Шөл аймағының топырақтары

 

Шөл аймағы Қазақстандасолтүстік жарты шардың 410-480 (кей ауданда 490) ендіктері аралығында орналасқан. Ол батыстан шығысқа дейін 2800 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 850 км-ге созылған кең өңірді алып жатыр. Ауданы 119,4 млн.га немесе республика жер ауданының 43,8% құрайды.

Бұл аймақ Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының түгел жерін, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының біраз жерін, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін алып жатыр. Аймақ қоңыр топырақты солтүстік шөл және сұр-қоңыр топырақты орталық шөл аймақшаларына бөлінеді. Яғни, қоңыр топырақ типі қоңыр және сұр-қоңыр типшелеріне бөлінеді.

ТМД - елдерінде қоңыр топырақтар 94 млн.га, ал сұр-қоңыр топырақтар 130 млн. га аумақты алып жатыр. Әсіресе, Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстанда кең таралған.

Топырақ құралу жағдайлары. Қазақстанда қоңыр топырақты солтүстік шөл аймақшасы 57,4 млн.га жерге орналасқан. Ол Каспий маңы ойпатының және Орал үстіртінің оңтүстік бөлігін, Маңғыстаудың біраз бөлігін, Сарыарқаның оңтүстік беткейін алып жатыр.

Топырақ түзуші тау жыныстары Каспий маңы ойпатында лөске ұқсас құмбалшықтар, сортаңданған аллювиальды көл шөгінділері және құм мен құмды-балшықты көне дәуірдің аллювий шөгінділері. Сарыарқа төңірегінде құба-сары карбонатты лөске ұқсас құмбалшық және үштік кезеңнің алапес тұздалған шөгінділері. Гранулометриялық құрамы жеңіл шөгінділер де көп тараған.

Аймақшада атмосферадан түсетін ылғал өте аз. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 130-170мм, және оның түсуі ерте көктем мен күздің аяғында байқалады. Буланғыштық түсетін ылғал мөлшерінен 10-12 есе көп. Ауаның белсенді температурасының қосындысы 3100-39000. Осындай климаттық жағдайдың әсерінен топырақта ылғалдың өте тапшылығы байқалады. Топырақта өсімдіктердің, микроорганизмдердің тіршілігінің екі тыныштық кезеңі өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезеңі.

Аймақшада өсетін өсімдіктер де ауа райының осындай қысымшылығына бейімделген. Олар сирек өскен жусанды – сораң және жусан шөптер тобы өсімдік жамылғысынан құралған. Олардың топыраққа қалдыратын қалдықтары шамалы. Жоғарыда келтірілген топырақ түзілуінің экологиялық жағдайына байланысты қарашірігі аз, түсі бозғылт тартқан, аналық тау жынысының түсіне ұқсас қоңыр топырақтар түзілген.

Сұр-қоңыр топырақты орталық шөл аймақшасы батысында Каспий теңізі жағалауынан (Маңғыстау үстіртінен) басталып шығысында Балқаш – Алакөл ойпатына дейін созылған кең алқапты алады. Оның ауданы 61,8 млн. га. Аймақшаның басым бөлігі аллювиальді-жазықтықтарда, біраз бөлігі Маңғыстау, Үстірт, Бетпақдала көтеріңкі жазықтықтарында (үстірттерде) орналасқан. Аналық тау жыныстары құмбалшықты, құмбалшықты–қиыршықты, құмайтты, құмды шөгінділер. Олардың құрамына карбонаттар және ғаныш жиналған.

Климаттың құрғақшылығы және континентальдылығы, қоңыр топырақты шөл аймақшасына қарағанда арта түседі. Жылына 120-150 мм жауын-шашын түседі, оның негізгі бөлігі көктемде байқалады. Ауаның белсенді температурасының қосындысы 3450-40000. Гидротермиялық коэффициент 0,1-0,3, ылғалдылық коэффициенті 0,2-ден аз.

Өсімдік жамылғысы жусанды-сораң, және сораң өсімдіктер тобынан құралған, сонымен бірге аздап эфемер өсімдіктерде кездеседі. Бұлардың органикалық заттар түзуі мардымсыз болып келеді.

Топырақ жамылғысы құрылымында сұр-қоңыр топырақ 44,6%, құм және құмды шөл топырағы - 30,2, тақырлар мен тақырсымақ топырақтар - 11,0, кебірлер мен сорлар - 8 және гидроморфты топырақтар 6% үлес алады.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3845;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.