Азақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
Тянь-Шань тауының Іле Алатауы Алматы облысы бойынша шөл аймағының оңтүстігінде орналасқан. Батыстан шығысқа 300 км-ге созылған. Оның ең биігі Талғар шыңы 5017 м- болып табылады.
Биіктігі 605 м-де орналасқан Шелек аймағында орташа-жылдық температура 8,90С, ал орташа жылдық жауын-шашын 198мм-ді құрайды. Алматыда 848м биіктікте орташа жылдық температура 8,70С, орташа жылдық жауын-шашын 557мм-ді құрайды. Алатауда ең көп жауын-шашын 881мм 2254 м биіктікте (Горельник) байқалады.
Іле Алатауында 600м биіктіктен бастап боз топырақтарды ашық қара-қоңыр топырақтар алмастырады. Бұл топырақтар осындай жазық жердің топырақтарынан кебірленуі жоқтығымен және жалпы фосфор мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді.
Биіктілік 700-800м болғанда ашық қара-қоңыр топырақтар типшесі күңгірт қара-қоңыр топырақтар типшесімен алмасады (44-сурет). Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 3-4%, жалпы азот 0,25-0,30%-ды құрайды. Күңгірт қара-қоңыр топырақтарда кебірленген тектер болмайды, бірақ карбонатты тектері ұшырасады.
44 – сурет. Іле Алатауы топырақтарының тік аймақтық таралуының сұлбасы.
Биіктік 900-1500м-ге жеткенде таулы қара топырақтар аймағы басталады. 900-1000 м биіктіктер аралығында оңтүстік қара топырақ типшесі орналасқан. Қарашірік мөлшері 5,0-5,1%, ал жалпы азот 0,4% құрайды. Бұл топырақтар арасында көбінесе кәдімгідей және карбонатты тектері, кездеседі.
Одан жоғары (1000-1200м) орташа қарашірікті қара топырақ орналасады. Оның қарашірік мөлшері 7-8%, жалпы азоты 0,5%-ды құрайды. Оның үстінде (1200-1500м) қарашірігі 10-12%, жалпы азоты 0,6-0,7%, жалпы фосфоры 0,2% құрайтын қарашірікке бай қара топырақтар басталады. Бұл топырақтарда негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топыраққа 50-55м-экв құрайды.
Орта және мол қарашінділі қара топырақтардың ішінде кәдімгідей және сілтісізденген типше тараған. Сілтісізденген қара топырақтар тереңде (90-100 см) шоғырланған карбонаттар қабатымен ерекшеленеді. Олар көбінесе солтүстік беткейлерде орналасқан болады.
Бұл аймақта кебірленген топырақтардың болмауы жер астына жауын-шашын суларының жақсы өтуіне байланысты болып келеді.
1500-1800м биіктікте таулы орманды-далалар басталады. Бұл жерде ағаштардан ақ-қайың, көктерек және бұталар өседі. Осы ағаштардың астында күңгірт–сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтар қалыптасады. Күлгінденген қара топырақтарда А мен В қабаттары арасында сұр түсті дақтар болады (силикаттар шоғыры). Бұл топырақтардың сіңіру кешенінде сутегі иондары біраз мөлшерде болады - 5%. Бұл аймақтың ашық далаларында қарашірігі мол (12%) сілтісізденген қара топырақтар таралған.
1800-3000м биіктік аралығында Тянь-Шань шыршалардың астында таулы орман топырақтары қалыптасады. Мұндай топырақтарда қарашірік мөлшері қара топырақтарға ұқсас жоғары болады, 9-10%-дан көп. Бірақ қара топыраққа қарағанда оның мөлшері төменге бара күрт азаяды және бұл топырақтарда күлгінді қабат айқын түзілмеген. Жалпы азот мөлшері 0,4-0,5%, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100.г топырақта 50-55 м-экв.
2800-3000 м биіктіктен субальпі және альпі шалғындары басталады. Олардың астында таулы-шалғынды субальпі және альпі топырақтары қалыптасады. Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 15-16 пайыздан көп, жалпы азот 0,7-0,8%, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топырақққа 45-50м экв-ті құрайды. Сіңірген катиондар ішінде сутегінің үлесі 30 пайызға дейін болуы мүмкін (47-кесте).
Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатауда, Қырғыз, Талас, Кетпен жоталарында Іле Алатауындағыдай тік аймақтық айқын байқалмайды. Бұл жоталарда қара топырақ аймағы болмайды. Оның орнына қара топырақты жеке кішкене ауданда қалыптасқан дақтарды бақылау мүмкін. Қырғыз және Талас жоталарында қара топырақ аймағымен орман аймағыда болмауы мүмкін. Мысалы, Қырғыз жоталарында күңгірт қара-қоңыр топырақтар бірден таулы–шалғынды топыраққа ауысып кетуі байқалады.
47- кесте. Солтүстік Тянь-Шаньның тау топырақтарының химиялық және гранулометриялық құрамы
Кескіннің рет саны | Үлгі алу тереңдігі, см | Топырақ атауы | Гранулометриялық құрамы, % | Қарашірінді, % | СО2, % | рН | Сіңген негіздер | ||||||
қосындысынан үлесі, % | қосындысы 100 г топырақта м-экв | ||||||||||||
<0,01 мм | <0,001мм | ||||||||||||
Са | Мg | Na | H | ||||||||||
0-12 18-28 40-50 70-80 | Альпілі таулы-шалғынды | 31,5 47,2 47,9 29,8 | 5,3 11,9 11,8 12,7 | 21,5 6,7 3,4 - | Қайнама ды - - | 5,3 5,3 5,2 - | 72,0 62,5 - - | 16,2 17,0 - - | жоқ - - | 11,8 20,5 - - | 33,0 16,0 - - | ||
0-10 18-28 35-45 55-60 | Субальпілі таулы-шалғынды | 45,0 53,8 44,5 29,3 | 12,6 18,6 16,6 7,5 | - - - | Қайнама ды - - - | 6,2 6,2 6,1 6,5 | 77,7 78,2 71,1 - | 20,0 17,8 20,1 - | жоқ - - - | 2,3 4,0 - - | 46,7 27,1 - - | ||
0-3 15-25 30-40 50-60 70-80 | Таулы –орманды | Анықталмаған | Төсенді 12,32 5,39 5,27 2,90 | Қайнама ды | 7,6 6,0 6,3 7,6 7,8 | - - 94,3 83,4 84,9 | - - 5,7 11,6 10,4 | - - жоқ - - | - - жоқ 5,0 4,7 | - - 61,48 25,91 21,38 |
Алтай тауларының Тарбағатай, Калбин және Оңтүстік жоталарының топырақтары. Алтай тауында ең биік Белуха шыңы - 4620м. Ол Қазақстан мен Монғолия республикасының арасында орналасқан.
Тянь-Шань таулары климатымен салыcтырғанда Алтай климаты салқын және ылғалды болады. Тау бөктерінде жылдық орташа температура +
50С, орташа жауын-шашын 560мм-ді құрайды, ал тауда бұл көрсеткіштер тиісінше 00 және 2000 мм –ге тең болады.
Тау етегінде күңгірт-қара-қоңыр топырақтар орналасқан. Олардың ішінде жазықтағы күңгірт-қара-қоңыр топырақтарға ұқсас кебірленген түрлері кездеседі. Бұл топырақтар көбінесе гранулометриялық құрамы ауыр делювийлерде қалыптасады.
Күңгірт қара-қоңыр топырақтардың үстінде қара топырақ аймағы басталады. Алтай таулы қара топырақтары екі топқа бөлінеді: орманды-далалы және далалы қара топырақтар. Орманды-дала қара топырақтарын әлсіз күлгінді, сілтісізденген және нағыз типшелерін ажыратады.
Алтай қара топырақтары, жауын құрттарының тіршілігі нәтижесінде қарашірінді қабатында ірі дәнді түйіртпектілігімен ерекшеленеді. Қарашірінді мөлшері өте жоғары 10-15 %, жалпы азот 0,5-1,0 %-ды, негіздер сіңіру 100 г топырақта 50м-экв құрайды (48-кесте).
Таулы–орманды-дала аймағында күңгірт сұр-орман топырақтары кең тараған. Бұл топырақтарда қарашірінді мөлшері 12-14%-ға дейін болуы мүмкін, бірақ оның мөлшері топырақ қабаттары тереңдеген кезде күрт азаяды. Жалпы азот мөлшері 0,4-0,6%, ал негіздер сіңіру сыйымдылығы 100грамм топырақта 30-40м экв болады.
Таулы орманды-дала аймағынан жоғары таулы орман басталады. Алтай тауының ағаштары түрлері Тянь-Шань тауына қарағанда көп. Олардың ішінде Сібір шыршасы, қарағай, майқарағай, балқарағай, сағызқарағай, аққайың, көктерек, жөке ағашы бар.
Таулы орманның жоғарғы қабатында мол қарашірінділі (6-8%) таулы-күлгінді топырақтар қалыптасады. Жалпы азот мөлшері 0,4-05 %, негіздер сіңіру сыйымы 100г топырақта 15-20 м-экв–ті құрайды. Топырақ сіңіру кешенінде сутегі мөлшері өте жоғары (5-6 %). Биік тау аймақтарында таулы-шалғынды топырақтар тараған. Олардың арасында таулы тундра жерлеріде кездеседі.
Кесте- 48. Алтай таулары топырақтарының гранулометриялық және химиялық құрамы
Кескіндердің рет саны | Үлгі алу тереңді гі | Топырақ атауы | Гранулометриялық құрам %, мөлшері | Қара- шірінді, % | СО2, % | рН | Сіңген негіздер | |||||
қосындысынан үлесі, % | қосындысы 100г топырақта м-экв | |||||||||||
<0,01 мм | <0,001 м | Са | Мg | Na | H | |||||||
0-9 9-19 20-30 35-45 50-55 | Күңгірт-қара қоңыр құмбал шықты топырақ | 33,7 35,9 41,7 42,9- 32,9 | 9,5 12,9 16,8 17,7 14,1 | 3,5 3,0 2,4 1,9 | Қайнамаған 3,2 3,7 | 6,4 6,4 - 8,1 8,3 | 88,1 95,9 83,1 - - | 11,9 4,1 16,9 - - | жоқ | жоқ | 16,8 12,1 10,6 - - | |
0-10 15-25 40-50 65-75 90-100 115-125 190-200 | Таулы қара топырақ, мол қарашірін- ділі | 60,3 | 36,0 | 10,5 8,3 6,3 4,4 1,3 | Қайнамаған 3,6 | 6,9 6,9 7,2 7,1 7,6 8,6 | 96,8 95,2 93,1 94,1 92,0 | 3,8 4,6 6,9 5,9 8,0 | жоқ | 0,4 жоқ ізі | 52,0 41,0 44,0 35,3 27,2 | |
Анықталмаған | ||||||||||||
62,3 | 37,5 | |||||||||||
Анықталмаған | ||||||||||||
53,5 45,3 | 31,4 26,4 | |||||||||||
2-8 25-35 40-50 70-80 | Ормандық күңгірт-сұр орташа құмбал-шықты топырақ | 34,4 34,5 41,5 27,3 | 22,1 19,6 10,1 15,9 | 14,6 8,7 3,3 1,9 | Қайнамаған | 6,0 6,1 6,1 6,1 | 81,7 74,6 78,3 71,2 | 16,1 23,4 18,3 23,9 | жоқ | 2,2 2,0 3,4 4,9 | 44,1 24,8 14,7 12,1 |
Іле Алатауың қара-қоңыр және қара топырақтарында суармалы егіншілік тараған. Бұл аймақта жауын-шашын 500 мм-ден жоғары болғанымен, оның көбі көктем мезгіліне тура келеді. Жазда жауын-шашын аз болады. Боз, қара-қоңыр, қара топырақтарда, күздік бидай, жүгері, беде, қант қызылшасы, темекі т.б. дақылдар егіледі. Сонымен қатар көкөніс және жеміс шаруашылығы дамыған. Топырақты су эрозиясынан қорғау шаралары өте маңызды болып табылады. Жоңғар, Теріскей, Күнгей Алатау жоталарындағы топырақтар игерілген. Ал Жоңғар Алатауының жоғары аңғарларында мал шаруашылығы дамыған. Алтай тауларының күңгірт қара-қоңыр және қара топырақтарында егіншілік, кейбір жерлерінде суармалы егіншілік тараған. Техникалық дақылдар (құлмақ, (хмель), картоп, қызылша), дәнді және мал азықтық дақылдар егіледі. Жеміс шаруашылығы дамыған.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 8268;