ТАПСЫРМА 1. М21ЖӘНЕ М12ӨЗАРА ИНДУКТИВТІЛІКТІ ӨЛШЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КАТУШКАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ОРНАЛАСУЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
өзара индуктивтілік коэффициентін (5) формула көмегімен өлшеу үшін катушкалар арасындағы Z әртүрлі қашықтықтағы E02/ U0 қатынасын өлшеп алу қажет. шамасын вольтметрмен өлшейді. E02шамасын алдымен (Z = 0 болғанда) вольтметрмен және осциллограф экранындағы бөліктермен өлшейді. Сонан соң осциллографтың вертикаль шкаласының бөлік құны вольтпен анықталады. Бұдан әрі (Z өлшегенде) E02шамасын экрандағы бөлік санымен анықтайды және өлшеу нәтижелерін бөлік құнына сәйкесті вольтқа айналдырады.
1. Қондырғыны қосу үшін құралдарды 6-суреттегідей олардың полярлығын сақтай отырып; өлшеу үшін 1 кабелін PQ сол жақ клеммаларға жалғаңдар; П1 және П2 ауыстырып-қосқыштарын сол жақ шетке келтіріңіздер; вольтметрдің 10 В шкаласын таңдаңыз; дыбыс генераторында n = 10 кГц жиілігін орнатыңыздар; осциллографта "10 кГц", "синхр", "разв." батырмаларын басыңыз; жылжымалы катушканы орташа жағдайға қойыңыз (Z = 0).
2. Қондырғыны қосыңыз. ЗГ-ның 5 тетікшесімен (сур. 6) вольтметрге = 4 В шамасын орнатыңыз. Осциллографтың 6 тетікшесімен осциллограф экранында вертикаль тербелістің максимал серпін орнатыңыз (сегіз бөлік). ЗГ мен вольтметрді өшіріңіз. 1 кабелін РО клеммасына, ал вольтметр шкаласын - 100 мВ-қа алмастырыңыз. Қондырғыны қайта қосыңыз. Осциллограф экранындағы бөліктер шкаласымен және вольтметр көмегімен E02өлшеңіз. Осциллографтағы вертикаль шкаласының бөліктер құнын милливольтпен анықтаңыз.
3. Жылжымалы катушканы бір шеттен екінші шетке жылжыта отырып, әрбір сантиметр сайын осциллограф шкала бөліктерімен E02мәнін өлшеңіз. Өлшеу нәтижелерін 1-кестеге жазып, милливольтқа айналдырыңыз. (5) формула көмегімен катушканың өзара орналсауы үшін М21 есептеңіздер, бұнда = 4 В, R = 104 Ом, n = 10 кГц. Есептеу нәтижелерін 1-кестеге толтырыңыздар.
Кесте 1
Z, см | E02, бөліктермен | E02, мВ | М21, мГн | Z, см | E01, бөліктермен | E01, мВ | М12, мГн |
4. (Z) тәуелділігін құрыңыз.
5. -нің алынған бір мәні үшін салыстырмалы қателікті мына формула көмегімен есептеңіздер: ,
мұндағы DE02– осциллограф шкала бойынша E02өлшеу қателігі, ол осциллограф бөлік құны 0,2, - (1 %) вольтметрдің өлшеу қателігі, - резистор қателігі (3 %), - Дыбыс генераторы жиілігін орнату қателігі (2 %).
6. Құралдарды өшіріңіз. П1 және П2 ауыстырып-қосқышын оң жақ шетке келтіріңздер. Құралдарды қосып -ні (6) формула көмегімен анықтау үшін 1 және 3 пункттегі өлшеулерді қайталаңыздар (ЭО вертикаль шкала бөлік құны өзгермейді, егер осциллограф тетікшесі өзгермесе).
Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 1168;