Л-Фараби, М.Қашқари, М. Дулати, Ш.Уәлихановтың қазақ этнопсихологиясына қосқан үлестері.
Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, сыннан өтіп келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның санасының жан-жақты дамуына, үлгі-өнеге, ұлттық тәрбие алуына ықпалын тигізері сөзсіз. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек. Ендеше, халық тағылымдары арқылы ұрпақты тәрбиелеудің мәселелерін алдыңғы орынға қоюға болады. өйткені, біз ең алдымен ертеңгі ел тұтқасын ұстар болашағымыз – жастардың санасын тәрбиелеуіміз керек, сонда ғана біз ел тағдырына, ұлт тағдырына өз үлесімізді қосамыз. Ендігі жерде алдымызға қоятын мақсатымыз – жастарды тәрбиелеу үшін арнайы оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдасмтырудың шарттары болу керек.
Бүгінгі күні ұрпаққа тәрбие беру қоғамдық сананың дамуы мен қоғамдық құрылысқа байланысты. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен өндірістік қатынастар жаңғырып, жаңарып, өзгеріп жас ұрпақ тәрбиесіне өз ықпалын тигізеді. Қазақ халқының көне дәуірден бері сары майдай сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлері болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, оның адамгершілік қсаиеттері мен мінез-құлқын қалыптастыруда үлкен мәнге ие.
Бүгінгі ұлттың руханиятты тәрбиенің басты құралы ретінде пайдалану қажеттігі туып отырған кезде, халқымыздың өткенінен жан-жақты хабардар болу, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасқан, парасатты, патриот азамат тәрбиелеудің қажеттілігі туып отыр.
Осы орайда республикада халықтық дәстүрді жинақтап, зерттеп, саралап игерту, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, бүгінгі күннің басты талабы.
Ұлттық тәрбиенің арқауы болып табылатын халық тағылымының мән-маңызы мен құндылығын белгілі ғалымдар Г.С.Виноградов, В.Ф.Афанасьев, А.Ф.Хинтибидзе, А.Ш.Гашимов, Г.Н.Волков, И.Я.Ханбиков, А.Э.Измаилов және т.б. зерделеген.
Соңғы кездері елімізде жастардың санасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда этнопсихология материалдарын пайдаланудың мәселелері С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова, М.Балтабаев, Қ. Бөлеев, А.Мухамбаева, Р.Дүйсенбінова, Ә.Табылдиев, Ә.Сәдуақасов, Ф.Бөрібекова, Б.Қойбағарова, Р.Төлеубекова, Б.Мұқанова, А.Мағауова, А.Алимбекова, Ұ.Әбдіғаппарова, Г.Бахтиярова, Б.Өтешова, А. Дайрабаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Осы ғалымдардың зерттеулерінен ұлттық сана мәселелері халықпен бірге өсіп, бірге дамығандығын және оның озық дәстүрлері келер ұрпаққа мирас болып келе жатқаны белгілі болып отыр.
Әлеуметтік ғылымдарда XX ғасырдың екінші жартысындағы этникалық қайта тірілудің бірнеше түсіндірмелік концепциялары бар. Түрлі әлеуметтік мектептер этникалық иденттіліктің өсуін: а) дамыған халықтың экономикалық және техникалық экспансиясына халықтың дамуы арттта қалғандарының реакциясы; б) бүкіл әлемдік әлеуметтік бәсеке; в) үлкен әлеуметтік топтың экономикасында және саясатта әрекет-қылықтың жоғарылауы. Бұнда дәл сол этникалық қоғамдар басқа топтар не кластарға қарағанда неғұрлым тиімді жағдайларда болатыны анықталды.
Ол жеке ғылым ретінде 19 ғасырдың орта кезінде көріне бастады.Ал, қазақ топырағындағы іргетасы Ш.Уалиханов еңбектерінде қаланды.Оның халық рухы дегені осы ғылымның басты категорияларының бірі болатын.Өйткені бұл өзінің қолдануы мен мағынасы жағынан этнопсихология үғымына жақындайды.
Тәрбиешілер мен ата-аналардың сұраулары бойынша осы ғылымдарға байланысты кейбір әдебиеттерді оқуға ұсынуды орынды санаймыз.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1715;