Оңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері

 

Қоңыр топырақ аймақшасы Атырау облысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Шөл аймағында топырақ түзілу келесідей ерекшеліктер ықпалы жағдайында өтеді. Ауа райы өте құрғақ, жылына 120-170 мм ылғал түседі, оның басым бөлігі көктемде және біраз бөлігі күзде түседі. Топырақтың ылғалдануы тереңдігі 30-35 см-ден аспайды.

Өсімдіктер жамылғысы ішінде ксерофитті шала бұта және тұзға төзімді шөптесін өсімдіктер басым, ал шашақ тамырлы астық тұқымдас және аралас шөптер түрлері кездеспейді. Топырақ бетінің өсімдікпен жабылуы 20-30%-дан аспайды. Ксерофитті шала бұта өсімдіктерден түсетін мардымсыз қалдықтар белсенді аэробты процестер әсерінен тез минералданып, топырақты органикалық заттармен әлсіз байытады. Сонымен бірге үгілудің және топырақ түзілудің өнімдері топырақ кескінінде ылғалмен аз шайылып жылжиды. Осы ерекшеліктің әсерінен топырақ кескінінің қабаттарға жіктелуі әлсіз байқалады. Топырақтың үстінде шымданған қабат орнына, кеуекті қабыршақ қабат және оның астында қатпарланған қабат құралады. Қарашірінділі қабаттынаң қалыңдығы әлсіз және қарашіріндінің мөлшері аз болып қалыптасады. Топырақтың сіңіру көлемі шамалы, түйіртпектігі нашар дамыған. Карбонаттану мен сортаңдану құбылыстарының кең көлемде дамуы байқалады.

Қоңыр топырақтың қарашірінділі А қабатының қалыңдығы 11 ден 27 см-ге дейін жетуі мүмкін. Түсі ашық-сұр (қоңыр), сәл тығыздалған. Үстінде нашар дамыған жұқа (2-5 см) кеуекті қабыршақ қабат, ал оның астында қатпарланып орналасқан, тақталы немесе тақталы-қабыршақты түйіртпекті А қабаты бар. А+В1 қабаттарының қуаты 25 см-ден – 46 см-ге дейін болады.

В қабатының түсінде күрең рең басым болады, және оның түйіртпектігі кесекті немесе әлсіз кесекті-жаңғақшалы және тығыздылығы арта бастағаны байқалады. Кейде бұл қабаттың В1 және В2 қабаттарына жіктелуі айқын көрінеді. Көбінесе В қабаты бірден карбонатты иллювиальды ВК қабатына ауысады. Оның түсі ақшылданып сарғыш-күрең болып келеді, түйіртпектігі жаңғақшалы-кесекті, тығыздалған. Қабат карбонатты дақтарға өте бай. Бұл қабаттың астында тығыздылығы кеміген, кейде ғаныш дақтары кездесетін қабат, содан кейін аналық тау жынысы орналасады. Ол көбінесе карбонатты, сонымен бірге сортаңданған болуы мүмкін.

Қоңыр топырақтар көбінесе карбонаты болып келеді, HCl ерітіндісінен топырақтың үстінгі бетінің қайнауы жиі байқалады.

А қабатында 1-2,5% қарашірінді болуы мүмкін. Гранулометриялық құрамы жеңіл түршелерінде оның мөлшері 0,7-0,9%-ға дейін кемиді. Топырақтың 1 м қабатында қарашірінді қоры 30-100 т/га дейін болады. Қарашірінді құрамында фульвоқышқылдар мөлшері басым болып келеді. Сіңіру қабілеті 100 г топырақта 17-19 м-экв. (43 -кесте). Топырақ ертіндісінің реакциясы әрқашанда сілтілі болады (рН 7,5-9,0).

Қоңыр топырақтар ішінде жиі кездесетін келесідей топырақтар тегі бар:

- кәдімгідей

- тереңнен қайнайтын

- кебірленген

- кебірленіп–сортаңданған

- сортаңданған

- әлсіз жіктелген

- ғанышты

- шала дамыған

Сұр-қоңыр топырақаймақшасы Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін, Жамбыл, Алматы облыстарының солтүстік және Ақтөбе облысының оңтүстік бөлгін қамтиды.

Аймақшаның басты топырағы сұр-қоңыр топырақ және онымен қатар аймақшада тақырлар, тақырсымақ топырақтар, сорлар және шөлдің құм топырағы кездеседі.

Сұр-қоңыр топырақ қабаттарға жақсы жіктелген. Оның үстінде ақшылт немесе ақшыл-сұр кеуекті, 5-10 см қалыңдығы бар қабыршақ қабат орналасқан. Оның астында ашық-сұр түсті борпылдақ, өсімдік тамырлары бар қабыршақты, қатпарланған қабыршақ асты қабаты. Қалыңдығы 10-15 см. Одан кейін тығыздалған, балшықпен байытылған күрең немесе қызғылт-күрең түсті, кесекті-жаңғақша түйіртпекті ВК карбонатты иллювиальды қабат орналасқан. Қабаттың қалыңдығы 20-25 см. Бұл қабаттың астынғы бөлігінде мол карбонат дақтар жиналған. Әрі қарай 60-80 см тереңдікте сәл өзгерістерге ұшыраған С – аналық тау жынысы қабаты жатады.

Осы топырақтың үстіңгі қабатында 0,6-2,2% қарашірінді бар. Ауыр гранулометриялық құрамды түршелерінде оның мөлшері 1,3-2,1 болса, жеңіл гранулометриялық құрамды түршелерінде оның мөлшері 0,6-1,0%-ға дейін кемиді. Жалпы азоттың, фосфордың және олардың жылжымалы түрлерінің қоры бұл топырақта шамалы болады. Топырақтың сіңіру көлемі де аз (100г топырақта 4-19м-экв.). Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның тік кесінінде әрқашанда сілтілі болады.

Бұл топырақтың тік кескіні түгелдей карбонатты болады және кейде оның мол жиналуы екі рет байқалады. Бірінші рет топырақтың үстіңгі бетінде болса, екінші рет топырақ кескінінің орта шенінде байқалады.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2962;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.