Көміртегі оксидін(ІІ) конверсиялау.
Көміртегі оксидін тек ғана су буымен конверсиялайды. Бұл қайтымды экзотермиялық реакция.
СО+Н2О « СО+Н2-DН DН =41кДж
Бұл реакцияның, метанның конверсиясынан айырмашылығы көлемі өзгермей жүреді. Сондықтан қысымды көтеру жүйенің жағдайына әсер етпейді, бірақ реакцияны жылдамдатады.Көміртек оксидінің тепе-теңдік айналу дәрежесі Н2О:СО қатынасының артуымен өседі де жоғары температурада төмендейді.(сурет) Практикада Н2О:СО қатынасын шамамен 4:1 ұстайды.
Жоғары қысымда жүргізілген конверсия жылдамдығы мына формуламен анықталады.
dPCО Р СО - Р*СО
U = ----- -- = К ---------- РН2О
dτ Рн2
К-реакция жылдамдығының тұрақтысы
Р* СО көміртек оксидінің тепе-теңдігінің парциалдық қысымы
Рн2 РН2О Р СО- көміртек оксидінің (ІІ),сутегінің және су буының парциалдық қысымы.
СО-ң тепе-теңдік айналу дәрежесінің бу-газ қоспасының құрамына және температураға байланыстылығы.(Т1<T2<T3)
Көміртек оксидін конверсиялау процесі катализатор қатысында тездетіледі. Қазіргі кездегі конверсия қондырғыларында темірхром және цинкхроммыс катализаторларын қолданады. Калий, кальций оксидтарымен промотрланған темірхром катализаторлары (Fe2O3+Cr2O3+K2O+CaO) жоғары температуралы катализаторлар болып табылады.Керекті конверсия жылдамдығын 450-5000С қамтамасыз етеді. Конвертірленген газда 4% -ке дейін көміртек(ІІ) оксиді қалады.Бұл катализатор конверсияның бірінші сатысында қолданылады.Екінші сатысында ZnO+Cr2O3+CuO катализаторы қолданылады. Бұл жерде 200-3000Ста СО(ІІ) газдағы мөлшері 0,2% жеткізеді.
Көміртек оксидінің (ІІ) конверсиясын жеке процесс ретінде жүргізбейді, оны сутегі мен АВС алғанда СО-ы алып кету үшін яғни одан тазалау үшін, жүргізеді.Сонымен қатар бұл процесте сутегінің мөлшері көбейеді
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 2131;