Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы

Динамикалық теңгермешілікті қолдаудағы мемлекеттің экономикалық саясатының рөлі орасан зор және оның кейбір экономикалық процестерді реттеу қабілеттілігі экономика және саясат қатынастарымен байланысты. Мемлекет қоғамдық жүйенің өзегі, ол билікті бақылайды және барлық басқа мемлекеттік емес институттарды бақылайды. Мемлекет қоғамдық өмір қағидаларын қалыптастырады және нысандарын ұйымдастырады. Мемлекет жалпы мүддені жекеден бөліп, адам мінез-құлқының жаңа нысанын тудырады.

Сондықтан мемлекеттің пайда болуы және өмір cүpyi тарихи қажеттілік қана емес, сонымен бipгe экономикалық дамудың қоғамдық прогресивті және маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттің пайда болуымен бipгe оның экономикалық қызметі қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты нарықтық жүйенің қажетті және негізгі буынына айналады. Үкіметтің «ұлы қолы» А. Смит жазғандай, бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолын» реттеуге тиіс.

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) нарықтық экономика жағдайында - бұл бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеру жағдайына бейімделу және тұрақтандыру мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы белгілі шаралар.

Экономиканы реттеудің мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін, нарықтың немесе әміршіл – бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті қажеттілік болып табылады.

Бөлу экономикасында мемлекет тауар мен қызметтің өндіру және бөлудің барлық құқығы мен міндеттерін өзіне алады. Бұл жерде, дегенмен, реттейтін еш нәрсе жоқ, мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін және дәрменсіздігін көрсетті.

Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарларды өндіруді ұйымдастыру және ресурстарды бөлу міндеттері тұрмайды. Мемлекеттің мұндай жүйеде ресурстарға, капитал және өндірілген тауарларға билік ету құқы болмайды.

Нарықтық жүйе - бұл ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы айрықша құзыреті болып табылады. Сонда да мемлекеттің реттеушілік функциясының маңызы ерекше болып қала береді. Epкін бәсеке кезінде нарықтық тетік экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешуге дәрменсіздік танытып өндіргіш күштердің басым бөлігі жеке меншікке көшеді, мемлекет экономиканың үлкен құрылымын өзі ұстауға мәжбүр болады: темір жолдар, пошталар, телеграф т.с.с. Еңбек бөлінісі негізінде мемлекет аралық интеграцияның күшеюі, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан шығуына, қорғаныс, ғылым, ғарыш, сондай-ақ жұмыс күшін ұдайы өндіру, экологиямен байланысты және т.с.с жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі. Экономикалық және саяси шешімдерді реттеу тетігіне араласу қажеттілігі пайда болады.

Қaзipгi жағдайдағы ЭМР ұдайы өңдірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ығысулар, экспортты қолдауды ынталандыру міндеттерін шешеді.

Қазір ЭМР тетіктері дүние жүзінің дамыған елдерінде: Францияда, Германияда, Испанияда, Австрияда, Нидерландия, Скандинавия елдерінде қолданылды. Англия, АҚШ, Канада, Австрия т.б. елдерде ЭМР әлсіздеу дамыған.

ЭМР әсіресе дамушы елдер мен бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып саналады, бұл елдерде ЭМР-дің жаңа түрлерінің әлі өзіндік тәжірибесі жоқ. Сондықтан кемшіліктерді қайталамас үшін, экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеу және ic-тәжірибеде пайдалану тиімді.

Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар- басым түрдегі экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарық тетігінің әртүрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.

Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілерімен бөлінеді, бірақ әрдайым экономиканың меншікті секторына сүйене отырып, қоғамдық және жеке мүдделер қажеттілігінен туындайды, мұны 13.1 кестеден байқаймыз.

 

 

13.1 кесте

Экономиканың мемлекеттік секторы

 

- бұл мемлекеттік биліктің орталық немесе жергілікті органына тұтас не ішінара жататын шаруашылық субъектілері кешені

құрылу нысандары

 

 

-кәсіпорын салаларын мемлекеттік меншіктеу; -мемлекеттік бюджет есебінен мемлекеттік құрылыс; -мемлекеттік бюджет қорлары есебінен шаруашылық субъектілерін мемлекеттік сатып алу  

Қызмет аясы

 

 

-әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым; -көп инвестициялар қажет ететін шикізат және энергетика салалары,ал капитал айналымдылығы баяу; -каржысыйымды және сыйымдықты салалардағы инновациялық процестер; -қоршаған ортаны қорғау; -милитаризация және конверсия, ғарышты игеру

Өсудің негізгі себептері

 

-халық саны; -соғыс және ұлттық қорғаныс; -қоғамдық игіліктep сұраныс және урбанизация; -қоршаған орта сапасы; -кедейшілікті жою және табыс теңсіздігін қысқарту

 

ЭМР субъектілері болып табылатындар келесі белгілі орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары болып табылатын шаруашылықты басқарудағы мемлекеттік монополизм.

Ол социалистік елдерге тән, бірақ қазір де кейбір посткоммунистік мемлекеттерде сақталады;

- нарықтық және мемлекеттік реттегіштер үйлесімінің әртүрлі нұсқалары-"Жапондық", "Шведтік" моделдері, ФРГ, Австрия әлеуметтік-бағдарланған нарықтық шаруашылық моделдері дамудың "қытайлық" нұсқасында іске асырылды;

- АҚШ-тағы сияқты шексіз кәсіпкерлік шарттарына ғана тиімді деп танитын, либерализм.

Заң шығару, атқару және сот мемлекеттік билігі күшті жерде ЭМР тиімді болып саналады.

Мемлекеттің экономикалық саясаты әсерінен кез келген ұлттық, нарықтық экономика белгілі функциялық экономикалық жүйе (ФЭЖ) ретінде дамиды. Оларды қолдау немесе сәйкестікке келтірумен белгілі функциялар арқылы, мемлекет (үкімет) шұғылданады. Мәселен, ФЭЖ атынан динамикалық түрде өздігінен реттелуші жүйе, ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған, олардың жүйелік элементтері құрылады. Ол ақпарат, тауар, қызмет көрсету, технология, ноу-хау, капиталдың әртүрлі нысандарымен, жұмыс күшімен т.б. айырбас жасауға жағдайлар жасайды.

Мәселен, мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейі ЖІӨ-нің 5%-нан аспауы тиіс. Алтын-валюта қорының көлемі, тауарлар импорты шығындарын, кемінде үш ай ішінде жабуға жеткілікті болуы қажет; жұмыссыздықтың шекті деңгейі еңбекке қабілетті халықтың жалпы санының 15-20% аспауы тиіс т.с.с. Мемлекеттік реттеу көмегімен, белгілі деңгейде, осындай салыстырмалы параметрлерді ұстап тұруы ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің тұрақтылығы мен динамикасын қамтамасыз етеді.

ФЭЖ-ге тән мысал: бәсекелестік жүйе құру; айналымдағы ақша массасын реттеу жүйесі; ішкі баға деңгейін қолдау жүйесі; жиынтық сұранысты ынталандыру жүйесі; төлем балансын қолдау жүйесі т.б.

Функциялы экономикалық жүйелер (ФЭЖ) өзін-өзі реттеу және мемлекетті саясат көмегімен бүкіл халық шаруашылығының нәтижелі қызметіне нарықтық инфрақұрылымның әр-алуан элементтерін іріктеп біріктіреді, мұны 13.2 кестеден көруге болады.

 

13.2 кесте

 

Экономиканы әлеуметтік бағдарлы реттеу мақсатындағы функциялы экономикалық жүйенің мемлекеттік саясаты

- мемлекеттік реттеудің әлеуметтік бағдары

жүзеге асырылады

 

 

-өндіріс құралдары меншік иелері мүдделері ғана емес, сондай-ақ шар-қ жүргізудің басқа да қатысушыларының, соның ішінде материалдық рухани игіліктерді тікелей өндірушілер мүдделері

негізгі нысандар

 

-мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру -мемлекеттік қамқорлық

негізгі құралдар

 

-тауар және қызметтерді үкіметтік сатып алу; -экономиканың мемлекеттік секторымен тауар және қызмет өндіру; -жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру және жекелеген азаматтарды қамсыздандыру жөніндетрансфертті төлемдер

негізгі көздер

 

-салық салу -мемлекттік меншік мүмкіндіктері

Өнеркәсібі дамыған елдердегі өзін-өзі реттеу тетігі, сол елдерді күйзелтетін экономикалық дағдарыстарды тоқтатуына әсерін тигізеді

Мысалы 1973-1975жж. экономикалық дағдарыстар, циклды дағдарыстар, дамыған елдер экономикасында әлеуметтік бағдарлы өзін-өзі реттеудің тиімді тетіктері пайда болғанын кең түрде керсетіп берді.

Сонымен, мемлекет ұлттық, экономиканың тиімді қызмет атқаруына құқықтық негіз бен әлеуметтік ортаны анықтайды. Ол үшін табыс және ресурстар бөлінеді, жұмыспен қамту мен инфляция деңгейі бақыланады. ЭМР экономикалық жүйені тұрақтандыру, оны өзгермелі жағдайға бейімдеу мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі болып табылады.

 

13.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілepi (ЭМР)

 

ЭМР: классикалық, кеинсиандық және институцио-налды-әлеуметтік тарихи, үш жетекші методологиялық тұрғыда қалыптасады.

Классикалық үлгі(13.3кестені қараңыз) экономикаға аз араласуды болжайды және мемлекет - нарықтық экономиканың "түнгі күзетшісі" болып саналады деген А.Смиттің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бизнес-өндіреді және тұтынады, мемлекет жеке меншік құқығын қорғаумен айналысады және нарық заңдарынан туындайтын, кәсіпкерлер мен жұмысшылардың, тұтынушылар мен өндірушілердің "табиғи ойын ережелеріне" ақырын әсер етеді. Бірақ, ол жеке меншіктің табиғи ережелерінен ауытқуына күш қолдануға дейін (құқық,сот, әскер, полиция т.с.с.) барып әсер тигізуі мүмкін.

Кейнсиандық үлгі (13.4 кестені қараңыз)

Циклды өзгерістерді, жұмыссыздықты, инфляцияны және нарықтың барлық қатысушыларының өнімдермен ресурстар шығындарын мүмкін болғанша азайту мақсатында мемлекеттің экономикаға белсенді және неғұрлым көп араласуын көздейді.

Институционалды әлеуметтік үлгі (13.5 кестені қараңыз)

Күш құрылымы, экономикалық және әлеуметтік факторлар (институттар) арқылы қоғамның экономикалық тіршілік ету ортасына тарихи оңтайлы араласу жолымен мемлекеттің үш функциясын іске асыруды болжайды.

ЭМР классикалық үлгісі

 

 

13.4 кесте

ЭМР-дің кейнсиандық үлгісі

 

 

13.5 кесте

ЭМР институционалды-әлеуметтік үлгісі

Белгілер( 13.5 кесте):

ТК-ТУ-тауарлар және қызметтер;

ТС-ЧН-таза салықтар;

ӨФ-ФП-өндіріс факторлары;

ӨШ-И-өндіріс шығындары;

ҮШK-ДДХ-үй шаруашылығының кipicтepi;

ҮШР-РД-үй шаруашылығының ресурстары;

ҮШӨ-ПД-үй шаруашылығының өнімдері;

ФК-ДФ-фирмалардың кipicтepi;

ФАР-РОФ-фирмалардың ауытқуларын реттеу;

ҮШАР-РОДХ-үй шаруашылығының ауытқуларын реттеу;

ФӘМБР-РБСДХ-фирмалардың әлеуметтік мүдделерінің балансын реттеу;

ҮШӘМБР-РБСДХ-үй шаруашылығының әлеуметтік мүдделерінің балансын реттеу;

МӘИ-мемлекеттік әлеуметтік институттары;

МӘИ-СИГ-салт-дәстүрді қорғаушылар мен білдірушілер.

Институтционалды-әлеуметтік үлгі факторлар құрамы жағынан ең күрделi болып табылады. Оны таза түрінде көрсету қиын. Ол қоғамның шаруашылық өміріне мемлекеттің ықпал етуі сияқты арнайы макроэкономикалық тұрғыдағы шектерін көрсетеді, сонымен біpгe оған алдыңғы екі үлгінің элементтері де кіреді.

 

13.3. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)

 

Экономикалық саясат субъектілері шаруашылық мүдделерін орындаушылар, иеленушілер және айқындаушылар болып табылады. Шаруашылық мүдделерін иеленушілер - бұл әлеуметтік топтар, олар бip-бірінен мынадай белгілермен ерекшеленеді: мүліктік, табыс, кызметі мен түрлері, мамандығы, салалық және аймақтық қызығушылығы. Бұл-жалдамалы жұмыскерлер, кәсіпорын қожайындары, фермерлер, ұсақ және ipi кәсіпкерлер, басқармалар, акционерлер т.б. Олардың әр қайсысының өз әлеуметтік-экономикалық мүдделері және қызметтері бар. Мемлекет қоғамның барлық топтарының мүдделерін дұрыс үйлестіруі тиіс. Ол үшін мемлекет атқару билігі тетігін құрады.

Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (ЭМР субъектілері) үш тармақтан құралған, олар: Президент, Үкімет, олардың сот органдары және Ұлттық банк. ЭМР өз қолдарына алатын федералды және жергілікті органдар, парламент және үкімет болды. Кәсіпкерлерден, еңбекшілерден және үкімет пен арадағы тариф келісімін реттеу үшін кәсіпкерлер, кәсіподақ одақтары және атқару биліктері өкілдерінен органдар құрылады. Экономика Министрлігі және кәсіпкерлердің салалық одақтарын жеке салаларын қолдау және дамыту жөнінде комитеттер, кеңестер ұйымдастырылады. Олар кеңесшілдік қызметті жүзеге асырады және мемлекеттік экономикалық саясатқа (МЭС) ықпал етеді.

Мұндай органдарға үкімет экономика, қаржы, әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік экономикалық саясаты Орталық банк сарапшыларының әр алуан кеңестері т.б. жатады. Олардың ұсыныстары (МЭС) бағдарлауға, бюджеттен және әртүрлі қорлардан қаржы жұмсау бағыттарына жатады.

ЭМР мен мүдделі иелер арасындағы қатынас мыналармен айқындалады:

- шаруашылық құрылымын жақсартудағы ЭМР жетістіктерімен;

- еңбекке қабілетті халықтың еңбекпен қамтылуының өсуімен;

- қалыпты төлемқабілетті баланспен;

- инфляция қарқынының төмендеуімен;

- халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылауымен;

ЭМР жетістігі сондай-ақ кәсіподақ шерулерімен, қақтығыстардың азаюымен, МЭС бағасымен, сайлауды реттеудің мемлекеттік шараларын қолдауынан көрінеді. Ол үшін ЭМР органдарында сауалнамалар көмегімен жүргізілген реттеу шараларында шаруашылық субъектілері ic-қимылының болжамдары мен жедел ақпараттар болуы тиіс.

ЭМР тиімділігін зерттеудің сауалнамалық әдісін кейбір кемшіліктері болғанымен, ол, экономикалық мемлекеттік реттеуде елеулі рөл атқарады және ғылыми әлемде,сондай-ақ мемлекеттік аппаратта болып саналады.

Макроэкономикалық зерттеулерде мемлекетке, оның экономикалық саясатының жиынтық көрсеткіштеріне ықпал етуге зор көңіл бөлінеді. Мемлекет ұлттық нарықта экономикалық қатынастарға қатысушылардың қолданатын "ойын ережелерін" белгілейді, жеке үкімет нарықтық субъектілерінің бipi болып шығады, яғни ұлттық мүддені қолдайтын белсенді мемлекет ретінде әрекет жасайды.

 








Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 5714;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.031 сек.