Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
Ылғалды субтропика аймағы топырақтары ТМД елдері аумағында 600 мың гектар ауданды қамтиды. Бұл аймақ Кавказ тауларының беткейінде, Қара теңіз жағалауында (Грузияда), Әзербайжан елінде кездеседі. Аймақта негізінен қызыл және сары топырақтар тараған.
Топырақ құралу жағдайлары.Аймақтың климаты өте ылғалды және жылы. Жыл ішінде 1000мм-ден 2500мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Олар әсіресе күз және қыс айларында мол түседі. Ауаның ылғалдылығы кейде 75-80% дейін жетеді. Жаз мезгілі ұзақ, ал қыс қысқа әрі жұмсақ болып келеді. Жылдық орташа ауа температурасы +13-150С, белсенді температура қосындысы 3000-40000С. Вегетациялық кезең 240-250 күн болуы мүмкін. Қызыл және сары топырақтар күрделі жер бедері бар тау баурайындағы шоқылар мен аласа таулы (биіктігі 600м-ден аспайтын) аумақтарда орналасқан. Қара теңіз жағалауында қызыл топырақтар Аджар жотасындағы теңіз деңгейінен 40 м-ден 250-400 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан беткейлерде кездеседі. Аналық тау жыныстары төгілген магмалық (андезит, базалит, порфер туфа) тау жыныстарының үгілуінен пайда болған шөгінділер және балшықты, құмды-балшықты тақтатастар. Тау етегінің төменгі бөлігінде аналық тау жыныстары аллювийлі, делювилі пролювийлі балшықты-құмды және қиыршықты-малтатасты шөгінділер.
Өсімдік дүниесі ылғал сүйгіш, мәңгі жасыл ағаш және шөптесін өсімдіктердің өте мардымды дамуымен сипатталады. Ағаштардан граб, каштан, лаврлы-шие, түрлі шырмауық тектес өсімдіктер, жабайы жүзім, папоротниктер өседі.
Қызыл және сары топырақтардың жаратылуына келесідей топырақ түзілу үрдістері ықпал жасайды.
- Орман төсенішінің үлкен қарқынмен ыдырауы және аз мөлшерде қарашіріндінің жиналуы. Өсімдік қалдықтарының ыдырауына саңырауқұлақтар микрофлорасының қатысуы салдарынан фульватты қарашіріндінің пайда болуы және олардың топырақ қабатында бекімеуі;
- Шайылмалы су режимі әсерінен топырақ кескінінен ерігіш тұздарың және карбонаттардың толық шайылуы, қарапайым тұздар жиналған қабаттың болмауы;
- Топырақтың минералды бөлігінің аллиттену үрдісіне шалдығып, гетит, гиббсит, каолинит, иллит сияқты туынды минералдардың жинақталуы;
- Топырақ түзілуінің ең басты нәтижесі – оның құрамында темірдің және аллюмийдің тотықтарының шоғырлануы;
- Қызыл және сары топырақтар жаратылуы кезінде балшықтану, күлгіндену, лесссиваж, латериттену құбылыстарының да байқалуы.
Топырақ құрамында темірдің гидрототықтары (Fe2O3 • п Н2О) мол жиналса топырақ сары түсті болып, сары топырақтар түзіледі, ал темірдің сусыз тотықтары (Fe2O3) мол жиналса – топырақ қызғылт-құба түске ие болып, қызыл топырақтар түзіледі.
Қызыл топырақтардың құрылысы, қасиеттері, жіктелуі.Қызыл топырақтар келесідей генетикалық қабаттардан құралған: А0 – А1 - В1 - В2 – С.
А0 – орман төсеніші немесе шым қабат, жартылай шіріген ағаш жапырақтарымен папоротник қалдықтарынан құралған, қалыңдығы 3-4см;
А1 – қарашірінділі қабат, сұрғылт, күңгірт-қоңыр түсті, кесекті-дәнше түйіртпекті, ауыр құмбалшықты немесе балшықты гранулометриялық құрамды, тығыздалмаған, папортниктің мол мөлшерде тамырлары кездеседі.
В1 - аралық қабат, сұрғылт-қызыл, кесекті, ауыр немесе орташа құмбалшықты, тығыздалған;
В2 - аралық қабат, құба-қызыл, қара және ақшылт сары дақтары бар, біршама тығыздалған, кесекті, ауыр құмбалшықты немесе балшықты, В1+В2 қабаттары қалыңдығы 35-45см және одан да қалың.
С - аналық тау жынысы, біртекті боялмаған қызыл түсті, мол мөлшерде қара түсті темірлі-марганецті түйіршіктер және ақшылт-сары кремнезем дақтары бар, жаңғақты-кесекті түйіртпекті, ауыр құмбалшықты, өте тығыздалған.
Қызыл топырақтар құрамында кремнезем (кремний тотығы SiO2) шамалы (≈36%), ал біржарымдық тотықтар (Fe2O3, Al2O3 т.б.) мол (≈50%) болады. А қабатында қарашірінді 5-6% және құрамында фульвоқышқылдар басым. Жалпы азот 0,2-0,4%, жалпы фосфор шамалы (0,08-01%), сонымен бірге жылжымалы фосфорда аз мөлшерде болады. Алмасуға жарамды катиондар көлемі үстіңгі қабатта 20м-экв, ал төменгі қабаттарда 10-12м-экв 100г топырақта. Алмаспалы сіңген катиондары ішінде әсіресе сутегі және алюминий катиондары мол (60-75%). Топырақ ортасының реакциясы өте қышқыл болып кедеді. Қызыл топырақтардың физикалық қасиеттері оңтайлы. Суға төзімді түйіртпекті бар, су өткізгіштігі жақсы, су тұтқыштығы және қуыстылығы жоғары болып қалыптасқан.
Қызыл топырақ типі 2 типшеге бөлінеді:
- нағыз қызыл топырақ;
- күлгінденген қызыл топырақ.
Тектерге аналық тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты келесідей болып жіктеледі.
- төгілген тау жыныстарының эллювийінде пайда болған;
- қиыршық тасты элювийде пайда болған;
- ала жолақты балшықтарда түзілген;
- су ағынымен жиналған шөгінділерде қалыптасқан;
Күлгінденген қызыл топырақтар күлгіндену дәрежесіне қарай әлсіз және орташа күлгінденген болып келеді. А қабатының қалыңдығына байланысты түрлерге келесідей болып жіктеледі:
- әлсіз дамыған, А қабаты 10-см-ге дейін;
- жұқа қабатты, А қабаты 10-20см;
- кәдімгідей, А қабаты 20 см-ден қалың.
Жыртылып егістікке игерілген қызыл топырақтардың қарашірінді қабатының қалыңдығы мәденилендіру қарқынына байланысты болады. Жақсы мәденилендірілген қызыл топырақта қарашірінді қабаты 40-45см, орташа мәденилендірілгендерде - 20-30см болады.
Аз қарашірінділі қызыл топырақтартың А қабатында 6% қарашірінді , орташа қарашірінділіде -6-9%, ал мол қарашірінділі де 9% - дан жоғары болады.
Сары топырақтардың құрылысы, қасиеттері, жіктелуі.Сары топырақтар келесідей генетикалық қабаттардан құралған:
А0 – А1 - В1 - В2 – С.
А0 - орман төсеніші 3-4см;
А1 - қарашірінділі, сұрғылт-қуқыл, кесекті немесе кесекті-жаңғақты түйіртпекті, тығыздалған, ауыр құмбалшықты;
А2 - айқын күлгінделмеген қабат, сарғыш-реңді, құба-қуқыл түсті, тығыздалмаған;
В - иллювиальді қабат, ашық сары түсті, призмалы-марганецті дақтары бар, кесекті призмалы түйіртпекті, тығыздалған құмбалшықты.
С - аналық тау жынысы, біркелкі боялмаған сарғыш-қызыл, темірлі-марганецті- түйіртпектер бар.
Сары топырақтар, қызыл топырақтар сияқты ылғалды субтропикалық жағдайда жаратылған, бірақ сары топырақтарда кремнезем (кремний тотығы SiO2) мол мөлшерде (55-65%), ал біржарымдық тотықтар (Fe2O3, Al2O3 т.б.) аз мөлшерде (25-30 %) болып келеді. Сонымен бірге бұл топырақтарда күлгіндену үрдісінің белгілері анық байқалады. Топырақтың қалыңдығы 30-40 см-ден 60-70 см-ге дейін болады.
Сары топырақтарда қарашірінді 4-5%, жалпы азот 0,2-0,4% болады және топырақ қабаттары тереңдеген сайын олардың мөлшері күрт азаяды. Алмаспалы сіңген катиондар арасында кальций басым болады. Сутегі және магний иондары да бар. Топырақ ортасының реакциясы әлсіз қышқыл (рН=5-6). Сары топырақтардың физикалық қасиеттері қызыл топырақтарға қарағанда нашар болып келеді.
Сары топырақтарды 4 типке жіктейді. Олар:
- сары топырақтар;
- күлгінденген сары топырақтар;
- күлгінденген сары глейленген топырақтар.
Қызыл және сары топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану.Бұл топырақтар ылғалдысубтропикалықбелдеуде орналасқандықтан көптеген ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлы болып келеді. Әсіресе шәй, цитрусты, әтірлі-майлы дақылдарды, темекіні өсіруге жақсы жағдай бар. Бірақ бұл топырақтарда қоректік заттар мөлшері аз болып келеді. Өсімдіктерге тиімді азот қоры жауын-шашын ылғалымен терең қабаттарға шайылып кетеді, ал фосфор қосылыстары топырақтың қатты бөлігімен тығыз байланысты болып өсімдіктерге аз тиімді болады. Сондықтан бұл топырақтарға азот және фосфор тыңайтқыштарын мол түрде шашу керек. Сонымен бірге органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өнімділігін арттырып, топырақтың құнарлылығын көтереді. Шәй өсімдігі тек қышқыл ортада жақсы дамитындықтан, бұл топырақтар шәй бұталарын өсіру үшін қолайлы болып келеді.
Бұл аймақтың жер бедері таулы өлке болғандықтан және жауын-шашын мол түсуіне байланысты осы аймақтағы топырақтар су эрозиясына жиі шалдығады. Сондықтан топырақты пайдаланғанда су эрозиясына қарсы қолданылатын шараларды міндетті түрде жүзеге асыру қажет.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3410;