Ара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі

Қара-қоңыр топырақтың тың жерде оның үстінде шөптесін өсімдіктер қалдықтарынан құралған АШ -дала төсеніші (дала кигізі) қабаты бар. Оның астында А - қарашірінді жиналу қабаты, одан соң В1 - қарашірінділі аралық қабат, одан төмен В2 - қарашірінді тілдері қабаты, оның астында ВК - иллювиалды карбонатты қабат орналасып, ол С аналық тау жынысы қабатымен шектеседі. Яғни құрылысы Аш – А - В1 - В2 - ВК - С.

Қара-қоңыр топырақтың құрылысы және оның морфологиялық белгілері, химиялық қасиеттері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді.

Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 10-30см, түсі күңгірт қара-қоңыр, нағыз қара-қоңыр немесе ашық қара-қоңыр болып келеді, түйіртпектігі кесекті немесе шаңды кесекті болады.

В1 - қарашірінділі аралық қабаттың түсі күрең реңді қара қоңыр, немесе күрең болады. Құрылымы кесекті немесе призмалы кесекті, карбонат қосылыстар кездесетіндіктен әдетте НСl ертіндісінен қайнайды (көпіршиді).

В2 - қарашірінді тілдері қабатының түсі біркелкі емес; күрең қара-қоңыр қарашірінді тілдері мен күрең түсті аналық тау жынысының сынашалары кезектесіп орналасқан, тығыздалған болып келеді, түйіртпектігі кесекті-жаңғақша немесе кесекті призмалы.

ВК - иллювиалды карбонатты қабат 40-60см тереңдіктен басталады. Бұл қабатта мол жиналған карбонат дақтар кездеседі. Түсі сарғыш күрең, өте тығыздалған, түйіртпектігі призмалы, призмалы-жаңғақшалы болады.

Топырақтың 80-120см қабатынан бастап сарғыш күрең түсті аналық тау жынысы басталады. Оның құрамында ұсақ кристалды түрде гипс және тез ерігіш тұздар кездеседі (40-сурет).

Қара-қоңыр топырақтардың пайда болуы, генезисі бұл аймақтың климатының құрғақшылығымен өсімдік дүниесінің әлсіз дамуымен байланысты екендігін В.В.Докучаев., Н.М.Сибирцев т. б. ғалымдар атап көрсеткен.

Қара-қоңыр топырақ қара топырақ сияқты шымдану процесінің әсерінен қалыптасады. Бірақ, қара қоңыр топырақты аймақта шымдану процесінің қарқыны бәсеңдеу болады. Құрғақ климаттың әсерінен қалыптасқан бозды-бетегелі, жусанды-бозды-бетегелі өсімдіктер бұл аймақта сиректеу орналасып, қара топырақты аймаққа қарағанда, азырақ өсімдік қалдықтарын қалдырады.

Топырақтың ылғалдылығының нашарлауы себебінен микробиологиялық процестер бәсеңдеп, минералдану артып, топырақта қарашіріндінің түзілуі, азоттың және басқа қоректік заттардың жиналуы кемиді.

Карбонаттардың, басқа да тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға терең шайылуы байқалмайды. Сөйтіп, олар жоғарырақ орналасады.

40-сурет. Қара-қоңыр топырақ
Құрамында кремний, магний және

сілтілік металдар бар жусан тобының

өсімдіктерінің қалдықтары жер бетіне молырақ түсіп ыдырауынан топырақта кебірлену процесінің шымданумен қосарлана жүруі бұл аймақта жиі байқалады. Сондықтан қара-қоңыр топырақты аймақта олардың кебірленген тектері мол дамып және олардың топырақ жамылғысының кешенді болып келуі байқалады.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3589;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.