Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері және функциялары

ЭМР объектілері бұл-қиындықтар, проблемалар туындаған немесе туындауы мүмкін салалар, аймақтар, сондай-ақ, ахуалдар мен құбылыстар.

ЭМР-дің негізгі объектілері:

- экономикалық цикл;

- шаруашылықтың секторлы және аймақтық салалық құрылымы;

- капитал жинақтау шарттары және жұмыспен қамту;

- ақша айналымы;

- бағаны реттеу;

- төлем балансы;

- бәсеке шарттары;

- әлеуметтік қатынастар, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастарды қосқанда;

- кадрлар даярлау және қайта даярлау;

- қоршаған ортаны қорғау;

- сыртқы экономикалық байланыстар.

Kөріп отырғанымыздай, ЭМР объектілерінің тізбесі макроэкономикалық процестерді, шаруашылық циклы ауқымында қорлануды, жекелеген салаларды, аумақтық кешендерді, конкурс шарттарын, мемлекетаралық байланыстарды қамтиды.

ЭМР объектілері шешілетін міндетіне қарай келесілерге бөлінеді: фирмалар, салалар, аймақтар, экономика секторлары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету т.б.); тұтастай шаруашылықтар (шаруашылық циклы, ақша айналымы, баға); ауқымды (әлеуметтік қатынастар, экология); ұлттық (шет елдермен экономикалық-саяси қатынас, интеграциялық процесс).

Экономикалық реттеу (ЭР) мақсаттары әдетте, мәні, ауқымы жағынан әркелкі, бірақ өзара тығыз байланыста болады, біреуін шешпей екінші салада табысқа жету мүмкін емес.

ЭР құралы мемлекеттік билік күшіне негізделеді және мемлекет функциялары арқылы айқындалатын рұқсат ету және мәжбүрлеу шаралары шығындарын қамтиды.

Қазіргі мемлекеттің экономикалық функциялары алуантүрлі және күрделі. Мемлекет атқаратын экономикалық функциялардың негізгі топтарын былайша бөлуге болады:

- экономикалық қызметтің құқытық базасын құру және дамыту;

- нарық жүйесінің қызметін қамтамасыз ету және бәсекелестік орта құру, оны монополияға қарсы заң арқылы қорғау;

- табысты және байлықты қайта бөлісу, ресурстарды бөлуді түзету, жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылау көмегімен экономиканы тұрақтандыру;

- нарықтық тетіктің кейбір элементтерін қолдануды шектеу, қоғамдық тәртіпті, ұлттық қорғанысты, көлік жүйесін және жиынтық тұтыну саласын қолдауға және білім, медициналық қызмет көрсетудің қалыпты жағдайын қамтамасыз етуге бюджет ресурстарын бөлу;

- дүниежүзілік экономикада ұлттық бәсеке артықшылығына жету және сақтау:

- экономиканың құрылымдық жаңаруын ынталандыру;

- макроэкономикалық көрсеткіштің өзгеруін қалпына келтіру үшін экономиканың интеграцияны реттеуші жүйесін құру.

Құқықтық базаға кіретіндер:

- мемлекетпен ерекше түрде экономиканың барлық саласына, бизнесті қоса алғанда берілетін өзіндік қызметтер, құқықтық нормалар, заңдар, актілер;

-"ойын ережесі" тетіктерін жасау, яғни үкімет, бизнес, өндірушілер мен тұтынушылар, жұмыскерлер арасындағы қатынастарды реттеу нормалары т.с.с. (мемлекет осындай мақсатпен өз институттарын құрады -сот, комитеттер, қызметтер, комиссиялар т.с.с.);

- меншік иелерінің құқықтарын мерзімдеу, бұл трансакциялық шығындарды азайтады.

- мемлекет бәсекені қорғауды жүзеге асырады;

- бәсеке экономиканы дамытудың негізгі факторлары ретінде жағдай жасайды;

- монополияны нарықтық негізгі қатынасушыларына зиян келтіруші фактор ретінде шектейді;

- нарықтық ішкі және шетел қатысушыларына бәсекені белгілеуді шектейді және рұқсат беру процесінде бәсекені ынталандырады.

Мемлекет арқылы табыс пен байлықты сапалы қайта бөлісу нарық қызметінің күрт бұзылуы салдарынан жүргізіледі, ол сыртқы тиімділік деп аталады. Сыртқы тиімділік - бұл нарық қатысушыларының ұтымды не ұтымсыз факторларына ауысу және байланысты емес табыс пен шығындар.

Мемлекеттік (нарықтық емес) игіліктер тиімділігі-нарықтық экономиканың іске асыру мүмкіндігі жоқ өндірісі, дегенмен мүндай өндіріс бәріне қажет және пайдалы, оны 13.6 кестеден көруге болады.

13.6. кесте

Мемлекеттік қоғамдық игіліктер

 

- ешкіммен де шектелмейтін тұтыну мүмкіндігі бар қоғамдық игіліктердің негізгі нысандары

игіліктердің негізгі нысандары

 

- ұлттық қорғаныс - қоғамдық тәртіпті қорғау - су тасқынын реттеу - а/ш зиянкестерімен, жәндіктермен күрес - стихиялық апаттан қорғау т.с.с.

ерекшеліктері

 

- топтық және ұжымдық шешім негізінде үкімет делдалдығы арқылы тұтынылады, - ажырамас болып табылады және бұл игіліктерге төленбей, тұтынушылар пайдалана алмайды, - бұл игліктер мемлекетте елеулі пайда әкелетін жағдайда ғана, өндірісі мемлекетпен қамтамасыз етіледі, - өндіріс ресурстары көздері салық салу болып табылады, - өнімді алуға жағдайлы және керек етпейтіндері жоққа шығару қағидаларына ұшырамайды, ал төлеуге жарамды және төлеуге құқы жоқтар осы өніммен қамтамасыз етілетін пайданы салу қатарынан шығарылады.

Мемлекеттік қоғамдық игіліктердің мынадай қасиеттері бар:

- бөлінбейтін болып табылады және нарықтың кейбір қатысушыларына ғана сатылмауы мүмкін, яғни оның бәрі пайдаланады.

- "фрирайдер" деп аталатын проблема туындады (қыз-метті, оны өндіруде шығындардың шықпайтыныдық мыса-лы, сот, құқықтық тәртіп, қорғаныс қызметі жүйесі т.б.);

- квазиқоғамдық (жалған қоғамдық) қызметтер, яғни бұл игіліктер қоғам үшін жеткіліксіз және барлығына пайда келтіре алмайды (денсаулық сақтау, білім беру, спорт т.с.с. қызмет көрсету).

Экономиканы құрылымдық жақсартудың ынталандыру функциясы мыналар арқылы орындалады:

- инновациялық ресурстарға, тауарларға, инвестицияны жүзеге асырушы кәсіпорындарға ерекше салық тәртібін (режимін) енгізу;

- инновациялық бизнесті ынталандыратын заңдарды қабылдау;

- ғылымды көп кажетсінетін тауарлар өндірушілерге арналған субсидия, жеңілдіктер;

- ҒЗТКЖ-НИОКР-ды қаржыландыру. Экономиканы тұрақтандыру функциясы табыс пен шығындардың тең айналымын қолдауды қамтамасыз етуі тиіс. Егер шығындар кірістен төмен болса, онда бұл өндірістің құлдырауына, жұмыссыздықтың өсуіне, экономиканың жаңаруын баяулатуға, жабдықтың ескіруіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекет салықтарды төмендету және бюджеттің шығыс бөлігін қаржыландыру арқылы жұмсауды толықтырады. Егер шығындар кірістерден жоғары болса, онда ол инфляцияны тудырады, кірістердің қайта бөлінісі тиімсіз болады және нақты өсу тұрақсызданады. Онда мемлекет шығындарды қысқартуы тиіс.

-








Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 2267;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.