Дістемелік нұсқаулар 4 страница
Шығыс поэзиясынан орын алған жүректің культі "иманигүл" Абай шығармаларында, ал ақылдың культін Абу Али ибн-Сина "имани ақыл" атауларын арнайы қолданған.
Имани ақылды, яғни ақылдың культін мадақтайтын Рудаки, Фирдауси, ибн-Синаның шығармаларынан кезедестеріміз.
Осы орайда имандық туралы танымның табиғаты, оның шығу төркіні оның даму жолын имандылық негізде салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолданудың маңызы зор.
Жалпы адамның жетілуі — оның рухани дүниесі, адамшылық қасиеттері, мінез-құлқының жетілуімен сайма-сай келеді. Мұндай қасиеттердің жетілуі адамның денесінің жетілуімен байланысты. Ал адамның денесінін жетілуі — денсаулық.
Салауатты өмір салтын имандылық негізінде оқушылардың бойына сіңіруде ислам дінінің парыздары былай деген:
— әрбір мұсылман қолынан келгенше бір-біріне жақсылық қылуы керек. Ісімен болсын, сөзімен болсын, мейлі тілімен. Ең болмағанда, жақсылық тілеп тұруы абзал;
- қанағатшылыкқа, инабатқа, сабыр, ар сактауға, уағадашылықпен ынсаптылыққа ұмтылдыру;
- еңбек етіп өз отбасын асырауы;
- адам рухына, түр-түсіне, нәсіліне, байлығы мен дәрежесіне қарамай, Алла алдында тең, демек, жер бетінде де тең;
- білім алуға, бейбітшілікті сақтауға міндетті;
- адам мінезіне қызғаншақтық емес, жомарттықтың үш түрін ұсынады: көз, қол, көңіл жомартығы;
- маскүнемдік, есірткі, ұрлык, өтірік айту — иманның, мұсылманның жауы;
- ата-ананы, ұстазды кұрметтеу, көрші-ағайынмен тату-тәтті өмір сүру;
— гигиеналық талап өте жоғары дәрежеде дәріптеледі. Имандылық негізінде адамгерішілікке, эстетикалық тәрбиеге, дене саулығына, салауатты өмір салтына, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге тәрбиелеу қажет.
Осыдан мынадай тұжырымға келуге болады:
І.Ойы саудың — жаны сау. Жеке тұлғаның білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін дамыту, ой парасатын қалыптастыру.
2.Жаны саудың — тәні сау. Ұлтымыздың төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы арқылы жеке тұлғаның сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
3. Тәні саудың — дені сау. Адамның бір байлығы — денсаулық. Халқымыздың тән тазалығы дене сымбаты жайлы мұрасы мол. Осы мұраның негізінде жеке тұлғаны салауатты өмірге бағыттау, олардың тән саулығымен, жан сұлулығының, имандылығының қалыптасуына көмектесу, багыт беру.
4. Ісі саудың — өмірі сау. Еңбек дағдысын жеке тұлғаның бойына жастайынан сіңіру, адал, үлкен жауапкершілікпен, іскерлікпен еңбек ету арқылы өмірін көркейтуге бағыттау.
Мамандар жасап шығарған әр түрлі сауықтыру жүйелерін де пайдаланған дұрыс. Ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып,әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсугеарналған бағдарлама жасауға болады. Оны ненің негізінде жүзеге асыру керек?
Біріншіден, сабақ барысында отыру қалпын динамикалық алмастыру арқылы өткізіледі. Яғни, бала өзінің дұрыс отырған, отырмағанын, отырысын алмастырып отырады. Оны бір рет үйренген бала өзінің отырысын қадағалай алады. Ол омыртқа жотасының түзулігін сақтауға мүмкіндік береді, өйткені омыртқа адамның өмірінде өте үлкен қызмет атқарады, біздің көптеген ауруларымыз да оның дұрыс қалпының бұзылуынан туындайды. Бұл адам ағзасының энергетикасының негізі. Сондықтан да сабақ барысында баланың дұрыс отыруын қадағалау – ең басты міндет.
Екіншіден, сабақ барысында дене бұлшық ет жүйесін және көру жүйесін ширататын сергітулер өткізіледі. Оны В.Ф.Базарныйдың жүйесі арқылы көру траекторияларының жүйесін қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Мысалы, «спутник» жүйесінде төбеге ілінген түрлі-түсті «планетелерға» назар аударту (сынып бөлмесіне, төбесіне түрлі- түсті шар қолдан жасалған жұлдызшалар ілу арқылы бұл жаттығуды жасауға болады), оларды іздеп табу арқылы көз жанарын, дене бұлшық еттерңін қозғалта отырып, көз бен денені сергіту шараларын жүзеге асыруға болады. Сорл арқылы көру координациясын кеңістікте бағдарлау реакциасын дамытуға болады.
Үшіншіден сабақтағы көрнекі құралдар барынша жылжымалы болуы керек оны ұдайы қозғалту, құралдарды қадағалап отырған балалардың көз белсенділігін арттырады. Олардың жалпы белсенділігі де жоғарылайды. Мысалы, карточкаларды сынып бөлмесінен кез келген нүктесіне апара отырып, бала назарын аудартуға болады.
Төртіншіден, жазу барысында арнайы дайындалған каллиграфиялық нұсқаларды қолдануға болады. Бұл балада аса жоғары шығармашылық, эстетикалық талғамын оятады, «көз-қол» психоматорикалық жүйесін дамытады. Мысалы, балалардың жасына сай өлең, тақпақтар оқыта отырып, оны бала қалай қабылдаса графикалық бейнелеп беруін өтінуге болады. Оларға маторикалық еркіндік бере отырып, өзінің сол сәттегі әсерін қағаз бетіне бере алатын графикалық плассикасын дамытуға қол жеткіземіз. Бұл, әсіресе, төменгі сыныптарда үлкен нәтиже береді.
Бесіншіден, хор арқылы айтылатын әннің әсері өте жоғары. Түрлі әндерді сүйемелдеу арқылы орындай отырып музыканың бала психикасына әсерін эмоцианалды әсерленуді пайдаануға болады. Сонымен, бірге музыкалық гимнастиканы, яғни саз ырғағымен дене қимылдарын орындауды бейді де қолдану керек.
Алтыншыдан, сабақтағы физкултьминутқа, яғни жалпы шаршауды сейілтетін қолдарын, саусақтарын де алдыратын көру және есту қабілеттерінің дамына әсер ете алатын, қысқа ғана жаттығулар жиынтығы.
Жетіншіден, барлық оқу пәндеріне сауықтыру компоненттерін қосу. Бір ғана валеология сабағында денсаулық туралы оқыту. Бұл сабақтың сирек өткізетінін ескерсек, жеткіліксіз болатыны сөзсіз. Сондықтан да барлық пәндкр арқылы кешенді түрде баланың өз денсаулығын сақтауға үйретуден жалықпау керек. Оған неше түрлі әдістерді қолданып денсаулық тақырыбындағы материалдарды, диктаннттар, шығармаларды пайдалануға болады. Демек, оқытушы әр сабақта оқушыларға денсаулықты сақтау мен жақсарту туралы мәліметтер бере алады.
Сегізіншіден, сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүктеу. Оған төмедегі шараларды жатқызамыз::
8) Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.
9) Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды да қатыстыру керек.
10) Валеологиялық паспорт жүргізу. Онда баланың:
- ауырып қалған күндері;
- денсаулық тобымен дене шынықтыру тобы туралы мәліметтер;
- дене сымбаты мен көру қабілетінің көрсеткіштері;
- спорт түрлері мен айналысуы, ондағы жетістіктері мен жеңістері туралы мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс.
11) Оқушылар өздері денсаулық күнделігін жүргізуі тиіс. Онда денсаулық тақырыбындағы ақпараттар, кеңестер, өзіндік сауығу жоспары болуы керек.
12) Әр оқушыға жеке папка арналуы керек. Онда психологиялық-педагогикалық карта, психолог пен дәрігердің ұсыныстары, баланың жеке даму картасы, оқу бағдарламасын игерудің диагностикасы сияқты құжаттар қаралуы тиіс.
13) Түрлі мейрамдар спорт ойындарын, эстофеда конкурстар, бикториналар, сынып сағаты , әңгімелер ұйымдастыру.
14) Баланы еңбекке баулу.үй жұмыстарын орындауға ынталандыру. Оны ата-аналарымен ақылдаса отырып жүзеге асыруға болады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде төмендегі жетістіктерге қол жеткізуге болады:
- оқушылардың оқу бағдарламасын игерудің деңгейі артады;
- балалардың көру қабілеті мен дене сымбаты сақталады;
- олардың жұмысқа деген қабілеті артып, мінездері жақсарады;
- балаларда денсаулықты ең басты құндылық ретінде қарастыратын көзқарас қалыптасады;
- бала санасында өмірсүйгіштік өзгені сыйлау сияқты жақсы қасиеттер оянады;
- ең бастысы балалар адам денсаулығының қандай болмағы – оның өз қолында екендігін түсінеді.
Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігерлердің берген кеңесін ұсынамыз:
1.Күн сәулесін пайдалану.
2. Таза ауамен демалу.
3.Таза суды пайдалану.
4.Табиғи тамақтану.
5. Ашығу.
6. Дене жаттығулары.
7. Жақсы демалыс.
8. Жақсы мүсін.
9. Ақыл-ес.
Салауатты ұрпақты кәмелет жасқа дейін тәрбиелемей елеміздің өркендеуіне қол жеткізу қиын шығар. Бұл – тек қана педагогика немесе психология, ия болмаса, медицина салаларының алдындағы мәселелер емес, қоғамның салаларына ортақ өзекті мәселелердің бірі.
Салауатты ұрпақты тәрбиелеуді жүзеге асыру оқушы санасын салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған біліммен құралдандыруға негізделеді. Күні бүгінге дейінгі осы тақырыпқа арналған әдебиеттер мазмұнына көз тастайтын болсақ, физикалық жаттығулар жасау, гигиена талаптарын орындау, зиянды әдеттерге бой алдырмау секілді көптеген мәліметтердің берілуі салауатты өмір салтының мазмұнын толық ашып бере алмайды.
Салауатты өмір салты организмнің тәулік бойы қозғалыста болуы, қозғалыстың белсенділігі; шынығу – мүшелер жүйесінің қызметін арттырады, сыртқы орта мен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы, дұрыс тамақтану; гигиена талаптарын дұрыс қадағалауға әрекет жасау; жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау; дұрыс мінез-құлық; өз қасиеттерін басқара білуге арналған және жүйкесі тозудан сақтандыруды қалыптастырудағы психогигиена; жыныстық тәрбие, жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулардан сақтандыру; күнделікті тұрмыста, көшеде, мектепте жарақаттанудың алдын алу; зиянды әрекеттерге берілмеу секілді компоненттерді қамтиды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбындағы негізгі кеңестер деп осы саладағы ғылыми және діни әдебиеттерді, әр түрлі еңбектерді, теледидар-радио бағдарламаларын, басылым бетіндегі салауаттылыққа арналған мақалалар мен денсаулық сақтау органдары қызметкерлерінің кеңестерін атап көрсетуге болады.
3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктері
Жас өспірімді салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық зерттеулерге, оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламалардан алынған мәліметтерге жасалған талдау қорытындысы:
1.Жас өспірімнің салауатты өмір салтына негізделген жеке іс-әрекет стратегиясының қалыптасуына бағытталған салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік берді.
2.Халықтың педагогикалық құралдарын пайдалану арқылы жас өспірімді салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеудің негізгі ерекшеліктері мен міндеттерін көрсету;оптимальді психологиялық, педагогикалық жағдайын жасау және жас өспірімге “салауатты өмір сүру салты” түсінігін сезіндіру; оларға өзін тәрбиелеуге көмек көрсету; жас өспірімдердің өз өміріне, денсаулығына жауапкершілігін арттыруға және қалыптастыруға болады. Негізгі және байланыстырушы элемент болып табылатын салауатты өмір сүру салты бойынша сауаттылық және түсінік жас өспірімдердің салауатты өмір сүру тәрбиесінің қалыптасуының құрылымдық моделін жасауға; осы құрылымдық модель негізінде сыныптан тыс жұмыстар үрдісіндегі жүргізілген эксперименттік жұмыстарға дейінгі және кейінгі салауатты өмір салты тәрбиесі деңгейін анықтауға болады.
3.Сыныптан тыс жұмыстар үрдісінде салауатты өмір салты тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық жағдайын көрсету, мысалы, жас өспірімдердің дамуының жасына қарай ерекшеліктері, аймақтық, этникалық, демографиялық және табиғи ерекшеліктері әлеуметтік – психологиялық және жеке іс-әрекеттік жағдайлар жас өспірімнің денсаулығын сақтауына бағытталған мақсатты іс-әрекетін анықтауға септігін тигізеді.
4.Жас өспірімді салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмысының құрылымдық моделін көрсетілген жағдайлар негізінде құруға мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық моделін жасау кезінде педагогикалық ұжым мен басшылардың кәсіби дайындықтары ескеріледі.эксперимент нәтижесіне талдау жас өспірімдерге салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың педагогикалық жағдайын және тұжырымдауға мүмкіндік туғызады.
Жас өспірімдерге салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша мектеп мұғалімдерімен жүргізілген жұмыс барысыда төмендегі қағидалар басшылыққа алынды:
1.Ізгілікке бағытталған тәрбие үрдісі мұғалімнің курстық дайындығының мазмұнын айқындайды.
2.Инновациялық жұмыстардың көп нұсқалығы сыныптан тыс жұмыс бағыттарының мазмұнын толықтырады.
3.Сыныптан тыс жұмысты жүргізуде мұғалімнің дайындық жүйелілігі балалар дамуы (физиологиялық, психикалық) туралы ғылыми білімге ие болуын қарастырады.
-
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық технологиясы. Еңбек күн тәртібі мен демалысы ұйымдастыру әдістемесі. Ішімдікке қарсы үгіт жүргізу және нашақорлықтартың алдын алу әдістемесі. Кикілжіңнің алдын алу және алдын алу және оларды жеңудің психологиялық-педагогикалық әдістемесі.
Нег.ұғ: құндылық, құндылық қатынас, салауатты өмір салты, саоауатты өмір салтына құндылық қатынасы, компонент, салауатты өмір сүру стилі, микроәлеуметтік орта, өзін өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, мақсаттылық, еңбек режимі, профилактика, кикілжің, демалыс режимі.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2196;