Физикалық әдіс.
Кокс газын немесе басқада құрамында сутек мол газ қоспасын жете суыту. Бұл әдіспен сутекті немесе аммиакты синтездеуге қолданатын азот-сутек қоспасын өндіруге болады, қосымша жолай этилен, метан, және көмір оксиді фракциялап бөлінеді.
Жете суыту нәтижесінде сутектен басқасының барлығы сұйық күйіне айналатындығы кестеден айқын көрінеді.
Кестеден тазартылған "кері кокс" газының құрамындағы заттардың қайнау температурасы көрсетілген.
Компонент | Н2 | N2 | CO | О2 | CH4 | CnH2n | CO2 |
Құрамын-дағы көлемдік мөлшері,% | 57-61 | 5,0 | 5,8 | 0,8 | 23-27 | 2-3 | 1,5-3 |
Тқ0С (р=0,1МПа) | -252,8 | -195,8 | -191,5 | -183,0 | -161,4 | -103,8 | -79,9 |
Жете суыту әдісіне дейін кокс газы Н2О,С6Н6,Н2S, СО2, NOх қоспаларынан тазартады. Тазартылған " кері" кокс газын 1,3 МПа қысымда тізбекті , көп салалы әдіспен жете суытады. Бөлініп шыққан фракциялар салқындығы суытқыш ретінде қолданады.
Электрохимиялық әдіс- суды электролиздеу.
Электролиз- электр энергиясы арзан аймақтарда сутекті өндіретін техникалық әдістердің бірі. Судың электр өткізгіштігі төмен болғандықтан (10-6 - 2х10-6 ом.см) электролит ретінде қышқыл (Н2SO4), сілтілер (NaOH,KOH) және тұз ерінділері қолданылады. Аппаратқа әсер ететін агресивтік қасиеті басқалардан төмен болғандықтан көбнесе сілті электролит қолданылады.
Тотығу тотықсыздану процесі жүретін электодтарды тұрақты ток көзіне қосқанда электролид арқылы электр тоғының өту нәтижесінде су ыдырайды: анодта - оттек, катодта- сутек бөлінеді, яғни анодта - тотығу, катодта - тотықсыздану процестері жүреді.
2Н2О « 2Н+ + 2ОН-
2Н+ + 2е =2Н; 2Н> Н2( катодта)
2ОН- - 2е =1/2О2 + Н2О( анодта)
Электролиз процесін монополярлы және биполярлы деп аталатын ваннадаларда жүргізеді. Биполярлы электролизердің қуаты монополярлыдан оншақты есе артық. Катод жұмсақ темір, анод никельмен қапталған темір, электродтар асбест дифрагмассамен бөлінген. Бөлінген сутек 99,6-99,9%, оттек 99,2-99,6%.
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 2259;