Жалпы физикалық қасиеттері

 

Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы (көлемдік салмағы), қатты бөлігінің тығыздылығы (меншікті салмағы) және кеуектілігі (қуыстылығы) жатады.

Топырақтың тығыздылығы дегеніміз - табиғи құрылымы бұзылмаған құрғақ топырақтың бір текше көлемінің салмағы. Оны г/см3-мен өлшейді. Өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы топырақ тығыздылығы 1,0-1,2 г/см3. Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырағының қарашірінді қабатының тығыздылығы 1,0-1,1 г/см³ болып келеді. Ал қарашірінді аз, гранулометриялық құрамы құмайт нағыз қара-қоңыр топырақтың үстіңгі қабатының тығыздылығы 1,30-1,35 г/см3 болады.

Топырақтың қатты бөлігінің тығыздылығы – 40С температурада топырақтың қатты бөлігінің бір текше көлемінің салмағының осындай көлемдегі судың салмағына қатынасы. Яғни, топырақтың тек қатты бөлігінің көлемдік салмағы.

Көптеген топырақтардың қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,65 г/см3 болып келеді. Оның мөлшері топырақ құрамында органикалық қосылыстар, қарашірінді мол болса кеми түседі, ал ол аз болса ұлғая түседі.

Топырақтың кеуектілігі – оның қатты бөлігі арасындағы қуыстардың қосындысымен есептеледі. Оны бір текше топырақ көлеміндегі кеуектердің (қуыстардың) үлесін пайыз мөлшерімен өлшеу арқылы сипаттайды.

Топырақтың кеуектілігін есептеу үшін топырақтың тығыздылығының (dv) және қатты бөлігінің тығыздылығының (d) көрсеткіштерін қолданып төмендегідей теңдеу арқылы анықтайды:

Топырақтың кеуектілігі оның гранулометриялық құрамына, түйіртпектігіне, органикалық заттар мөлшеріне, топырақ фаунасының, әрекетіне және оны баптап, өңдеу әдісіне байланысты.

Н.А. Качинскийдің сипаттауы бойынша егер топырақтың кеуектілігі 55-65% болса оған өте жақсы баға беріледі (17-кесте). Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырағының қарашірінді қабатының кеуектілігі 50-60%, ал саздақты ашық қара қоңыр топырақтың кеуектілігі – 48–51% болып келеді.

17-кесте. Топырақтың кеуектілігін бағалау (22)

 

Балшық және саздақ механикалық құрамды топырақтар үшін топырақтың кеуектілігі, % Топырақтың сапасын бағалау
> 70   Топырақ борпылдақ. Артық кеуекті.
65-55 Мәдени бапталып өңделген. Өте жақсы.
55-50   Топырақтың өңделетін қабаты үшін қанағаттандырарлық.
< 50   Топырақтың өңделетін қабаты үшін қанағаттандырарлықсыз.
25-40 Топырақтың тығызданған иллювиалды қабаттарына тән, өте нашар







Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4567;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.