Іскерлік әңгімелесу орны мен уақыты.
Іскерлік әңгімелесуді әр уақытта және әр жерде қатысушының ұстанымына байланысты құруға болады. Жоғарыдан ↓ ұстанымы “Мен сізді кабинетімде сағат 16 де күтемін”. Ал, бөтен жерде бұлай айту қиын.
Төменгі ↑ ұстаным өтініш ретінде құрылады. “Менің қашан қайда баратынымды сізбен ақылдасқым келіп еді”.
Ал “ ↔ горизантальді” ұстаным бойынша ол былай құрылады. “Біздің сөйлесуіміз керек. Қай уақытта келісетін жерімізді белгілеуісміз керек еді”.
Ал “ горизантальді” ұстаным бойынша ол бұлай құрылады. “Біздің сөйлесуіміз керек. Қай уақытта келісетін жерімізді белгілеуіміз керек еді”.
Әңгімеге өз ішінен мына сұрақтар арқылы дайын болуы керек!
1. Қандай басты мақсат қоям.
2. кездесу жайлы сұрағанымда әңгімелесуші таң қалды ма? Келісушілік білдірді ме?
3. Мүмкін бұл әңгімеміз де боларма еді?
4. Алдағы қойылған әңгіме мәселесіне ол дайын ба?
5. Келісімге келуіме сенімдімін бе? Қандай объективті және субъективті қайшылықтар күтіп тұр?
6. Мені де оны да қорытынды қанағаттандырады ма?
7. Кездесу барысында қандай тәсілдер қолдана аламын, болмаған жағдайда басқа мекемелер тәжірибесін негізге алып, үлгі ретінде мәселе шешіміне қатысты
8. Қандай сұрақтар қоямын. Ол қандай қоюы мүмкін?
9. мен өзімді қалай ұстаймын. Егер менің әңгімелесушім:
а) менімен толықтай келіссе;
б) дауыс ырғағын көтеріп, қарсы шықса;
в) менің шешіміме сенімсіздік білдірсе;
г) еш жауап бермесе
д) өз көзқарасын жасырып қалған қалып білдірсе?
9-дәріс: Қарым – қатынас мәдениеті және байланыс біліктілігі
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру.
-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.
1. хабар берушi
2. мәлiмет
3. арнайы ақпарат беру құралы
3.ақпарат алушы
10-дәріс:Қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынастың жақтары мен түрлері.
1. Жеке адам және қарым-қатынаспсихологиясы.
2. Қарым-қатынастың жақтары мен түрлері.
3. Қарым-қатынастың формалары мен түрлері
Қарым-қатынас тек бірғана салада емес, керісінше жан-жақты зерттелген.
А.А.Леонтьов қарым-қатынасқа “адамның кез-келген іс-әрекетінің алғы шарты” ретінде қарайды (14). Сонымен қатар оның бұндай позициясына басқа да авторлар қосылады: В.Н. Панферов “кез-келген іс-әрекет қарым-қатынассыз жүзеге аспайды” деп атап өткен.
Ал, Л.С.Выготский мен Л.Н. Анцыферова 30-шы жылдардағы қарым-қатынасқа байланысты; “қарым-қатынас адамзат іс-әрекетінің ең бірінші түрі” деген тұжырым жасаған (6).
Б.Д. Парыгин “қарым-қатынас – тұлғаның өмір сүруі мен әлеуметтенудегі қажетті алғы шарты” деген (19).
М.С. Каган қарым-қатынасты “субъектінің практикалық белсенділігін айқындайтын іс-әрекеттің каммуникативті түрі” деген тұрғыдан қарастырады (10).
Қарым-қатынас ұғымына деген ғылыми көзқарас тұжырымдардың көп түрлілігі қарым-қатынас процессінің адам өмірінде жан-жақты әрі орасан зор роль атқаратындығын дәлелдей түседі.
Арнайы әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде (19,8) қарым-қатынас коммуникативтік әрекет ретінде қарастырылады. Коммуникативтік әркекет адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделі көп салалы жүйесін құрайды. Г.М.Андрееваның ойынша (13) коммуникативті әрекеттің негізгі процесстері: коммуникативті – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен өзара ақпарат алмасуы; интерактивті қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік). Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы; перцептивті – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінушілік), соның негізінде өзара түсініктің пайда болуы, қалыптасуы. Сонымен қатар жеке адам – аралық қарым-қатынас императивті манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас авторитарлы, директивті (өктем) жағдайда қарым-қатынасқа түсушіге жасалатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнер -әсер етілетін объект “пассивті” объект жүйемен жүзеге асырылады. Көптеген іс-әрекетте мәселен әскери өмірде, кейбір шытырман, қиын-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас түрі байқалады.
Манипуляция — қарым-қатынас партнерлердің өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастардың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз болып табылады. Императивті және манипулятивті қарым-қатынас түрлерін біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады. А.А. Ухтомскийдің айтуынша: (20) “адам өз мақсатын жүзеге асырудағы қарым-қатынас партнерін басқа адам емес, өзінің “сыңарлары” деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі — диалогты қарым-қатынас болып табылады.
Диалог – тең құқылы субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: қарым-қатынасқа түсушілердің өзара бірін-бірі танып – түсінуі, партнерлер арасында өзін түсіну өзіндік даму. Диалогта қарым-қатынас жасау қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы
Қарым-қатынаста адамдар идеялар, қызығушылықтар, көңіл-күймен, сезімдермен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әр түрлі мәлімет, ақпарат ретінде қарастыруға болады. Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық қондырғылар арасындағы ақпарат алмасуынан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелгі — кері байланыс процесі. Коммуникативті баръер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі (вербалды – сөз жүзіндегі, вербалды емес- сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Қарым-қатынастың вербалды деңгейінде пайдаланатын негізгі құрал —тіл. Адамдар арасындағы ақпарат алмасу процесі бір жақты болмайды, ал керісінше екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші – коммуникатор, оны қабылдаушы реципиент деп аталады. Сондықтан да негізгі мәліметті беруден екінші бір адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнеге келу маңызды. Бұл міндетті орындауда ерекше механизм — “кері байланыс” іске қосылады, ол реципенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдап, бағалануына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Кері байланыстың берілуі әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Олар тура және жанама кері байланыстар: Тура кері байланыста реципиенттің пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: “сенің пікірің маған ұнамайды”, “не айтып тұрғаның маған түсініксіз” т.б. және де әр түрлі қимыл-қозғалыс (жест, мимика, пантомимика), ренжу, қуану, жақтыртпау т.с.с. кері реакциялардан байқалады.
Жанама кері байланыс – психологиялық мәліметті берудің асыратын түрі десек те болады. Бұл жағдайда әр түрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялардың болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнерінің не айтқысы келетінін оның нені көздеп отырғанын түсіну керек. Әрине бұлай түсінуі әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан бұл жағдайда түсінісу қиынырақ болады. Қарым-қатынас процесінде мәлімет алмасудың екінші бір деңгейі – вербалды емес түрі. Вербалды емес деңгейіне оптикалық кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады. Оптикалық – кинестезиялық жүйеге адамның сыртқы түр пішіні, әсерлі қимыл – қозғалыстары және ым-ишара т.б. жатады. Бұл жүйенің маңызды түріне көздік контакт жатады. Адамдардың сезімдері негізінен осылар арқылы беріледі. Партнердің сөзіне сенбегенде осындай жақтарға көңіл аударамыз. Акустикалық жүйеге сонымен қатар коммуникатордың дауысының сапасын (тембрі, жоғарылығы, қаттылығы – жұмсақтығы) интонациясын, сөйлеу темпін, дауыс екпінін және де әртүрлі сөз арасындағы үзілістер (паузамен), жөтелдерін, күлкілер т.б. жатқызамыз.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы
Қарым-қатынастың интерактивті жағы –адам аралық қарым-қатынастардың адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметтермен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу ортақ іс-әрекетті жоспарлар, бірілескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыруда өте маңызды. Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанда жеке адам аралық қатынастың түрлерін талдаумен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесуге интермелейтін мотивтерін (себептерін) қалыптастыру қажет. Жеке адам аралық әрекеттесу стратегиясы төменгідей болады. Әр түрлі зерттеулер барысында адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуінде бірнеше маңызды әлеуметтік мотивтер айқындалған (20). Олар:
· ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (коопорция);
· өзінің жетістігін барынша жоғарылату мотиві (индивидуализм);
· салыстырмалы жетістікті барынша жоғарлату мотиві (конкуренция);
· басқаның жетістігін барынша жоғарылату мотиві (альтруизм);
· басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);
Қарым-қатынастар перцептивтік жағы
Бұған дейін айтылып өткендей, адамдар арасындағы өзара әрекеттестік, өзара қатынас, өзара түсінушіліксіз алысқа бармайды. Сонымен қатар қарым-қатынас барысында партнерлердің бірін-бірі қабылдауы өте қажет. Осы айтылған адамның екінші бір адамды қабылдауы қарым-қатынастың міндетті, әрі құрылымдық бөлімі, сонымен қатар қарым-қатынастың перцептивтік жағы болып саналады. Бұндағы адамның екінші бір адамды қабылдауы дегендегі “қабылдау” ұғымы жалпы психологиялық ұғым ретінде емес, ал адамдардың бірін-бірі танып-білуі деген мағынада көбірек қолданылады. Әрбір адам қарым-қатынасқа тұлға ретінде түседі және басқа адаммен де, ол жеке тұлға ретінде танылады. Л.С. Рубинштейннің айтуынша: (16) сыртқы жүріс-тұрыстың негізінде адамның сыртқы белгілерін анықтаймыз, әрі онымен таныс боламыз. Адам басқаны танып білу барысында өзінің де өзгенің де жүріс-тұрыс стратегиясын құрайды. Бұндай процеске ең кемінде екі адам қатысады. Олардың екеуі де белсенді субъекті болуы тиіс.
Адамның басқа біреуді танып-білуінде өзіндік сананың да ролі аз емес. Яғни бір адамның өзі туралы ой-пікірі неғұрлым бай болса, оның басқа адамға деген ой-пікірі, көзқарастары да соғұрлым баий түседі, ал екіншіден: екінші адамды неғұрлым терең, жан-жақты етіп ашып көре алса, онда оның өзіне деген көзқарасы да соғұрлым мағыналы әрі терең, жан-жақты болмақ. Демек осыдан мынандай ой тұжырымдауға болады. Адам өзін-өзі басқа адам арқылы тани біледі.Адамның екінші бір адамды қабылдау механизмнің екі жағы бар: 1) идентификация; 2) рефлекия.
Индентификация – саналы немесе санасыз түрде басқа адамның орнына өзін өзін қойып екінші біреуді түсіну жолы. Жалпы “индектификация” терминінің өзі “ұқсату” деген мағынаны білдіреді; ғылыми тұрғыдан индентификация және оған мазмұндылығы жағнан ұқсас келетін эмпатия көрністерінің ұқсастығы анықталған. Эмпатия да адамды түсінудің бір жолы болып табылады. Эмпатия негізінде адам басқа адамды эмоциялық жағынан ғана демеу, көмектесуге, түсінуге құштарланып талпынады.
Рефлексия — басқа адамды түсінудің тағы бір механизмі. Рефлексия барысында қарым-қатынасқа түсуші екі жақта бір-бірін бағалап, баға береді, әрі бір-бірінің бойындағы мінез-құлықтарына өзгеріс еңгізеді. Сонымен қатар бір-біріне баға бере отырып, адам екінші адамның жүріс-тұрыс, мінез-құлының себептері мен интерпретациясының жүйесін құруға ұмтылады. Сонымен біз қарым-қатынастың түрлерін, оның себептерін қарастырып өттік. Ендігі біздің беталысымыз, қарым-қатынастың адам өміріндегі алатын орны болмақ.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі алатын орны
Психология ғылымындағы негізгі терең де, мәнді, мазмұнды әрі мағыналы ұғымдардың бірі — қарым-қатынастық. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамыр-жетілуін талдап, білу мүмкін емес. Қарым-қатынас ұғымы адамдардың бір-бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс-әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Дәл осы қарым-қатынас кезінде адамдар бірінен-бірі өзара керекті мәлімет, ақпараттар ала алады, бірін-бірі дұрыс қабылдап, түсініп,бірігіп қызмет атқару үшін бәріне бірдей жоспар құрады. Өзіміз күнделікті қолданып жүрген қарым-қатынасты бірнеше түрге бөлуімізге болады. Олар: тура, жанама, біреу арқылы (тура емес). Олардың алғашқысы тура қарым-қатынас соның көмегімен адамзат тарихының мәдениетінің т.б. өркендеуі негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болған. Тікелей емес қарым-қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық байланыс құралдарының көмегімен жүзеге асатын толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжрибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа да әр түрлі техникалық құрал-жабдықтардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін тездетіп, әрі күрделендіре түсті.
Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынасты ары қарай жеке адамдар аралық және көпшіліктік деп екіге бөлеміз. Жеке адам аралық қарым-қатынаста топтарда адамдардың жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп, іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын болса, көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрде таныс емес адамдардың және көпшілік мәлімет ақпарат құралдары арқылы жасалатын бір жақты қарым-қатынас. Осындай қарым-қатынас түріне өнердегі және эстетикалық қарым-қатынасты енгіземіз.
Қарым-қатынас барысында адамдар өзін көрсетеді. өзі үшін және басқа лар үшін жеке дара қасиеттерін аша түседі. Сонымен қатар кейбір қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады, өзгеріске ұшырайды.
“Адам тек басқалар арасында ғана адам бола алады”- деп И.Бехер (15) айтқан сөздің мағынасы өте тереңге тамыр жаяды. Адамдармен қарым-қатынас адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қоғамдағы қалыптасқан құндылықтарды өз бойына сіңіруі, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі; адамның дара тұлға ретінде қалыптасуы іске асырылды. Яғни қарым-қатынас әрбір адамның адам болып қалыптасуының, жан-жақты, әрі психологиялық дамуының маңызды факторы. Қарым-қатынасты адам өміріндегі үзіліссіз жүретін процесс деп айтар болсақ, қателеспеспіз. Осыған байланысты Л.С. Выготский былай деген: “Адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды” (11) . Яғни, бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынасқа түсуін ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы жүзеге асатын,диалог типіндегі адамның ойлауының әдісі ретінде қалыптастыруға болады.
Қарым-қатынас адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып, өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлықы, іс-әрекеті және баланың қоршаған ортасымен өзіне деген қатынасы, көзқарасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элкокиннің айтуынша: “Бала әрқашанда екі адам — оның өзі және ересек адам” (22). Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара құндылыққа баю мен өзгерудің күрделі процесі. Адамдармен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп,өз-өзіне деген сенімге ие болды. Адам өзін-өзі бағалау үшін әрқашан басқалардың мақұлдауы мен қолдауын қажет етеді. Балалардың қоршаған ортада қарым-қатынасқа түсуі олардың жан-жақты дамып, қалыптасу процесінде орасан зор роль атқарады. Отбасы, балабақша, құрбы-құрдастарының баланың тұлға болып қалыптасуына белсенді әсерін тигізеді. Жоғарыда аталып өткен әлеуметтік топтарда топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас негізінде топтың моральдық-психологиялық атмосферасы құрылады. Топтағы психологиялық климат баланың жеке тұлға болып қалыптасуында шешуші роль атқарады. Сонымен қатар әлеуметтік топта жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға да тигізетін әсері аз емес.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың дамуындағы қарым-қатынастың атқаратын ролі
Мінекей жоғарыда біз психологиядағы қарым-қатынас, қарым-қатынастың адамдар өміріндегі алатын орны туралы біраз қарастырдық. Ендігі кезекте мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орны болмақ. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық процестерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болып табылады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамассыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынастың мәнділігі әркімге – психологтарға педагогтарға ата-аналарға аян және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынастарында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудару қажет. А.Н.Леонтев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады (14).
Қарым-қатынас мақсат бағдарлы, индивидтердің бірін-бірі қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауы және ақпарат алмасу үрдісі деп қарастырылады. Кеңестік ғалымдардың қарым-қатынас механизмдері мен оның өзгеріп, жетілу жағдайлары философтар мен социологтардың әлеуметтік психология, жас ерекшелік бала психологиясы, педагогикалық психология саласындағы мамандардың зерттеу пәніне айналды.
Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды қажетсіну, қарым-қатынасты құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Қарым-қатынас оның бірлігі деп танылады. Әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада “коммуникативтік біліктілік” әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері жалпы нәтиже алуды қамтамасыз етуге бағытталған әсерлер жүйесі, әдіс пен адамдар жиынтығы ретінде анықталады. Ал А.А. Бодалев қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі (6). Әдебиеттерге талдау жасай отырып, қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрлым деген тұжырымға келдік. Ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузалды, атрибуция, ореол эффектісін жатқызады.
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайда болды. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина (18) бұл ерекше құрылымдарды “қарым-қатынас онтогенезінің сатылары”, “қарым-қатынас формалары” деп атаған.
М.И. Бобнева (8) қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығына қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда “қарым-қатынас стилі” (20) деген ұғым да анықталынады, “қарым-қатынас стилі” деп адамдардың байланыс жасау тактикасын, не болмаса позициясын айтады. В.С.Мухина (7) қарым-қатынас стилін “әлеуметтік” психологиялық әсер етудің дара – типологиялық ерекшелігі деп түсіндіреді. Қазіргі кезде Г.Андерсон, А.А.Бодалев, Р.Буре, И.М. Юсупова (8) т.б. ғалымдар қарым-қатынас стилінің классификациясын ғылыми қорда кеңейтіп берген.Сонымен қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері тәсілдері, құралдары, формалары, стилдері… мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселелер үшін аса мәнді деп санаймыз.
Ғылымда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады. Б.Ф.Ломов үш – макродеңгей, мезадеңгей және микродеңгейді сипаттайды.
Осы көзқарасты танымдық іс-әрекет дамуды С.М. Жақыпов әрі қаай дамытқан. Қарым-қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау В.С.Агеевтің теориялық және эмпирикалық зерттеулерінде жүргізілген. Қарым-қатынас мәселесі жан-жақты қарасытылғанмен, оның этикалық жақтарын зерттеу теория мен тәжірибеде әлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Ал қазақ балаларыының қарым-қатынас саласын ұлттық құндылықтар негізінде жетілдіру, әлеуметтік-ортаға, статусқа байланысты зерттеулер әлі күнге дейін жоқтың қасы.
Біз үшін айрықша маңызды жайт: қарым-қатынастың себептілігін (детерминттілігін), яғни адам психикасын, оның дамуын психикалық тұрғыдан дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық коррекциялау және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болып табылатындығы.
5-6 жастағы баллардың қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды: 1) балалардың ата-анасымен, тәрбиеші-педаготарымен және басқа ересектермен қарым-қатынас жасауы, 2) балалардың басқа балалармен өз қатарластарымен, өзінен кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы.
Ғалымдар мектеп жасына дейіңгі кезең балаларының қарым-қатынасында төрт форманың бір-бірінің орнын басып отыратындығын анықтаған. 0-0,6 кезеңінде балалардың қарым-қатынасы жағдайлық – жеке бастық (ситуативно-личностная). 0,6-2,5 – жағдайлық –іскерлік (ситуативно-деловая)-2,5-5,0 – жағдайдан тыс, танымдық (внеситуативно-познавательная) және 5,0-7,0 жағдайдан тыс, жеке бастық ( внеситуативно-личностная) қарым-қатынас тағайындалған. Бұл формалар балалардың ересек адамдармен қарым-қатынасын сипаттайды. Ал, балалардың басқа балалармен бірлескен коммуникативтік іс-әрекетінде эмоциялық-тәжірибелік (эмоционально-практическая), жағдайлық-іскерлік және жағдайдан тыс іскерлік қарым-қатынас формалары болатындығы ғылымда белгілі.
Зерттеу концепциялары бойынша мектеп жасына дейінгі балалар қарым-қатынасының ерекше формалары болатын көрінеді. Басқаша айтқанда, балалардың ересек адаммен қарым-қатынасы коммуникативтік іс-әрекеттің әртүрлі төрт сатыларының кездесіп келуі деп қарастыруға болады. Тақырып 5-6 жастағы балалар болғандықтан, оларға сәйкес келетін қарым-қатынас төртінші формасы. Бұл форманы жағдайдан тыс жеке бастық (внеситуативно-личностная) деп атаған. Бұл форма бойынша 5-6 жастағы балалардың коммуникативті іс-әрекетінде қарым-қатынастың жеке бас мотиві жетекші болады. Ересек адамды балалар тұтастай, барлық қасиеттерімен, білімі, біліктілігі, әлеуметтік ролімен, статусымен және адамгершілік-моральдық жағынан “үлкен” дос деп қабылдайды. 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынастағы зейіні затқа емес, әлеуметтік ортасына, яғни басқа “адамдар әлеміне” аса шоғырланатындығы эмпирикалық жолмен анықталған.
Міне, сондықтан дәл осы кезеңде балалардың қарым-қатынасын жетілдіру өте тиімді болады деп санаймыз. Себебі балалар ересек адамдармен қарым-қатынас құруға психологиялық тұрғыдан даяр болса, онда психологиялық әсер ету, яғни дамыту, коррекциялау мүмкіндіктері де зор болмақ. Бұл кезде балалар ересек адамның мейірімді қатысымен ғана қанағаттанбай, олардың өзара түсінісуі мен эмпатияға ұмтылады.
Егер қарым-қатынасты коммуникативтік іс-әрекет деп қарасақ онда тіл осы іс-әрекетті жүзеге асыратын құрал болады. Сондықтан балалар тілінің даму ерекшеліктерін анықтау да біздің жұмысымыз. Кезінде ғалымдар балалардың мінез-құлық, жүріс-тұрысын реттейтін әсерін көрсеткенді. Психологиялық әдебиеттерден мектеп жасына дейін тілдің дамуы үш сатыдан өтетіні белгілі. Біздің зерттеу жағдайымызда 5-6 жастағы балалардың тілі вербальды қарым-қатынастың даму сатысына сәйкес келеді. Балалардың сөйлеу белсенділігі тек ересек адамдардың қарым-қатынасымен анықталатындығын айта кеткен жөн. Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесі басты орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик, Я.А.Колминский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев (4,14,12) т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады. 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар балалардың әлеуметтік ортасы басқа балалардың қатарластарын қамтитын, тек ересектермен қарым-қатынас жасау, олардың әлеуметтік дүниесін тұйықтататынын көрсеткен.
А.А.Рояк (22) зерттеулерінде 5-6 жастағы балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруда белсенділік көрсетпейтіндігін сипаттайды. Бұл жағдайды, зерттеуші, балалардың біріншіден, ойын ойнау дағдыларының, біліктіліктерінің жетілуі, екіншіден, коммуникативтік мотивтердің болмауынан деп түсіндіреді. Біз балалардың қарым-қатынасын жетілдіру, коррекциялау жұмысында осы мәліметтерді басшылыққа алу қажет. Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістеттелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербалды тестік әдістерге сандық, сапалық жағынан бағалауға, эксперттік бағалауға негізделген. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған параллель болу керек деп санаймыз. Мәселеге қатысты психологиялық, педагогикалық зерттеулерді түпкілікті талдау балалардың ойын әрекеттерін олардың қарым-қатынас сипатын анықтауға аса тиімді екеніне көз жеткіздік. 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас жасауын анықтауда ұлттық ойындар – әмбебап әдіс деген болжам жасалынды. Баланың басқа балалармен қарым-қатынас құру арқылы өз-өзін тануы, бағалау мүмкіндіктері болады. Ал, мектеп жасына дейінгі кезеңдегі “бала-бала” жүйесі В.С.Мухина (10) еңбектерінде сипатталады. Баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтыны тағайындалған. 5-6 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін А.И.Фукиннің (15) зерттеулеріне сүйене отырып, 3 топқа бөліп қарастырамыз:1-ші топқа қарым-қатынаста белсенді балалар жатады. Олар басқа балалармен байланыс жасағанда жағымды эмоциялы реакция, жұптасуға қызығушылық танытып, аса назар аудару, сезімталдық, көрсетуі, жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты мінез-құлық, жүріс-тұрысын көрсетеді. 2-шы топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады. 3-ші топ қарым-қатынаста аумалы болатын балалармен сипатталады. Оларға 1-ші де және 2-ші де топ балаларының тенденциялары тән болады. Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында әрбір баланың ересектермен байланыс жасаудағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді. Олай болса ұлттық салт-сана, жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік құндылықтары қарым-қатынаста ескерілуі қажет. Алайда, қарым-қатынас әсіресе мектеп жасына дейінгі кезеңдегі коммуникативтік іс-әрекеттік мәселелеріне қатысты зерттеулерде балалардың әлеуметтік ортасындағы этно-мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылуда. Сондықтан біздің болашақтағы жұмысымыз қазақ балаларының қарым-қатынас сферасын зерттеп, дамытуды (тренинг әдісімен) басты мақсат етіп отыр. Тренингтің қандай модификациясы ұймдастырылса да топтық жұмыстың бір қатар нақты принциптерін сақтау, топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір мүшесінің дамып, кез-келген іс-әрекетін игеруіне өзіндік белсенділік таныту, топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына арқа сүйеу еркіндік пен субъективті эмоционалдыққа жағдай жасау талаптары басты шарт болды.
Сонымен қатар тренингтердің барысында жеке адам, топ дамуының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарға негізделген үш сатысы: 1)бастапқы – “жұмсару”, 2) жұмыс –“өзгеріс”, 3) ақырғы – “бекіту” болады.
Қазіргі кезде қарым-қатынас ата-ана мінез-құлқы, жанұялық, қорғану, қауіпсіздік, т.б. арнайы контингенттерге арналған тренингтерді тиімді ұйымдастыру принциптері мен әдіс-тәсілдері белгілі. Баса айтатын бір жай, ол тренингтік әдістер алғашқы кездері тек ересектерге арналса, бүгіндері мектеп жасына дейінгі балалардан бастап зейнеткерлерге дейін қолдану мүмкіндіктері бар.Зерттеушілердің қайсының болмасын еңбектеріне талдау жасасақ, тренингтің тиімді өтуі оқытудың интенсивтілігіне, топ мүшелеріне жаңа ойларды шығару, белсенділік таныту, жұмыла әркет қылу, түсіне білу, қабылдай алу, жеке басты кемсітпеу ашыла білу талаптарын сақтаумен байланысты көрінеді. Осыған орай әдебиеттерде тренингтік нормасы бар.
Осы жерде біздің тақырыпқа орай өзіндік ерекшелік болатындығы ескеру керек. Бұл конфиденциялық нормасына қатысты. Біздің объектіміз 5-6 жастағы балалар болғандықтан, бұл норманы қатаң ұстау мүмкін емес. Тіпті, керісінше, топ ішінде қолданған психологиялық тәсілдерді, ойындарды, техникаларды басқа жерде, балалармен еркін ойнағанда қолдану, қайталау өзіндік дамуға жағдай жасайды деп есептейміз. Сондықтан 5-6 жастағы балалар тренингі үшін конфиденциялдықты басқаша айтуымыз керек. К. Рудем (7) пікірі бойынша топтың гоменді болғанынан гетерогенді болуы аса тиімді болады. Алайда біздің жағдай тренингтік топтың жас ерекшелік бойынша гомегенді болуын ұстанады. Бірақ ересек адамдарды “манекен” ролінде қолдану тренинг әсерін күшейте түсетіндігі әбден мүмкін. Басты тренингтік әдістерге топтық пікірталас пен рөлдік ойындар емес өзара әрекеттесу – психологиялық жаттығулар медитативтік жаттығулар жататындығы белгілі. 5-6 жастағы балалардан тренингтік топ ұйымдастырғанда басты психологиялық әсері бар әдіс – ойын екені даусыз. Сондықтан тренингтік әдістемелерде ойынның әр түрі – ситуациялық, рөлдік, дидактикалық, шығармашылық, имитациялық ойындар базалық әдістер болады. Сонымен қатар тренингте ойындар диагностикалық, психокоррекциялық дамытушы, яғни полифункционалды құрал ретінде қолданылады.
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 3160;