Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар. 1. Шығару процесі басталған кезде неге газ қысымы сырттағы ауаның қысымынан көп болады?

1. Шығару процесі басталған кезде неге газ қысымы сырттағы ауаның қысымынан көп болады?

2. Шығару процесі не себепті поршеннің ТШН-іне жетпей ерте басталады?

3. Шығару процесі кезіндегі газ қысымы мен температурасын қалай анықтайды?

4. Цилиндр ішіндегі қалдық газды азайту үшін қандай шаралар қолданылады?

 

5 сұрақ. Сору процесі кезінде поршень ЖШН-ден ТШН-ге қарай қозғалады. Бұл кезде оның босатқан көлемінде вакуум пайда болады да, оған сырттан дизельді қозғалтқышқа ауа, ал карбюраторлы қозғалтқышқа жанғыш қоспа сорылып кіреді. Осы сору процесінің көрсеткіштерін анықтау үшін алдымен теориялвқ жолын қарастыралық. Яғни сору процесі кезінде ауаның немесе жанғыш қоспаның жүріс жолында пайда болатын аэродинамикалық кедергі болмайды деп есептелік. Олай болса сору прцесі кезінде қысым өзгермей тұрақты болады. Сору процесі кезінже цилиндр ішіне келетін ауаның немесе жанғыш қоспаның мөлшері оның ішіндегі алғашқы айналымнан қалған газдың қалдығына байланысты болады. Егер алғашқы айналымнан цилиндр ішінен шықпай қалған газ мөлшері көп болса, онда оған келетін ауаның немесе жанғыш қоспаның мөлшері аз болады немесе керісінше.

Иінді-бұлғақты механизмнің динамикасы. Иінді-бұлғақты механизмнің бөлшектеріне жұмыс кезінде сырттан әр түрлі күштер әсер етеді. Олардың негізгілеріне газ қысымының күші, айнымалы қозғалыстың әсерінен инерция күштері, өзара қозғалысқа келетін бөлшектердің аралығындағы үйкеліс күштері және тағы сол сияқты күштер жатады. Бұл күштердің барлығының шамалары мен бағыттары айнымалы болады. Себебі, жоғарыда осы механизмнің кинематикасын қарағанда анықтағанымыздай, сол күштерді тудыратын қозғалыстардың жолы, жылдамдығы және үдеуі де айнымалы. Әрі бұл көрсеткіштердің барлығы дерлік иінді білікті айналу бұрышына тәуелді екендігін жоғарыда дәлелдегенбіз. Олай болса, анықтағалы отырған күштер де осы бұрышқа байланысты анықталуы тиіс. Енді төменде осы күштерді анықтау жолдарына тоқталамыз.

 








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1160;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.