Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы

Тропикалық егіншілік ауданы әлем егіншілігінің 20% құрайды. Бұл белдеуде өсетін көп дақылдар басқа жерлерде өспейді. Тропикалық жағдайда бір жылда дақылдардан үш өнім алу мүмкіншілігі бар.

Тропикалық ылғалды–орман белдеуі үшке бөлінеді:

- Америкалық бөлігі - Орталық Американы және Оңтүстік Американың көп бөлігін қамтиды;

- Африкалық бөлігіне Конго өзенінің су алқабы және Гвиней шығанағы жағалауы жатады;

- Австралия–Азия бөлігіне Азияның Оңтүстік түбектерімен, Австралияның Солтүстік жағалаулары және солардың арасында орналасқан аралдар жатады.

Тропикалық ылғалды-орман жерлердің жалпы ауданы 2230 млн.га құрайды. Бұл жерлердің топырақтары екі аймаққа бөлінеді: біріншісі қызыл-сары ферраллит топырақтар аймағы, екіншісі муссонды тропикалық ормандар мен биік шөпті саванналардың қызыл топырақтар аймағы.

Қызыл-сары ферраллитті топырақтаржылы және ылғалды жағдайларда қалыптасады. Бұл аймақта күн мен түн температурасы айтарлықтай өзгермей 25-270С құрайды. Ылғалдық та жыл бойы біркелкі таралады. Жауын-шашын 1800-2000мм-ге дейін болуы мүмкін. Жылдық ылғалдық коэффициент әр қашанда бірден жоғары болады, ал айлық коэффициент 5-10 дейін көтерілуі мүмкін. Жыл ішінде 1-2 құрғақ ай маусымында ол 0,5-0,3 дейін төмендейді. Жауын-шашынның 20% нөсер болғандықтан топырақтар су эрозиясына жиі ұшырайды.

Тропикалық ормандар-аса өнімді өсімдіктер қауымдастығына жатады және қарқынды биологиялық айналымды қалыптастырумен сипатталады. Орманның жылдық органикалық қалдықтары 1 гектарға шаққанда 250-400 ц құрайды, олардың құрамында күл заттары 5,6% ал, азот 1,0% болуы мүмкін.

Қалдықтардың өзгеруі келесідей жағдайларға байланысты:

1) қарқынды ыдырау, оның себебі гидротермикалық құбылым және топырақ фаунасының белсенді әрекеттері (термиттер т.б.);

2) қалдықтардың күлді заттарға кең қатынасы болуымен (20-ға жуық);

3) күл құрамында сілтілі негіздердің аздығымен;

4) органикалық қалдықтардың құрамындағы азот пен күкірттің қарқынды тотығуымен және бұндай үрдістердің топырақтың қышқылдығын арттыру. Айтып өткен жағдайлар топырақта ферраллиттік үрдістердің қарқынды дамуына алып келеді.

Ферраллиттік үрдіс деген үгілу нәтижесінде бастапқы минералдардан жартылай тотықтар тобындағы туынды минералдар пайда болуы және жиналуы.

Темір гидрототықтар мөлшеріне байланысты топырақтардың түсі ашық қызылдан сарыға дейін болуы мүмкін.

Қызыл-сары ферраллиттік топырақтың А қарашірінді қабаты қалыңдығы 12-17см., түсі қоңыр-сұр, түйіртпектігі ұсақ кесекті. Қарашірінді мөлшері жоғарғы 5-7см қалыңдықта 4-5%, ал төменгі қабаттарында 1-2%. Оның астындағы АВ қабаты қызғыш-құба немесе сарғыш–құба өтпелі қабат, қалыңдығы 25-50см. Өтпелі қабаттың астында В-құба-қызыл немесе құба-сары қабат орналасқан. Бұл қабат біртіндеп ашық түсті топырақ түзуші жынысқа – ферраллиттік үгілу қыртысына өтеді. Оның қалыңдығы ондаған метрлерге жетуі мүмкін. Топырақ және үгілу қыртысы реакциасы қышқыл - рН 4,0-5,5. Сіңіру сыйымдылығы 100г топырақта 3-6м-экв, қарашірінді қабатында бұл көрсеткіш 10-13м-экв құрайды. Негіздермен қанығуы 50%.

Қызыл ферраллитті топырақтардың термикалық жағдайлары қызыл-сары топырақтарға ұқсас, бірақ бұл аймақта жауын-шашын мөлшері біраз кемірек (1300-1800мм), ал құрғақ кезең 3-4 айға созылады.

Биік шөпті саваналарда шөптер бойы 4м-ге дейін болуы мүмкін. Қызыл ферраллиттік топырақтардың ерекшеліктері: 1) жыл бойы су режімінің өзгеруі-құрғақшылық кезеңінде топырақтардың терең құрғап кетуі; 2) температураның әсерінен темір тотығы ыдырап кетеді соның нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабаттары қызыл түсті болып қалады; 3) қарашірінді қабаты күңгірт-құба түсті, қалыңдығы 30-40см, мөлшері жоғарғы қабатында 4%, құрамы фульваттық; 4) темір гидрототықтарының конкрекций пішінде тұнба қатпарлар пайда болу ықтималдығы (латеритизация үрдісі) көп.

Латеритизация (лат. later) - топырақ ерітінділерінің бүйірге қарай қозғалысында темір қоспаларының жиналуы.

Қызыл ферраллитті топырақтарда темір тотықтардың әсерінен топырақтар түйіртпектігі ұсақ кесекті болып жақсарады. Темір конкрециялар, кейбір жерлерде тұтас цементтелген темір конкрецилер (пизолитті латеритті қабат) қабаттары байқалады.

Тереңде жатқан латеритті қабаттар ылғалды күйінде жеңіл кесіледі, бірақ жер бетіне шығып кеуіп қалған жағдайда аса қатты латериттік тас қабыққа (кирасқа) айналады. Бұндай топырақтар егіншілікте көп қиыншылықтар тудырады.

Күңгірт қызыл және күңгірт ормандық тропикалық топырақтар. Бұл топырақтар негізгі жыныстар мен әктастарда қалыптасады. Оларды маргалитті немесе ферралитті – маргалитті топырақтар деп атайды. Қызыл-сары қызыл топырақтардың гранулометриялық құрамы құмбалшық, сіңіру сыйымы жоғары, 100г топырақта 30м-экв болады. Қарашірінді мөлшері көп емес, бірақ реңі қүңгірттеу, қышқылдығы әлсіз. Құрамындағы каолинит, монтмориллонт минерал топтарының маңызы зор. Бұл топырақтар егіншілікке кең қолданылады. Күңгірт-қызыл және күңгірт топырақтардың ауданы 40млн. га. Олар Оңтүстік Азия, Индонезия, Оңтүстік Америка және Африкада тараған.

Амозонка, Конго өзендері ойпат алқаптарында орман ферраллитті қопалы топырақтары қалыптасқан. Ауданы 220млн. га құрайды. Бұл топырақтарды игеру үшін құрғату мелиоративтиік шараларды қолдау қажет. Тропикалық аллювиалды топырақтар 120млн.га аумақты алады. Су көтерілу аймағында тропикалық батпақ және мангролы сортаңданған топырақтар қалыптасады.

Ылғалды-орманды тропикалық аймақта егіншілікте пайдаланатын жерлер 5% (120 млн.га) құрайды. Бұл жерлерде күріш, қант қамысы, батат, маниок, кофе, какао, майлы пальма, каучук ағаштары, банан, ананас өсімдіктері егіледі.

Топырақтардың құнарлылығын арттыру, бір жылда бір неше өнім алу үшін арнайы минералдық тыңайтқыштар кешенін қолдау және топырақ қышқылдығын төмендету қажет. Эрозияға, латериттік қабаттар болмауына қарсы күрес шараларын қолдану бұл топырақтарда өте маңызды болып табылады.

Жалпы осы аймақтарда дұрыс мелиоративтік шараларды қолданса егіншілік ауданын 5-6 рет арттыру мүмкіншілігі бар.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4718;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.