздары – осының бәрі айналып келгенде мектеп оқушыларының санасына жетерлік пе, әсіресе қала жағдайында ол қалай? Міне, көріп отырғанымыздай “Салауатты өмір сүру” мәселесіне қатысты мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Мәселе, оның санында емес. Мәселе, оның түпкі нәтижесінде! Мектеп өмірінде оның қолданысында!
Біздің көзқарасымызша, “Салауатты өмір сүру салтына” 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық әрекетін “АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК” заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.
Салауатты өмір сүру идеясы және әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуға міндетті. Ол тәрбие процесінің нәтижесін жоғары көтереді. Ол үшін тәрбиешілер салауатты өмір сүруді ынталандыру және оның жүйесін құруы қажет. Ең алдымен, оның ұстанамын (принциптерін) басшылыққа алатын әдістемелік ережелерін анықтағаны жөн. Олар, мысалы төмендегідей болып құрылуы мүмкін.
Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі мен оны ынталандыру бағдарламасының болуы – бүгінгі өмір талабы. Ол үшін , мұғалімдерде көптеген ғылым саласынан жинақтаған білімдердің болуы шарт: философия, психология, анатомия және физиология, медицина, гигиена, валеология, педагогика, этикаэстетика, экология және тағы басқалар.
Қазіргі заманғ табиғи және әлеуметтік – экологиялық жағдайда балалардың денсаулығының жайы өте үлкен орын алады. Қазір бұл мәселе баланы оқыту мен тәрбиелеу проблемаларымен бірдй мәнге ие. Барған сайын мектеп қабырғасына денсаулығы бұзылған немесе ақаулары бар, тіпті созылмалы аурулары бар балалар көптеп келе бастады. Мұның бәрі елеусіз қалдыратын мәселелер емес, өйткені баланың денсаулығы мен оқу үлгерімі медальдің екі беті тәрізді бір-біріне өте тығыз байланысты. Соңғы жылдары мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлығы туралы көп айтылып келеді. Әйтсе де бұл жерде тек мектеп кінәлі ме? әрине, олай емес. Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, ең алдымен, ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіруге кей жағдайда бір ғұмыр да жеткіліксіз. Кейде мектеп оқушыларының бар күш -қимылы жеткіліксіз болады, өйткені баланың мектепке дейінгі өмірі тұтастай текке кеткен, орнын толықтыру мүмкін емес болып жатады. Бұл мәселенің шешімін ата-аналарға, дәрігерлерге жаба салуға да болар, әйтсе де бала денсаулығы күн өткен сайын нашарлап, кемістіктері кеми беретінін де ұмытпалық. Баланың негізгі уақыты мектепте өтетіндіктен оның денсаулығына жауапкершілік те негізінен оқытушының мойнында. өйткені бала денсаулығы сыныптағы оқыту процесінің қалай ұйымдастырылғанына да байланысты. Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан танбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән беру керек. Бала кезінен денсаулықтың алғы шарттарын, денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратыны сөзсіз. Оларда денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жағдайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Денсаулық сақтау кеңістігін қалыптастырудың оқыту жүйесі ұстаздың ізденісі, тәжірибесі негізінде педагогикалық философияның нанымдары мен принциптері жатыр. Бұл философияның басты ядросы – Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы деген принцип, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек. әр балада жасырын жатқан денсаулықтың генетикалық потенциалы бар, біздің міндетіміз біздің жүзеге асуына қолқабыс жасау. Менің негізгі – принципім әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады,дамиды.
Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға өзіне сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет.
Тәжірибе жүзінде келесі мақсаттарды жүзеге асыруға болады:
- негізгі білімді;
- баланың өз мүмкіндіктеріне сай индивидуалды даму траекториясымен қамтамасыз ету;
- оқушыларды білімді, жан-жақты дамыған, денсаулығы жақсы, рухани жағынан дамыған етіп тәрбиелеу;баланың бойында денсаулыққа деген жауапкершілік пен денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы білім қалыптастыру;
- таным сферасын дамыту (есте сақтау қабілеті, таным, пайымдау, ойлау, қиялдау);
- агрессивтіліктің алдын алып өзара қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Мектептегі қазіргі оқытылып жатқан имандылық идеялардың діни бағыты басым. Имандылыктың қазіргі таңдағы адам ерекшелігіндегі құндылық қасиеттерінің бірі екені жүйесіз ескерілген.
Адамның материалдық қажеттіліктерінің бірі — физикалық дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе— салауатты өмір салтын қалыптастыру. Яғни, адамның денесінің саулығы, сақталуы, нығаюы, ширауы, сергектенуі, еңбекке қабілеттілігі, құлшынысы, құштарлығы, ниеттілігі, ынталылығы - қалыпты биологиялық процесте тұруы, Ал рухани қажеттілік деген ұғым — рухани жетілу, яғни жанның тазалығына, адалдығына, имандылығына байланысты. Осы мәселе тәрбиенің қай жүйесінде болмасын толық қалыптасып, сыңаржақ қалып қоймауы қажет.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби: "Қайырымды қалалар мен халықтардың діндері әртүрлі болғанымен барлығы бір бакытқа сенеді, бір мақсатқа жетуге ұмтылады" — деген. Қай заманда да бір "Аллаға" деген сенім негізінде құрылған адамзат қоғамы адамгершілікті, имандылық пен мейрімі еркін, тәуелсіз де бейбіт қоғам болуын тілегенін тарихтың өзі дәлелдеп отыр.
Ислам діні қазақ топырағына Арыстан баб арқылы осыдан 13 ғасырдай бұрын насихаттала бастаған. Ислам дінімен енген "иман" — ұғымы "Аллаға сену", "наным", "сенім" түсінігін береді. Бір Аллаға сену арқылы имандылық негізінде адамдар өтірік, өсек, қиянат, қорлық, зорлық, қайырымсыздық деген сиякты "имансыз" әрекеттерден бойларын аулақ ұстаған. Ондай адамдардың көңілі тазарып, "Алланың нұрына бөленген" — деген сенімде болған.
Қазақ совет энциклопедиясында "Дін — әлеуметтік езгінің құралы ғана емес, ғылымның, прогрестің де жауы. Ғасырлар бойы дін адамның табиғатты танып білу, оның жойқын күштеріне бұғау салып, меңіреу жөніндегі ізгі істеріне бөгет жасаумен болды" (32 бет/ 4т. қ.с.э.) - делінген, сөйтіп тоталитарлық кезеңде тіліміз бен дініміз қиянатқа ұшырады.
Бірақ, ата-бабамыз ақ білектің күшімен, ак найзанын үшымен үлтарақтай жері үшін, үрпағы үшін күресе білді. Бірақ сонда да, ансаған армандары — тәуелсіздікке үміттеніп көз алдында сағымдай сырғып қала берген.
Әл-Фараби қағидасы бойынша, дүниені сақтайтын төрт тілек бар: Ғадалат — әділдік, турашылдық, сахауат — қайырымдылық, жомарттық, қанағат — барға ризалық және инабат дейді. Осылардың бәрі жақсы ниетпен туындайды. Бүл жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед Ғ.С. "Әр нәрсе адамның сөзіне емес, оның істеген ісіне байланысты" — деген.
Ұлттық педагогика саласында осы мұраларды кеңінен пайдаланып, мұрат "идеал" адам тәрбиелеудің түп қазығына айналдырудың маңызы зор. Абай айтқан "иманигүлді" ұрпақ санасына сіңіріп, тәлім-тәжірибеде пайдалана білсек, еңбектің нәтижелі болатынына күмән келтірмеген болар едік. Себебі Абай өзі ұстанған имандылық тәрбие идеясының өн бойында, адам бойындағы ең асыл қасиетті білуге құмарлықты дәріптеу арқылы адамның шексіз даму құдіреттілігін жоғары қояды. Осы орайда оның "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім" деген сөзі дәлел болады /2/.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2076;