Механикалық құрастыру цехтері
Механикалық құрастыру цехтері машинажасау зауыттарының өнімін механикалық өңдеу және ақырғы құрастыруға арналған. Дайындық цехтерінен немесе аралас кәсіпорындарынан келіп түсетін жартылай фабрикаттар станоктарда (жону, бұрғылау, фрезерлік, қашау, сүргілеу және т.б.) суықтай өңдеуге ұшырайды, әрі қарай, егер технология талап етсе, шынықтыру немесе термиялық өңдеу циклынан өтеді, содан кейін тораптарды, агрегаттарды және машиналарды құрастыруға түседі.
Механикалық құрастыру цехтеріне өндірістік бөлімдер, көмекші бөлімдер, тұрмыстық және қызметтік бөлмелер жатады.
Өндірістік бөлімдердің құрамы дайындалатын бұйымдардың түріне және өндірісті ұйымдастыруға байланысты. Жоспарлау негізін станоктардың орналасуы құрайды. Оларды орналастыру жүйелігі бөлшектерді өңдеу жүйелілігіне тәуелді.
Механикалық құрастыру цехтерінің көмекші бөлімдеріне дайындық бөлімдері, материалдар мен дайындамалар қоймалары, бақылау бөлімі және т.б. жатады. Көмекші бөлімнің құрамына аспаптық, орайтын, бояу және басқа да бөлмелер кіреді.
Механикалық құрастыру цехінің жоспарлық құрамдастырылуы шамамен келесі тәртіпте құрастыру кезеңдері бойынша бөлшектердің белгілі бір өту жүйелілігімен жұмыс орындарының орналасу мүмкіндігін алдын ала қарастыруы керек: слесарьлық өңдеу, тораптарды құрастыру, жинақтарды (агрегаттарды) құрастыру, машинаны немесе механизмді жалпы құрастыру, реттеу, сынау және бояу. Бұйымды бояу бөлшектік болып та жүргізіле алады. Құрастыру оның түріне және тәсіліне қарай жүргізіледі: стационарлық – жабдықталған стендтерде немесе стапельдерде, жылжымалы рольгангтарда және әртүрлі типті конвейерлерде ағымдық құрастыру, аспалы монорельстік жолдарда және т.б. Цехтерді жоспарлау кезінде өндірістік процестің тура дәлдігін құру және еңбектің ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатқа лайық.
Механикалық құрастыру цехінің ғимаратын жоспарлауға әсер ететін маңызды фактор ол ішкі цехтік көлік тәуелді өңделетін бөлшектердің массасы. 8.5-суретте (а,б,в) механикалық құрастыруды жоспарлаудың әртүрлі сұлбалары ұсынылған. Үйлесімді аспаптық және механикалық-жөндеу цехтерімен механикалық және құрастыру цехтері болып табылады.
Ішкі цехтік көлік өндірістің ағымдылығын қамтамасыз ететін барлық операцияларды орындайды.
1-материалдар қоймасы және дайындаулар;2-механикалық цех;3-аралық қойма;4-жинау бөлімшесі
8.5-сурет-Механикалық жинау цехтарының жоспарлау сызбасы
Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 3133;