Бас жоспардың және көліктің жалпы сұлбасы
Машинажасау зауыттарының бас жоспар жобаларын әзірлеу кезінде өндірістік процестердің бірізділігімен анықталатын жүк ағымдарының сұлбалары түбегейлі мәнге ие. 8.6-суретте толық өндірістік циклымен машинажасау зауытының сұлбасы ұсынылған.
Өндірістің ағымдылығы бас жоспарды дұрыс жобалаудың басты шарттарының бірі, сонымен материалдар мен дайындамалардың ең қысқа арақашықтығын қамтамасыз ету қажет. Цехтер өндірістік процестің барысы бойынша орналасуы керек: қоймалар, дайындама цехтері, өңдеу және құрастыру цехтері. Цехтер мен қоймалардың орналасуы бойлық, көлденең немесе құрамдастырылған болуы мүмкін. Бойлық сұлбалар керілген аудандарға тән. Көлденең орналасу алаңқайдың еңін оның ұзындығымен салыстырғанда қатты артуын білдіреді. Алғашқы сұлбалар ауыр машинажасау зауыттары үшін, екіншілері жеңіл және жалпы зауыттарға тән.
Жалпы машинажасау зауыттары үшін құрамдастырылған сұлбалар қолданылуы мүмкін. Машинажасау зауыттарының бас жоспарын жобалау кезінде аймақты зоналауды өткізеді, бұл өндіріс технологиясын, көлікті, еңбек қорғауды, сонымен қатар, сәулеттік-жоспарлау шешімдерін дұрыс шешуді қамтамасыз етеді. Зоналау аумақты дұрыс пайдалануға және салуды дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Машинажасау зауыттары үшін келесі зоналар тән:
- жүктер келетін және жіберілетін теміржол жолдарының бір немесе екі жағы бойынша орналасатын жалпы зауыттық қоймалары,
- дайындамаларды құю, қалыптау және соғу жүргізілетін дайындау цехтері,
- бөлшектер металл кескіш станоктарда машиналық өңдеуден өтетін өңдеу цехтері,
- іріктеуші, өңделген және дайындалған бөлшектерден тораптарды, машиналарды және механизмдерді жинау жүргізіледі, сонымен қатар, бұйымды сынау және жөндеу, соңғы құрастыру және бояу жүргізілетін құрастыру цехтері.
Жалпы мекеме, қоймалар, зауыт басқармасы, инженерлік корпус, асхана, кіреберіс, автотұрақтар және т.б. зауыт алдыңғы зонаны жасайды.
Дайындау, өңдеу, құрастыру, термиялық және басқа да цехтер өндірістік зонаны құрайды.
I-қоймалар; II-дайындау цехтары; III-өңдеу және жинау цехтары; IV-энергетикалық құрылғылар
8.6-сурет-Машинажасау зауыдының өндіруінің сызбасы
Механикалық-жөндеу, аспаптық, модельдік, құрылыстық-жөндеу және басқалары көмекші цехтер зонасын құрайды (8.1-сурет).
Машинажасау зауыттарының құрылысын панельдік (төртбұрыштық) әдіс, приметральдік немесе жаппай салу әдісі бойынша жүргізуге болады.
Панельді құрылыс барысында ғимараттарды учаскенің ең үлкен жағында параллельді екі көршілес өтетін жермен шектелген зауыт аумағының бойлық жолақтарында орналасады. Панельдік құрылыс өндірісті ұйымдастыру үшін едәуір үлкен икемділікке ие және сондықтан кеңінен таралған.
Периметрлік құрылыс – бұл әдеттегі қалалық құрылыс, мұнда ғимараттар учаскенің периметрі бойынша ұзартылған күйінде орналасады. Осындай құрылыс шектеулі аймақ барысында қолданылады.
Жаппай құрылыс зауыттың барлық цехтері бір ғимаратта орналасуымен ерекшеленеді. Сонымен құрылысқа бөлінген аудан барынша көп қолданылады, көліктік-технологиялық байланыс және өндірісті автоматтандыру үшін жағымды алғышарттарды құрайды. Бірқатар шарттар бойынша жаппай құрылыс тәжірибеде кең қолданыс тапқан жоқ (Саран қаласының РТИ зауыты - өкіл).
Жеке ғимараттар мен үймереттерді блоктау жаппай құрылыс және бас жоспардың ықшамдығын қамтамасыз ету амалдарының бірі ретінде отандық және шетелдік машинажасау зауыттарын жобалау тәжірибесінде кең қолданыс тапты. Бір ғимаратта цехтерді және өндірістік бөлмелерді блоктау аумақты барынша үнемдеуге мүмкіндік береді, күрделі шығындарды және пайдаланушылық шығындарды төмендетеді, сондықтан негізгі, қосымша және қызмет көрсетуші цехтерді, бір немесе бірнеше бөлмелерде қоймаларды және көмекші қызметтерді блоктауды алдын ала қарастырған дұрыс. Көбінесе бұған біртекті технологиялық процестері бар өндірістерді бірлестіру жолымен қол жеткізеді. Бір ғимаратта кейбір өндірістердің бірігуі өзара сәйкес келмеушілікті болғызбайтын іс-шараларды өткізу қажеттілігін алдын ала болжайды. Мысалы, блоктарға қалыптау, престік-темір соғатын цехтерді біріктіруге болмайды. Жылуды көп бөлумен цехтер мен блоктарды жақсы тартылған желдеткішімен жеке блоктарға бөліп қою қажет. Дұрыс блоктау үлгісі Волга автомобиль зауыты және «Москвич» Лениндік комсомол зауытының бас корпусы бола алады (8.7-сурет).
Машинажасау зауытының бас жоспарын жобалау кезінде СНиП бойынша нормативтіктен төмен болмауы керек құрылыстың ең жоғары тығыздығын қамтамасыз еткен жөн. Ауыр машинажасау зауыттарына арналған бұл көрсеткіш мамандандыруға қарай 50-52% төмен емес, автозауыттар үшін - 45%, мотор салу-50%, ішпектік-55%, аспаптық-60% және т.б.
Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 1845;