Тақырлар мен тақырсымақ топырақтар
Тақырлар -шөл аймағындакездесетін ерекше топырақ типі. Олар Сырдария өзені сағасында, Қызылқұм, Үстірт, Бетпақдала аумағында кездесетін тегістелген табақша тәрізді ойпаттармен, ойпатша жерлерде кездеседі. Тақырлар көбінесе гранулометриялық құрамы балшықты көне дәуірдің аллювий шөгінділерінде, пролювиальді, делювиальді аналық тау жыныстары үстінде пайда болады. Осы аналық тау жыныстары карбонатты және тұзды болып келеді. Тақырдың үстінде жоғары сатыдағы өсімдіктер өспейді. Оның бетінде тек қысқа мерзімді дамитын балдырлармен қыналар қоныстанады.
Тақырлардың жаратылуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде И.П.Герасимов пен Е.Н.Иванова тақырларды гидроморфты топырақтар қатарына жатқызып, топырақ түзілу, сортаңдану кебірлену үдірістері әсерінен қалыптасып және топырақта қайталанып кезектесіп жүретін сортаңдану мен тұздардың шайылуы құбылыстарының топырақ түзілуіне ықпал тигізетінін көрсетеді. Ал Ө.О.Оспанов пен А.Н.Розанов тақырлардың жаратылуын, кескінінің және физикалық қасиеттерінің қалыптасуын олардың аналық тау жыныстарының балшықты болып келуімен байланыстырады. Шөл аймағының гидротермиялық жағдайлары және аналық тау жыныстарының гранулометриялық құрамы тақырлардың нашар қасиеттерінің қалыптасуына әдетте үлкен ықпал жасайды. Тақырлардың басты морфологиялық белгілері келесідей:
Оның құрылысы ерекше болады. Үстінде тарамдалып жарылған, қатты, қызғылттау сарғыш түсті, қуысты қабыршық қабат бар. Қалыңдығы 2-3 см болып келеді. Құрғақ күйінде бұл қабат өте қатты, ал дымқылданғанда тығыздалып, жабысқақ болады. Жарықтардың тереңдігі 15-20см-ге жетеді. Кеуіп қалған балдырлар топырақ бетіне қызғылттау түс береді. Қабыршақ қабаттан кейін, қабыршақ асты қабаты орналасқан, қалыңдығы 6-12см-ге жетеді.
43-кесте. Шөл аймағының топырақтарының химиялық, физикалық – химиялық қасиеттері (14)
Раз рез дің рет са ны | Топырақ атауы, мекені | Үлгі алын ған қабат, см | Қара шірінді,% | Жал пы, азот, % | СО2, % | Алмаспалы сіңген катиондар, м-экв/100г | Су ерітіндісі, % | рН | Гранулометрия лық құрамы | ||||||
Ca | Mg | Na | қосын ды | тұз қал дық | сілті лігі | ||||||||||
<0,01 мм | <0,001 мм | ||||||||||||||
Қоңыр кебірлен ген, Маңғыс тау ауданы | 0-10 | 1,24 | 0,112 | 8,8 | 8,91 | 1,85 | 1,43 | 12,19 | 0,053 | 0,035 | 8,1 | 42,3 | 11,2 | ||
20-30 | 0,84 | - | 8,3 | 9,15 | 1,85 | 1,40 | 12,40 | 0,112 | 0,056 | 8,1 | 47,3 | 24,7 | |||
40-50 | 0,68 | - | 9,5 | 3,54 | 5,01 | 2,46 | 11,01 | 0,337 | 0,042 | 8,2 | 54,7 | 26,6 | |||
80-90 | 0,54 | - | 8,6 | - | - | - | - | 1,635 | 0,140 | 8,2 | 49,6 | 23,4 | |||
Сұр-қоңыр кебірлен ген орташа құмбалшықты Үстірт | 0-7 | 0,71 | 0,012 | 13,4 | 5,09 | 5,29 | 1,04 | 11,42 | 0,111 | 0,035 | 8,2 | 31,3 | 6,7 | ||
10-20 | 0,53 | - | 11,0 | 4,39 | 5,58 | 1,08 | 11,06 | 0,680 | 0,021 | 8,0 | 32,1 | 10,9 | |||
30-40 | 0,55 | - | 9,5 | 2,64 | - | 0,94 | 3,58 | 1,915 | 0,010 | 8,0 | 23,3 | 11,5 | |||
55-65 | 0,35 | - | 10,5 | - | - | - | - | 1,926 | 0,014 | 8,0 | 28,2 | 7,2 | |||
100-110 | - | - | - | - | - | - | - | 1,695 | 0,010 | 8,0 | 23,3 | 11,5 | |||
Тақыр, Алматы обл, Қаратал өзенінің аңғары | 0-2 | 0,7 | 0,047 | 15,2 | 5,00 | 2,00 | - | 7,0 | 0,13 | 0,067 | 10,0 | 27,4 | 5,8 | ||
2-8 | 0,0 | - | 6,8 | 3,02 | 2,00 | 1,8 | 6,2 | 0,37 | 0,252 | 10,5 | 43,2 | 21,1 | |||
15- 25 | 0,3 | 10,1 | 1,00 | 1,00 | 1,00 | 5,10 | 7,1 | 0,70 | 0,202 | 10,5 | 36,3 | 25,5 | |||
40-50 | 0,2 | - | 7,2 | - | - | - | - | 0,39 | 0,161 | 10,5 | 27,0 | 13,2 | |||
63-73 | - | - | 3,4 | - | - | - | - | 0,28 | 0,120 | 10,5 | 10,4 | 5,7 |
Өте қатты, түйіршіктері де тығыздалған, ал дымқылданғанда біртекті тығыз жабысқақ күйге көшеді. Бұл қабаттан кейін түйіртпексіз, тығыздалған тоң кесекті қабат орналасады және ол аналық тау жынысына өте ұқсас болып келеді.
Тақырлардың өте тығыздалып, қатуы оның құрамында – коллоидты бөлшектердің мол болуымен байланысты, ал үстінде қабыршақтың пайда болуы құрамындағы натрий иондарының ылғалды топырақтың түйіршіктерін ірітіп, бұзуы және өте құрғақшылық жағдайда топырақ бетінің кебуімен байланысты болып келеді.
Тақырлар сортаңдануына, ылғалдылығына және қабыршақ қабаттың даму дәрежесіне байланысты екі типшеге бөлінеді:
- нағыз тақырлар (балдырлы);
- шөлейттенген тақырлар (қыналы);
Нағыз тақырлардың келесідей тектері бар:
- кәдімгідей;
- сортаңдаған;
- кебірленген;
- тығыздалып кебірленген;
- құмданған
Тақырлардың гранулометриялық құрамы әдетте балшықты болып келеді, ал кескінінің төменгі қабаттарында құмдардың жиналып жеңілдеу гранулометриялық құрамға көшуі байқалады.
Тақырларда өте аз мөлшерде қарашірінді бар (0,3-0,8%). Қарашірінді заттары ішінде фульвоқышқылдар басым (СГ:СФ =0,4-0,5) Қарашіріндінің қоры 1 м топырақ қабатында 85т/га –дан артық емес. Жалпы азоттың мөлшері 0,03-0,06% болып келеді. Жылжамалы фосфордың және алмаспалы сіңген калийдің мөлшері аз. Сіңіру сыйымдылығы 100г топырақта 5-10 м-экв. Сіңіру кешені құрамында Са2+,Mg2+ иондарымен бірге, көбінесе Na+ иондарыда мол болады (>20%). Топырақ ерітіндісінің реакциясы өте сілтілі (рН 8-10). Тақырлардың көпшілігі сортаңданған. Тұздар әсіресе қабыршақ астындағы қабатта жиналған. Карбонаттар тақырлардың үстінгі бетінен бастап кездеседі. Тақырлардың ылғалдылық және физикалық қасиеттері нашар. Олардың ылғал өткізгіштігі шамалы, байланыстылығы үлкен, қуыстылығы нашар. Құрғақ күйінде өте тығыздалған. Бұл топырақтың құрамында әрқашанда ылғалдың тапшылығы байқалады.
Тақырсымақ топырақтаршөл аймағындағы Сырдария, Шу, Іле өзендерінің кеуіп қалған ескі арналарында, террасаларда, қазаншұнқырларда кездеседі. Тақырсымақ топырақтардың үстінде өте сирек орналасқан жоғары сатыдағы өсімдіктер бар (жантақ, қара сексеуіл, жусан, кейреуік т.б. шала бұталар). Шым қабат болмайды. Топырақ беті жалаңаш, бытырап жарылған, тығыздалмаған және су өткізу қабілеті бар.
Тақырсымақ топырақтардың үстіңгі қабаттары жақсы жіктелген. Үстінде 2-5см қалыңдығы бар әлсіз біріккен, қуысты қабыршақ қабат. Одан кейін ашық-сұр түсті қатпарлы қабыршықты 5-12см қалыңдықты қабат орналасады және осыдан кейін түйіртпексіз, сәл тығыздалған қабат біртіндеп 20-50см тереңдікте аналық тау жынысына ауысады. Бұл топырақтарда қарашірінді мөлшері аз (0,2-0,5%). Жалпы азот 0,04-0,1%, жылжымалы фосформен нашар қамтамасыз етілген. Топырақ ерітіндісі реакциясы сілтілі, әлсіз сілтілі. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы нашар, 100г топырақта 7-12м-экв. Карбонаттар топырақтың тек үстінгі қабатында кездеседі.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3474;