Этникалық конфликтілерді реттеу

Топаралық қатынастар конфликтілердің үздіксіз байланыстары мен бірлескен жұмыстан құрастырылады, бірақ қандай да болмасын қоғам үшін басты мәселелер болып көптеген конфликтілер жатады. Біз – «топаралық конфликт» дегенде ойымызға бірден, революция, діни ұстамсыздық, этноаралық қақтығыстар, жыныстар арасындағы бәсеке, қиын еңбек ұрсыстары келеді. Орыс-американдық әлеуметтанушы П. Сорокин 24 сағат ішінде адамзат тарихында 4 достық сағатқа 1 конфликтілі сағат келетінін санады. Топаралық конфликілер (кең мағынада әлеуметтік) арасынан келесілерді бөліп шығарамыз:

§ Саяси конфликтілер, бұнда күрделі билік, басымдық, әсер ету, авторитет;

§ Әлеуметтік-экономикалық (тар мағынадағы әлеуметтік) – «еңбек пен капитал» арасында, мысалы кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында;

§ Этникалық – этникалық қоғамдастықтардың мүдделері мен құқықтары туралы.

Сонымен, этникалық қоғамдастықтар арасындағы конфликтілер ең маңыздыларың бірі болып табылады. Бірақ та, В.А. Тишков айтқандай, этникалық конфликтілер «таза» түрінде болмайды. Тіпті конфликтолог-мамандар көп жағдайда бір көзқарасқа келе алмайды, себебі олар дәл қандай конфликтімен кездесетіндігімен толық түсінбейді. Тишков пікірінше, бұрынғы КСРО территориясындағы барлық ашық конфликтілерді этникалық категорияға кіргізуге болады.

Әлеуметтанушылар, саясаттанушылар мен этнологтар конфликтіні басқа феномендерден бөліп шығуға ұмтылып, оны көп жағдайда сәйкес келмеген әрекеттердің соқтығысқан топ арасындағы реалды күрес ретінде ғана қарастырады. Конфликтіні бұлайша түсінсек, ол қарама-қарсылықтардың шыңына келудің шеткі нүктесі болып табылады.

Бірақ конфликт динамикасын есепке алатын психолог көзімен топ аралық қарама қарсылықтардың өзі конфликтінің бір кезеңі ғана болап табылады – оны көбінесе объективті конфликтілі жағдай деп атайды. Нақты айтқанда, Жерде барлық орындарда этникалық қоғамдастықтар расында қарама-қарсылықтар кездеседі – кең мағынада этноаралық тұрақсыздық. Өкінішке орай, онсыз бірде-бір полиэтникалық қоғам өмір сүрмейді.

Бар әлеуметтік қарама-қарсылықтар конфликтілі әрекеттер себебінің ішінде шешуші роль ойнаса да, онымен тікелей байланысты емес: конфликтілі әрекеттер қарама-қарсы жақтар өз мүдделерінің сәйкес келмегендігін түсінгенде пайда болады. Басқаша айтқанда, конфликтіні санаан өткізу және эмоциялардың пісіп-жетілу кезеңі өте маңызды. Көбінесе конфликтілер өзара әрекеттесу басталмас бұрын көп жылдар өтеді.

Егер де объективті конфликтілі жағдай санадан өткізілсе, тіпті күрделі жағдайлар конфликтінің неғұрлым шеткі кезеңі ретіндегі конфликт өзара әрекеттесуге әкеп соғуы мүмкін.

Конфликтілі өзара әрекеттесу кезінде этникалық конфликтілердің өсу немесе эскалация тенденциясы байқалады, яғни жақтар «жеңілден» «ауыр» тактикаға көшеді: зорлықсыз сипаттағы көпшілік әрекеттерден (митинг, манифестер, «азаматтық тәртіпсіздік» акциялары) қанды соғыстарға дейінгі қақтығыстарға әкеп соғады (мысалы, қырғыздар мен өзбектер арасындағы), тіпті этносаяси соғыстарға әкеледі (армяндық-азербайджандық, грузинік-абхаздық).

Әлеуметтанушы және саясаттанушы көзімен, этникалық конфликтінің бұндай анықтамасы нақты емес болып табылады. Бірақ әлеуметтік бәсекені қосқан кезде оны түсіндіру неғұрлым кешенді болып табылады, себебі тікелей қақтығыстарға әкелуі мүмкін когнитивті және мотивациялық процестерге талдау жасалынады.

Этноаралық қатынастар психологиясында үш негізгі мәселелер зерттеледі: конфликтілер қалай пайда болады, өтеді және оларды қалай реттеуге болады. Оларды әр түрлі ғылымдар зерттейтіндіктен, оның себептерін іздеумен әлеуметтанушылар да, саясаттанушылар да, психологтар да айналысады. Әлеуметтік тұрғыдан конфликтінің пайда болу себептерін түсіндіргенде қоғам мен тұрғындарың этникалық жататындығымен әлеуметтік стратегияның өзара байланысына талдау жасалынады. Саяси тұрғыдан – ең тараған трактовка интеллектуалды және саяси элиталардың этникалық сезімдерінің, этноаралық тұрақсыздық пен оның ашық конфликт деңгейіне дейінгі эскалациясында. Психологияды этникалық конфликтілердің себептері жалпы теория шегінде қарастырылады. Барлық психологиялық концепциялар топаралық конфликтілердің әлеуметтік себептерін әлеуметтік бәсеке себебіне және әрекеттер мен/немесе түсініктерде көрініс табатын дұшпандық сезімінде табады. Ағылшын тілінде соған байланысты себептердің екі түріне байланысты түрлі сөздер бар: «reason» (конфликтілі әрекеттердің не үшін болатынына байланысты) және «cause» (қастандыққа және топаралық бәсекеге әкелетін құбылыс). Топаралық конфликтілердің барлығында reasons бар және де бұл, психологтардың ойынша, белгілі бір ресурс үшін қызығушылықтар конфликтісі болып табылады, сондықтан бұны басқа ғылымдар өкілдері зерттейді.

Британдық психологтар кейбір топаралық конфликтілер объективті себептерден (топтар реалды жақсылықтар үшін күреседі) туындайды дейді.

Конфликтілер себебін іздеуден басқа топаралық қатынастар психологиясы тағы бір сұраққа жауап іздейді: конфликтілер қалайша өтеді, өту жолында конфликтілі жақтар қалай өгереді? З. Фрейд пікірінше, адами агрессиялар бағытын соғыс түріне келмейтіндей етіп өзгеруі қажет. Бұнда адам арасында иденттілік арқылы эмоционалды байлансытарды орнату жатады, оны Фрейд сезім ортақтастықтарына жету деп қарастырған.

Австралиялық зерттеуші К.Лоренц агрессияға қарсы тұрушы ең қатты күштерге келесіні жатқызады:

§ Түрлі үлттардың жеке танысуы;

§ Адамдардың бір идеалға сенуі.

Т. Адорно бойынша, авторитарлы типті тұлға отбасының әлеуметтену үрдісінде қалыптасқандықтан, қоғам ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас типіне әсер етуі мүмкін. Зерттеушілердің назарын ұзақ, базалық сипаттағы когнитивті сфера қызықтырады.

Этникалық конфликтілердің өтуіне әсер ететін когнитивті процестерді қарастыру әлеуметтік категориязациядан басталуы керек. Конфликт барысында әлеуметтік категорияның екі маңызды салдарының мәні өседі:

1. Бір топ мүшелеріне неғұрлым ұқсас деп қарастырылады, іс жүзінде бұл олай емес. Топ ішілік ұқсастыққа екпін жасау өзінің аннонимдік сезімінде көрініс табатын деиндивидуалиацияға әкеп соғады.

2. Екі топ мүшелері бір-біріне неғұрлым ұқсас емес деп қаратырылса, бірақ бұл олай емес. Көп жағдайда этникалы қоғамдастықтар арасында мәдени жіне тілдік шекаралар анықталмаған және оларды аңғару өте қиын. Бірнеше конфликтілі жағдайда олар нақты және анықтаушы болып табылады.

Сонымен, этникалық конфликтілер барысында топаралық дифференциация өзінің жәе басқа топтарды қарама-қарсы қою формасында өтеді. Басқа топ олқылықтарын теріс көрудегі бірлестік қоғамдастық үшін пайдалы қызмет атқарады, сонымен қатар конфликтіні жеңу үшін қажетті шарт болып табылады.

Тағы да этникалық конфликтіне әсер етуші бір когнитивті момент, нақты айтқанда, әлеуметтік ақпаратты қабылдаудағы акцент – иллюзорлық корреляция. Илюзорлық корреляция феномені әлеуметтік стереотиптердің қалыптасу механизмдері мен тұрақтылық себептерін түсіндіреді. Осылайша, этникалық стереотиптер топтық мүшелік пен жағымсыз топтар арасында қасиеттер мен әрекет-қылықтар арқылы корреляция ретінде интерпретациялануы мүмкін.

Этникалық конфликтілер барысындағы кінәлілерді іздеу әлеуметтік каузальды атрибуция механизмінің көмегімен іске асырылады. Әлемдіік тарихыында біз агрессиялық мінез-құлықтың көптеген мысалдарымен кедесеміз. Мысалы үшін, Англиядағы шотландықтарды кесіп өлтіруді олардың құдвқтарды улауымен түсіндірілді. Яғни, көпшілік топтың атрибуциясы көмегімен басқа топтарға қарсы істелінетін әрекеттер ақталынады. Бірақ та бұл тек себептерді ғана іздеу емес, бұл енді жауапкер адамдарды іздеу, «Белгілі бір жағдай неліктен болып қалды?» деген сұраққа жауап емес, «Кім кінәлі?» деген сұраққа жауап берудің тәсілі.

«Біз әлеуметтік жағымсыз немесе қауапті жағдайға кездескенде бұл біреудің әрекеттерінің нәтижесі ретінде қабылдау тенденциясы және олардың ішінде бір кінәлә адамды табу болып табылады. Барлық бұндай жағдайларда біз каузальды атрибуцияның ерекше формасымен – күрделі жағдарлар үшін қарапайым түсіндіруді қамтамасыз ететін қастандық атрибуциясымен кездесеміз. Қастанық атрибуциясы негізінде сан алуандығымен ерекшеленетін қастандық концециялары құрылады. Олар демекші примитивті, яғни қарапайым, сонымен қатар өркениетті қоғамдарда кезедеседі, «ғылымиобразықтың» деңгейімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің барлық сфераларына қатысуы мүмкін.

Алайда азшылық топтары алдында қорқыныш недіктен пайда болады, неліктен оларға барлық қайғы-қасірет үшін жауапкершілік артады? Бұл сұраққа француздық әлеуметтік психолог С. Московичи жауап беруге тырысты. Оның пікірінше, бұл қандай да болмасын азшылық өзі де білмей әрбір адамға арналған ережелерді бұзатындықтан болады деген. Өзінің өмір стилімен, көзқарастырмен, әрекеттерімен ол адамдар үшін қасиетті нәрселерге қарсы шығады.

Осылайша, көпшілік көзінде өзінің әлсіздігіне қарамастан азшылық топтар мүшелері «ойына не келсе, соны істейді». Қорытындылағанда, когнитивті процестер топтар арасындағы зорланушылықты раттырып, конфликтілер эскалациясына жол береді.

Әлемнің көптеген елдерінде этникалық конфликтілерді шешуге бағытталған қызмет көрсетулер бар. Мысалы, 50-жылдардан бастап АҚШ-та этникалық конфликтілерге талдау жасау қоғамдық қатыастар Қызметі көлемінде ұйымдастырылған. Әлеуметтік психологтардың жұмысына түрлі интенсивтілік және масшабтық деңгейіндегі конфликтілерді реттеудегі қолданылатын белгілі бір стратегиялардың тиімділігін анықтау мақсатымен тәртіпаралық кофликтологиялық қызметтер жатқызылуы керек. Әдетте макродеңгейдегі этникалық конфликтілерді шешудің үш негізгі стратегиясы бар:

1. Құқықтық механизмдерді келтіру;

2. Сөйлесулер;

3. Ақпараттық жол.

Бірінші стратегияға келсек, максимум-бағдарлама болып – реалдылықта жетуге қиынға соғатын – полиэтникалық мемлекеттердегі бүкіл заңды өзгерту болуы керек. Психологиялық көзқарас тұрғысынантоп арасындағы әлеуметтік баръерлерді бұзу өте маңызды болып табылады, бұл әдетте заңдардың, қоғамдық институттардың т.б. өзгерісіне әкеп соғады.

Конфликтологиялық қызметтегі психологтар қатысуының негізгі формасы – конфликт субъектілерімен сөйлесу кезіндегі делдалдықты ұйымдастыру. Конфликтілерді шешудің ақпараттық жолы туралы айтқанда, жағдайды өзгертетін шарттарды мойындау арқылы топтар арасындағы өзара ақпарат алмасу ойға келеді. Психологтар қатты конфликтілер кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ақпаратты беру тәсілдерін таңдауда қатысуы керек.

Психологиялық моменттерді есепке алғанда, біріншіден, бұқаралық ақпарат құралында этноаралық конфликтілерді талқыламау керек деген тәсілден бас тарту қажет. Екіншіден, журналистер арасындағы конфликтілер әбден сенсациялы репортаж деңгейіне жеткенде ғана-ақ назарларын аударатыны қате көзқарас екендігін мойындау қажет.конфликтіні хабарлау кезіндегі тәсіл сенсациялылыққа емес, ақпараттық мазмұнға бағдарлануы керек.

Бірақ журналистерді ақпаратты беру формаларына байланысты кеңес берулерден басқа психологтар конфликтіге түскен топтардың мүшелерінің психологиялық компетенттілігін көтеруге байланысты проектілерде қатысады. Әлеуметтік-психологиялық ақпарат этноаралық қатынастарға әсер ететін процестер, конфликтінің психологиялық тұрғадын пайымдалуы туралы түсінік қалыптастырады.

Мәдениеттер арасындағы және олардың өкілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы информация олардың арасындағы қатынастардың жақсаруына жол береді. Этникалық конфликтілерді психологиялық әдістермен тлықтай шешу деген – утопия.

Тэшфел мектебінің психологтары конфликтілерді шешудің негізгі стратегиясын топтар арасындағы айырмашылықтарды жоюда дейді. Бірақ та өзімізге бұл мақсаттың, біріншіден мүмкіндіктері, екіншіден, талаптануы жайлы сұрақ қойсақ. Екі жағдайда да теріс жауапқа кезігетініміз мәлім. Этноаралық және мәдениетаралық гомогендік мүмкін емес.

Конфликтілерді реттеудің бірде-бір жолы идеалды болып табылмайды, себебі бірде-бір психологиялық механизм әлеуметтік мәселелерді шеше алмайды.алайда әлеуметтік жағдайды өзгертпей-ақ психологиялық тәсілдер адамзат агрессиясының қайта бағдарлануына мүмкіндік береді

Семинар сабақтарының сұрақтары:

Тақырыптар Көрнекіліктер, ТСО, плакаттар, лабораториялық стенд Өздік оқуға арналған сұрақтар Бақылау формасы
Дәрістер Практикалық (семинар) сабақтар      
Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі теориялық әдіснамалық аспектілері Этнопсихология және оның ғылым жүйесіндегі орны Сызба, кесте, плакаттар Алатын орны, басқа ғылымдармен байланысы. Жазбаша
Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі принциптері мен категориялары Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі принциптері . Сызба, кесте, плакаттар   Қазіргі Заң пасихологиясы Жазбаша
Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде Тұлға этноспихологиялық мәселе ретінде   Сызба, кесте, плакаттар әңгімелесудің психологиялық негізі. коллоквиум
Этнопсихология дамуының тарихи кезеңдері Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде Сызба, кесте, плакаттар Құқықтық нормаларды тиімді қалыптастыруда қолданатын психологиялық шаралар. Ауызша
Этносаралық қарым-қатынас психологиясы Этнопсихологияның тарихи даму кезеңдері Сызба, кесте, плакаттар Қылмыстық тәртіптін психологиялық мүмкіншіліктері. Пікрталасі
Ресейде және қазақстандағы этнопсихологиялық идеялардың қалыптасуларымен дамуы Ресейде және Қазақстандағы этнопсихологиялық идеялардың қалыптасулары мен дамуы.   Сызба, кесте, плакаттар Әлеуметтік әрекетке қарсы мотивтер. Жазбаша
Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі Этносаралық қарым-қатынас психологиясы Сызба, кесте, плакаттар Қылмыстық топтардың ынтымақтастық механизмі. Эссе
Этникалық конфликтілер. пайда болу себептері және реттеу тәсілдері Қазіргі заманғы этнопсихологияның қолданбалы аспектілері.   Сызба, кесте, плакаттар Тергеушінің танымдық сипаты. Психофизиологиялық сапасы. Реферат







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3323;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.019 сек.