Ырым және Карпат таулары топырақтары
Қырым тауларында топырақтың қалыптасуы түрлі жағдайларда өтеді. Солтүстік беткейлерінде таулы қара топырақ дамыған. Орман белдеуінде қоңыр таулы-орман топырақтары, 1100-1300м биіктікте шалғынды өсімдіктердің астында таулы-шалғынды, соның ішінде таулы-шалғынды қара топырақ тәрізді топырақтар тараған.
Оңтүстік беткейлерде солтүстіктен беткейге қарағанда топырақ түзілу жағдайлары күрт өзгереді. Бұл беткейдің ауа-райы Жерорта теңізіндікіндей – жазы құрғақ және қысы жұмсақ. Ең биіктікте тау-шалғынды топырақтар орналасқан. Орта белдеуде (300-1100-1300м) жалпақ жапырақты орманда қоңыр таулы-орманды топырақтардан басқа қоңыр және бұзылған әктастар, мергельдер шөгіндісінде дамыған қызыл түсті топырақтар, ал балшықты тақта тастар үстінде қалыптасқан сұр шиферлі топырақтар кездеседі.
Шығыс Карпат тауларында топырақтар жұмсақ ылғалды ауа райында қалыптасқан. Емен, шамшат және граб ағаштар астында қоңыр таулы–орманды топырақтар қалыптасады. Олардың ішінде күлгінді және күлгінделген түрлері кездеседі. Орман белдеуінің жоғары жағында аз тараған таулы күлгін топырақтар орналасқан. Орман белдеуінен жоғары (1800-2000м) таулы шалғынды топырақтар кездеседі.
Таулы топырақтарды игеруде топырақ қорғау шараларын кең қолдану қажет. Олар: орман қорғау, селге қарсы бөгеттер жасау, арнайы топырақты өңдеу жүйесін қолдау, жайылымдарды дұрыс пайдалану. Органикалық және минералдық тыңайытқыштарды енгізу, қышқыл топырақтарға әк себу, т.б. шаралар таулы топырақтарды ауыл шаруашылығында тиімді қолдануға жол ашады.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2331;