Трансгендік жануарлар
Бір биологиялық жүйеден екінші биологиялық жүйеге гендерді жасанды тасу трансгеноз деп аталады.
Жануарлардың гаметаларымен және ұрықтарымен генетикалық жұмыстарды келесі биологиялық ерекшеліктер болғандықтан өткізеді:
1. Жануарлардың молекулярлы деңгейде ерекшеліктері – геннің негізгі қасиеттері.
2. Жануарлардың жасұшалы деңгейде ерекшеліктері – гаметогенез, ұрықтану, ұрықтың имплантация алдындағы дамуы. Суперовуляция әдісінің көмегімен ооциттердің керекті санын алуға болады. Экстракорпоралдық ұрықтану әдісінің көмегімен зиготалар алып генно-инженериялық құралымдарды еңгізеді. Ал ұрықтың имплантация алдындағы дамуы культивирлеу әдісін тұдырды. Қайта отыртуға тек қана биологиялық толық зиготалар және ұрықтар алынады, сондықтан трансплантацияға культивирлеу әдісімен трансгеноздан жақсы шығып эмбриондар жаратқан зиготаларды алады.
Трансгендік жануарлардың сипаттамалары:
1. Геномға бөтен гендер интегратталу.
2. Инъекциядан кейін 5-20 пайыз зиготалар дамуға дайын.
3. Трансгендік жануарларды геномдарынан бөтен ДНҚ және бөтен геннің экспрессиясының өнімін (мРНҚ, рекомбинанттық ақуыз) тауып сұрыптайды.
4. Бөтен гендердің экспрессиясы ұлпаспецификалық сипаттамалар алып жүреді.
5. Еңгізілген бөтен геннің экспрессиясы жануарлардың фенотиптерін өзгертеді.
6. Трансгендік жануарлар бөтен генді ұрпақтарға береді.
Мақсатына байланысты трансгендік жануарларды екі дәрежеге бөледі:
1. Жаңа өнім алуға арналған трансгендік жануарлар, мысалы, медицинаға және малдәрігерлікке қажетті бағалы ақуыздарды синтездеу.
2. Бағалы селекциялық белгілері бар және жоғары төзімді трансгендік жануарлар.
Бірінші трансгендік жануар – тышқан – 1976 жылы алынған. 1986 жылы трансгендік қой, 1987 жылы ірі қара мал, 1989 жылы шошқа алынған. Трансгендік құстар және балықтар алынған.
Ауылшаруашылық жануарларды көбейткенде жаңа технологиялармен қолданған әдістерді еңгізеді. Әдістердің бірі – молекулярлы құралымдарды жануарлардың геномдарына кіргізу.
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2952;