Психологияның зерттеу әдістері
Жоспар:
1. Психологиялық зерттеудің методологиясының пайда болуының қысқаша тарихы.
2. Психология (жас ерекшелік психологиясы) ғылымының зерттеу әдістері
3. Жас ерекшелік психологиясында қосалқы әдістерді қолданудың жолдары.
Қойылған мақсаттарына жету үшін психолог өзінің тәжірибелік ісінде белгілі бір әдістерді қолданады. Әр-бір маманға өз ісін ұйымдастыру тән, бірақ кәдімгі өмірде біз бұл туралы аз ойланамыз, мәселен, олардың қайдан пайда болатынын, біздің не істегіміз келетініне қаншалықты ж/е неге барабар екендігін, біреуге ұсынудың мүмкіндігін білу керек.
МЕТОДОЛОГИЯ дегеніміз - әдістер ж/е тәсілдердің құрылу принциптері жайлы ғылым. Методология сұрақтарына танудың жалпы принциптері, сонымен қатар заттарды қолданудың нақтылы әдістері жатады. Методологияның әр-түрлі деңгейлері болады, мәселен, философиялық, жалпы-ғылыми ж/е нақты-ғылыми. Бұл пәнде методологияның нақты-ғылыми деңгейі қарастырылған, өйткені ол психологтың тәжірибелік жұмысына байланысты.
Біз сыртқы ортаны танудағы қалыптасқан жүйені қарастырып, зерттеуші ретіндегі психологтың мұндағы ролін анықтаймыз, психологияға ғана тән әдістердің шығу тегін ж/е бүгінгі таңда қабылданған психологиялық зерттеулердің технологиясын қарастырамыз.
Психология теориялық ғылым ғана емес, сонымен қатар қолданбалы ғылым. Жұмыс барысында адамға кейбір мәселелер кездесуі мүмкін, бұларды шешу үшін психологиялық білім қажет. Егер осы уақытта психологияда қажетті білімі болмаса, онда зерттеу жолымен білім алу қажеттілігі туады. Психологиялық тәжірибе жүргізу үшін белгілі-бір маман қажет. Ол қандай функцияларды атқару керек?
Тәжірибешілермен бақыланған құбылыстар кездейсоқ ж/е жағдайлық. Олардың әртүрлілігі ж/е жағдайлығы жалпылауды, жүйелеуді қажет етеді. Әртүрлі құбылыстардың жүйеге жинақталуы теорияның өрбуі. Осы функцияны орындаған маманды шартты түрде теоретик дейміз. Теоретиктің мақсаты – тәжірибешілердің құбылыстар жайлы кездейсоқ ұғымдарын кездесоқ еместігін дәлелдеу.
Екінші жағынан, нақты ғылым теоретиктерінің философтармен қарым-қатнасын айта кеткен жөн. Философтар білімдерді интеграциялайды. Танудың әлуметтік-мәдени құндылығы теоретикті тәжірибеші ісінің талдауын ғана емес, сонымен қатар философиялық теориямен жетекшілендіреді.
Сонымен тану процесінің негізгі субъектілері: тәжірибеші, теоретик ж/е философ.
Тәжірибеші құбылыстың болу болмауына тәуелді. Осыған байланысты ізденістің жаңа түрі эксперимент пайда болды. Жаңадан тағы бір адам пайда болады – экспериментші. Экспериментші не жаңа эмпирикалық мағлұматтарды тосады, не жағдай туғызады, не теория ұсынған құбылысты жасайтын объект құрайды.
1. Психологиялық зерттеудің методологиясының пайда болуының қысқаша тарихы:
ХІХ ғасырдың аяғында психологияның ғылымғадейінгі кезеңі өтті, өйткені В.Вунд эксперименталдық лаборотормя ашты. Бұған дейін психика немесе жан ғылыми зерттеулердің объектісі емес, философиялық ой тұжырымдардың пәні болды.
1834 жылы физиолог Э.Вебердің тері ж/е бұлшықет сезгіштігі жайлы эксперименттік еңбегі жарық көрді, бұл еңбекте математикалық жолмен физикалық тітіркендіргіш пен сенсорлық реакциялар арасындағы тәуелділікті дәлелдеді. Кейінірек психофизика аталып кеткен бұл еңбекті Г.Фехнер жаластырды, сегіштіктің бірлігін шығарды.
1843 жылы Англияда «Логика» атты Джон Стюарт Милльдің кітабы шықты. Мұнда психологияны тәжірибелік ғылым қылуға ұсыныс жасалды.
1879 жылы Лейпцигте Вильгельм Вунд ең алғаш экспериментті психология лабороториясын ашты, кейін институт болды. Тәжірибелер бақаларға, иттерге, кейін адамдарға жүргізілді.
Методология тұрғысынан, зерттеу мына кезеңдерден тұрады: мәселенің қойылуы, әдісті таңдау, зерттеудің жүргізілуі, алынған нәтижелерді тәжірибеге енгізу.
Әрбір психологиялық зерттеу дамуның әр кезеңінде мына үлгілерден тұрады: концептуалды, процедуралық ж/е эмпирикалық.
Концептуалды үлгі (КҮ) – құбылыстардың мағынасын түсіндіретін тұтас ұғымдар, заңдар ж/е категориялар жүйесі.
Процедуралық үлгі (ПҮ) – белгілі ережелер, алгоритмдер, әдістер ж/е ақпараттарды қортындылайтын нақты ғылым әдістері.
Эмпирикалық үлгі (ЭҮ) – жазықтық ж/еуақыт аралығындағы құбылыстардың сандық ж/е сапалық тұтас мінездемелер жүйесі.
Нақты психологиялық тәжірибелерде концептуалды үлгі (КҮ1) – бұл теориялық ұғымдар ж/е концепциялар, осыларға негізделе отырып ғылыми мәселелерді шешу үшін гипотезалар қойылады.
Процедуралық үлгі екі түрлі болуы мүмкін:
1) ПМ1 - әдістер, алғашқы ақпарат алу ережелері.
2) ПМ2 – эмпирикалық ақпараттарды қортындылау процедуралары, алгоритмдері.
Процедуралық үлгілер былайша айтқанда зерттеушінің айналадағы ортамен диалогы.
Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 8126;