Климаттық аудандастыру
31. Қазақстан Республикасының аумағын климаттық аудандастыру аумақтардың жалпы-климаттық, ландшафттық-климаттық, құрылыстық-климаттық, физиологиялық-климаттық және агроклиматтық сипаттамаларын кешенді талдауды есепке алу арқылы жүргізіледі.
32. Жалпы климаттық жағдайды сипаттау үшін ауаның ылғалдылығы мен температурасы, атмосфералық шөгінділер, жел, күн радиациясы, абсолютты максимум, минимум және температуралардың жылдық амплитудасы, ең ыстық және ең суық айлардың орташа температурасы, ауаның абсолютты және салыстырмалы орташа айлық ылғалдылығы туралы деректер талданады.
33. Жылдың жылы және суық мезгіліндегі шөгінділердің орташа мөлшері, қар жамылғысы мен шөгінділері бар жылдың күндер саны, қар жамылғысының биіктігі, желдің максималды жылдамдығы көрсетіледі.
34. Жалпы климаттық сипаттамалардың негізінде жалпы қорытындылар және жеке аумақтарды (аумақтардың топтарын) климаттық бағалау жасалады, урбандалған аумақтар мен бірінші кезектегі қала құрылысын игерудің аумақтары бойынша көрсетілген аумақтардың мезо- және микроклиматтық ерекшеліктерін есепке ала отырып, егжей-тегжейлі талданған климаттық аудандастыру жасалады.
35. Қазақстан Республикасының аумағын ландшафтық-климаттық аудандастыру аудандастыру негізінде жүзеге асырылады, оған сәйкес республика аумағында үш негізгі ландшафтық-климаттық қала құрылысы аймақтары бөлінген.
36. Құрылыс-климаттық жағдайларды бағалау кезінде «Құрылыс климатологиясы» ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 басшылыққа алу керек, оған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы құрылысқа арналған климаттық аудандастырудың схемалық картасында 4 климаттық ауданға және 16 қосалқы ауданға бөлінеді (сур.1).
37. Жылдың жылы және суық мезгілінің негізгі климаттық параметрлері, ауаның орташа айлық және жылдық температурасы мен тағы басқа көрсеткіштер көрсетілген мемлекеттік нормативтің кестесінде келтірілді.
Физиолого-климаттық аудандастыру адамның денсаулығы мен тіршілік әрекетінің жайлылығына/жайсыздығына әсер ететін табиғи және санитариялық жағдайларын мен медико-биологиялық факторларын есепке ала отырып, аумақтардың биоклиматтық бағасының нәтижесі болып табылады.
38. Алынған нәтижелер табиғи-климаттық жайсыздықтың аймақтық және аймақтық емес факторлар жүйесін есепке ала отырып, бағаланады.
1-сурет. ҚР климаттық аудандастырудың схемалық картасы
39. Аймақтық табиғи-климаттық факторлар:
астрономиялық – ультрофиолетті жетіспеушілік (артықшылық);
термиялық (жылулық) - +10ºС жоғары тұрақты температурасы бар мезгілдегі температуралар жиынтығы;
термиялық (суықтық) – ауаның жағымсыз температуралардың жылдық жиынтығы;
ылғалдылық – вегетациялық индекс;
желдік – ылғалды желдік салқындаудың индексі (Хилла).
40. Азондық табиғи-климаттық факторлар:
биік таулылық – теңіз деңгейінен жоғары жердің абсолютты биіктігі;
батпақтану – аумақтың батпақтану дәрежесі;
сейсмикалық – Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінудің максималды күші.
41. Аумақты агроклиматтық аудандастыру оның жылумен және ылғалдылықпен қамтамасыз етілуі және өнімді тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жарамдылық дәрежесін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Жылумен қамтамасыз етілуі белсенді вегетация кезеңіндегі (ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С жоғары болатын күндердің саны) температуралардың жиынтығымен бағаланады. Ылғалдылықпен қамтамасыз етілуі – ылғалдыну дәрежесі және гидротермиялық коэффициенті бойынша (ГТК). Аумақты агроклиматтық бағалау жүргізудің көздері гидрометеорологиялық ұйымдар шығаратын «Агроклиматтық ресурстар» анықтамалары болып табылады.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 6071;