Азот және оттекті ауадан өндіру.
Ауа құрамындағы негізгі газдар: азот-78,09%; оттек- 20,99 %; аргон 0,94%;(құрғақ ауадағы) олардан басқа ауа құрамында аз мөлшерде:H2 , He, Kr, Ar,Ne, Хe, CO2 газдары және су буы, тозаңдар болады.
Азот. Жартылыста азот дербес күйінде және қосылыс құрамында кездеседі. Барлық химиялық элементтердің ішінде ( инертті газдарды есептемегенде) осы жалғыз азот, басқа элементтермен реакцияласпайды- дербес күйінде атмосферада болады. Азот тірі клеткалардың күн көруіне керекті төрт элементтің бірі.
Азотты алу жолдары. Азоты өндірісте сұйылтқан ауадан, оттекпен екуінің қайнау температурасының айырымын пайдаланып ажыратып алады. Қайнау температурасы оттектікі- (-1830 С); азот (-195,80С) айырмашылығы 12,80С .
Азот пен оттекті ажырату үшін бұларды бірге конденсациялайды. Қайнау температурасы жоғары сұйық оттектің буы, қайнауы төмен сұйық азотпен жанасқанда конденсацияланады. Оттек буының конденсациялануы кезінде бөлініп шығатын жылу есебінен сұйық азот буға ( газға) айналады. Осы операцияларды бірнеше рет қайталаса, газ күйінде таза азот, сұйық түрінде таза оттек алынады. Сұйық ауа құрамында: 54% сұйық оттек (Кт 1830С), 44% сұйық азот (Кт-1960С) және 2% сұйық аргоннан тұрады, бұларды бөлшектеп айдау арқылы бірінен бірін ажыратады( ректификациялау колоннасында).
Ауаны сұйылтуға арналған әртүрлі аппараттар бар. Солардың барлығы қатты қысқан ауаны босатқанда, ол ұлғайып температураның төмендейтін принцпіне негізделген. Әрбір атмрсфераға 0,250С- қа төмендейді. Мысалы: 200атм қысылған ауа 1,0 атм дейін босатылғанда температурасы 500С төмендейді. Осылайша сұйытылған ауаны тағы қысып босатса, одан әрі суып ақырында сұйылады.
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 3475;