Табиғи газдарды конверсиялау.
Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан негізгі әдістерінің бірі сутекті метаннан алу. Табиғи газдардың кейбіреуінде 90% - тен аса, ол кокс газында 25-30% болады. Көмірді шала кокстегенде құрамында метаны көп газдар шығады, метан мұнай өндірісінде де шығатын газдар қоспасында болады.
Метаннан сутекті түрліше әдіспен алады.
1. Метанды крекингтеу( қыздырып алу)
СН4=С+2Н2-4000,08кДж
Метанды отқа берік қыш қондырмалармен толтырылған шахта пештерде крекингтейді. Бұл процесс екі сатыда өтеді. 1) Бірінші сатыда метанды ауамен араластырып, пештің ішін 11000С дейін қыздырады. 2) Екінші сатыда пешке метанның өзін ғана жібереді , осы кезде эндотермиялық реакция жүріп пеш 9000С дейін суыйды. Метанды жағып 11000С-қа дейін қыздырады. Осыдан шыққан сутекті аралас газдардан тазартады.
Метанды су буымен катализдік конверсиялау.
Сутек өндірісінің негізгі әдісі. Бұл әдіс метан және оның туындыларын су буымен, оттекпен, көміртек (ІV) оксидімен тотықтыру мына реакцияларға негізделген.
СН4 + Н2О « СО+3Н2 - 206кДж (а)
СН4 + 1/2 О2 « СО+2Н2 + 35кДж (б)
СН4+ СО2 « 2СО+2Н2 - 248кДж (в)
Келтірілген реакциялар нәтижесінде түзілген көміртек оксиді су буымен темір-хром катализаторының қатысуымен конверсияланады.
СН4 + Н2О « СО + 3Н2
СО +Н2О « СО2 + Н2 +41кДж (г)
Метанды су буымен конверсиялау процесі эндотермиялық процесс:
СН4 + Н2О - СО2 + Н2 - 165кДж
Метанды катализдік әдіспен конверсиялау процесінің бірінші сатысында сутек өндіруге катализатор ретінде Nі/AІ2O3 қолданылады, конверсия процесінің бірінші сатысы 8000С температурада және 1-4 МПа қысымда жүргізіледі. Метанды су буымен конверсиялау процесінің бірінші сатысының өнімі- синтез газ, сутек немесе сутек-азот қоспасын өндіру үшін, процестің екінші сатысында көміртек (ІІ) оксиді су буымен катализдік әдіспен конверсияланады.
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 3510;