Физикалық-механикалық қасиеттері

Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері оны өңдегенде және өсімдік тамырларының дамуына тікелей әсерін тигізеді. Оларға топырақтың қаттылығы, байланыстылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі және отыруы, меншікті кедергісі көрсеткіштері жатады.

Топырақтың қаттылығы оның қабаттарына бойлата енгізген құрал білікке көрсететін кедергісі. Оны кг/см2 мөлшерімен сипаттайды. Топырақтың ылғалдылығына, гранулометриялық құрамына байланысты оның мөлшері 5-тен 45кг/см2–дейін болуы мүмкін. Топырақтың қаттылығымен оның меншікті кедергісі арасында тікелей қатынас бар. Қаттылығы жоғары топырақтың меншікті кедергісіде жоғары болады.

Топырақтың меншікті кедергісі – оны жырту кезінде әр шаршы см топырақ бетіне жұмсалатын тарту күшін сипаттайды. Меншікті кедергі топырақтың гранулометриялық құрамына, түйіртпектілігіне, ылғалдылығына, қаттылығына байланысты өзгереді. Мысалы, гранулометриялық құрамы құмайт топырақта бұл көрсеткіш 0,2-0,3 кг/см2, орташа құмбалшықты топырақта 0,5-0,7 ал, ауыр құмбалшықты топырақта 0,7 кг/см2 ден көп болады.

Топырақтың байланыстылығы – оның бөлшектерін бір-бірінен айыруға бағытталған күшке қарсыласу қабілетін көрсетеді. Байланыстылық топырақтың гранулометриялық құрамына және ылғалдылығына байланысты. Балшық, құмбалшық топырақтардың байланыстылығы құм, құмайт топырақтардың осы көрсеткішінен жоғары болады. Қазақстанның топырақтанушы ғалымдары осы көрсеткішті топырақтың эрозияға төзімділігін бағалауға қолданады (18-кесте).








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 5020;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.