Сызба. Салық механизмінің элементтері
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элемештеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық еалудың өлшемі (единицасы), салвіқ мөлшерлемесі, үлес (квота), салықпүл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндетгіліктері мен қүқықтары, салық-тарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бүзғаны үшін санкция-лар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол - салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші түлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға - салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар - нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азамат-тары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық базасы - салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің қүндық, затгық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міңцетгі төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;
тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салы-натын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі - салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын бідціреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық салу пракгикасьшда мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
тұрақты (берік) салык мөлшерлемесі. Олар табыс кезіне қара-мастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мүнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне);
үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;
прогрессивті салық мөлшерлемесі. Бқл жағдайда прогрессивтік салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді;
регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді, және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төле-нуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салықпұл - субъектінің бір объекгіден төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері - заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
салық салынбайтын минимум - салык салудан толық босаты-латын салық объектісінің ең аз белігі;
табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге - халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан - пайдаға салынатын салық бойынша және т.т.);
салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салыгы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санатгары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есетеп шығару да жахады.
Жеңілдік кезеңі - салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері - билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен ретгеледі.
Салықтық бақылау - салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аудары-луын бақылауы.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
салық төлеушілерді тіркеу есебі;
салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объек-тілерді есепке алу;
бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
салық тексерістері;
камералдық бақылау;
салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мони-торингі;
фискадцық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;
акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;
мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, баға-лау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
уәкілетгі органдарға бақылау жасау.
Кедендік бақылау агентгігі өз қүзыры шегінде Қазақстан Рес-публикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен бай-ланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніңцегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасьша сәйкес жүзеге асырады.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметгер қүрайды.
Салық заңнамасын бүзған салық төлеушілерге олардың жа-сырған сомасьш, төмеңдеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппүддар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.
§7. Қаржылық бақылау.
1). Қаржылық бақылаудың қолдану шеңбері және оның объектілері.
2). Қаржылық басқарудың атқаратын қызметі және рөлі.
3). Қаржылық бақылаудың жіктелуі, түрлері және тәсілдері.
Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 5847;