Аржының қажеттілігі.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мем-лекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамсыз ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, соңдықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары - мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді.
Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікгі өзін өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.
Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылады, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың, аймақтардың, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатьш қаражаттардың үлкен келемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде “қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар” деп аталынатындарды - мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сол сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттаңдыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.
Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1399;