Жалпы мәліметтер. Машинажасау – бұл ауыр машинажасаудан, автокөлік құрылысынан, ұшақ құрылысынан

 

Машинажасау – бұл ауыр машинажасаудан, автокөлік құрылысынан, ұшақ құрылысынан, вагон құрылысынан, орнақ құрылысынан, ішпектер жасаудан және т.б. тұратын өнеркәсіптің кең саласы.

Өндірістік циклдың толықтығы принципінен шыға отырып, барлық машинажасау зауыттары 4 негізгі типке бөліне алады:

а) дайындау цехтерінен (құю, темір соғатын, престік), өңделетін және жиналатын толық өндірістік циклы бар,

б) толық емес өндірістік циклы бар – дайындау, басқа зауыттар үшін дайындамалар шығаратын централиттер, центрокуздер, центросварлар және т.б.

в) басқа кәсіпорындардан алынатын бөлшектерден машиналарды жинауды ғана орындайтын, жиналатын,

4) арнайы – жабдықты дайындайтын аспаптық, ішпектік, агрегаттар мен іріктеуші бұйымдар.

Соғысқа дейінгі жылдарда толық өндірістік циклымен машинажасау зауыттарының құрылысы жүргізілді. Кейінгі жылдарда, кооперация мен мамандандыруды кеңінен еңгізумен байланысты екінші, үшінші және төртінші типті зауыттар кеңінен таралды. Бір мезгілде зауыттар және бірінші типті ірі автозауыттар, вагон салу және т.б. тұрғызылады.

Машинажасау өндірісінің типі оның сериялылығымен сипатталады. Осы критерий бойынша келесі топтарды ажыратады: бірлі-жарым және ұсақ сериялы, орта сериялы, ірі сериялы және көпшілік.

Машинажасау зауыттарының цехтері 3 топқа бөлінеді: негізгі немесе өндірістік, көмекші және қызмет көрсететін.

Негізгі цехтерге жатады: дайындау – құю және темір соғатын, өңдеуші - механикалық, термиялық, металлоконструкциялар, қазандық; жинау. Кейбір машинажасау зауыттарында ағаш өңдеуші цехтер бар.

Көмекші цехтержабдықты дайындайды, өндіріс құралдарын жөндейді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізеді. Осы цехтерге механикалық-жөндеу, аспаптық, модельдік және т.б. жатады.

Қызмет көрсету цехтері мен қызметтері энергетикалық құрылғылардан, қазандықтардан, компрессорлықтардан және т.б тұрады.

Жаңа машинажасау кәсіпорындары кезінде энергетика, көлік, сумен қамту т.б. салаларда кеңінен кооперациялау алдын ала қарастырылған, сондықтан, кейбір жаңа зауыттардың құрамында бұрын салынған зауыттарға кіретін сәйкес қызмет көрсету қызметтері жоқ.

Іске қосылған машинажасау зауыттарын қайта құру және жаңасын салу кезінде мамандандыруды одан әрі тереңдету, бөлшектік және технологиялық мамандандыру зауыттарын тікелей құру алдын ала қарастырылатынын есте сақтаған дұрыс.

 








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 1375;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.