Олдану саласы
1. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша жіктеудің әдіснамасы (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын аумақтық жоспарлау және қала құрылысы саласындағы нормативтік және құқықтық құжаттардың талаптары ескеріліп әзірленді.
2. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын (бұдан әрі – Бас схема) әзірлеу кезінде қала құрылысы режимдерін белгілеп, аумақтық-кеңістік дамуды негіздеу үшін аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау мен бағалау және оларды әлеуметтік-экономикалық маманданым бойынша жіктеу үшін арналған.
3. Осы Әдістемені Бас схеманы әзірлеуде, сондай-ақ:
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастыру мен тиімді пайдалануға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтау;
облыстардың, аудандардың, қалалар мен жеке қоныстардың аумақтық даму схемаларын әзірлеу кезінде қала құрылысы жұмыстарын іске асыру;
республикалық маңызы бар инженерлік, көліктік, әлеуметтік және т.б. инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған жобаларды әзірлеу;
әлеуметтік-экономикалық даму, экологиялық жағдайды жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тарихи-мәдени мұра аумақтарын және табиғатты сақтау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде пайдалануға болады.
4. Осы Әдістеме Бас схеманы әзірлеу үшін аумақтардың даму әлеуетін сипаттайтын бастапқы деректердің тізбесін, құрылымы мен жинау тәртібін анықтайды.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1392;