Ю цехтері

 

Құю цехтері қақталған және бұлыңғыр шойынның шойын құю цехтері, фасондық-құю, болат құю және түсті құю цехтері болып бөлінеді. Технологиялық процесс жалпы металл қорыту үшін қажет материалдар (шихта деп аталатын) материалдар қоймасынан қорыту бөліміне түседі, мұнда қорыту агрегаттарына тиеледі: вагранкалар, конверторлар, электр пештері. Одан әрі қорытылған металл шөміштерге құйылады, крандар арқылы құю бөліміне тасымалданады, ал онда қалыптарды дайындап, металмен толтырады.

Қатқаннан кейінгі құймаларды қалыптардан босатады. Бұл операция толық механикаландырылған. Қалыптан алынған құйма ішкі цехтік көлікпен құю жолдарын қию және жанған жерден құймалардың үстіңгі бетін тазарту үшін қию бөліміне беріледі.

Кейбір құймалар – қиюдан кейін болаттық құю және қақтауға төзімді шойын қысу үшін пештерде арнайы термиялық өңдеуге ұшырайды. Қыспақтан кейін шынықтыруды не суда, майда немесе басқа сұйық орталарда (ауада да болуы ықтимал) арнайы ванналарда жүргізеді.

Құю цехінің бөлімдері барлық операциялар ағымдық болатындай технологиялық процеске сәйкес орналасқан. Құю цехтері, әдеттегідей, жұмыстардың жеке түрлеріне мамандандырылған бірнеше бойлық аралыққа бөлінген тік бұрышты конфигурациялы ғимараттарда орналасады. Қалыптастырушы материалдарды шихталық қойма-ауласы жиі бір аралық орналастырады.

8.1-суретте төрт аралығы бар құю цехінің сұлбасы көрсетілген. Теміржол жолдары шихта қоймаларына, қалыптастыру материалдарына және дайын өнімдеріне қызмет етеді.

8.2-суретте рольгангтік типтегі цех көрсетілген, онда тіреуіштер мен қалыптардың құю бөлімдерінің арасында орын ауыстыруы ольгангтар арқылы іске асырылады. Бұл сұлба ішкі цехтік көлікті толық механикаландыруды қамтамасыз етеді. Кейбір құю цехтерінде шөгінділердің және қалыптардың жылжуы тұйық типті конвейерлермен іске асырылады. Құю цехі теміржол зауыттық станциясымен ыңғайлы байланысқа ие болуы және бас жоспарда металл өңдеуші цехтерге жүктерді тасымалдау алыстығы мүмкіндігінше төмен болатындай орналасуы керек.

 

1-шахта қоймасы;2-жердайындау бөлімшесі;3- кептіру; 4-балқыту бөлімшесі; 5-пішін беру бөлімшесі; 6-өзек бөлімшесі; 7-шабу бөлімшесі; 8- құю қоймасы; 9-көмекші бөлмелер; 10- мыс құю бөлімшесі; 11- қойма; 12- тұрмыстық бөлімшелер

 

8.1-сурет-Көлденең аралықта қысқарту және екі аралықта пішіндеу бөлімшелері бар төртаралықты құю цехының сызбасы

 

1-Шахта қоймасы;2-жер қоймасы;3- павильонды бөлім;4-жер дайындау бөлімі;модельдер қоймасы;6-ожау;7-зертхана; 8-стерженді бөлім;9-пішіндеу бөлімі;10-құю бөлімі;11-соғу бөлімі;12-шабу бөлімі;13-қойма;14-ұрмыстық бөлімше;15-монорельсті жол

 

8.2-сурет-Құю цехының сызбасы

 








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 1454;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.