Аржының мӘні жӘне қажеттілігі.
Аржы құнДЫ категория ретінде.
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің “financia” сөзінен пайда болған француздың “finance” сөзінен шыққан) қоғамда нақты емір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, несие, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы ендірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан бөліп алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен, тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады. Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен өзгешеліктерін ашып бере алады.
Қаржының экономикалық тәжірибе бойынша көрінісі қоғамның ішіндегі ақшалардың жылжуымен байланысты (бірінші иесінен екінші иесіне, қолма қол және қолма қол емес түрінде). Құнды категория ақшалай тауарлық қатынастарында қанша тауардың бар екенін немесе қаражат мөлшерін білдіреді.
Көптеген экономикалық қатынастар қаржылық категорияларға теңеледі. Олар: баға, еңбекақы төлеу, кәсіпорын ресурстары, несие және т.б.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикааық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады.
Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1226;