Дәрежесін бағалау

Топырақтың экологиялық жағдайын бағалап, зерттеп оның эрозияға ұшырауын картаға түсіру үшін оның жел және су эрозиясына шалдығу дәрежесін анықтайды. Қазақстанның белгілі топырақтанушы ғалымдары Р.Жанпейсов (1977), М.Е.Белгібаев (1982) топырақтың жел эрозиясына шалдығу дәрежесін көрсететін диагностикалық белгілерді анықтап құрастырды және ол ТМД мемлекеттерінде мақұлданып, қолданылып келеді (51-кесте).

Топырақтың қарашірінділі А қабаты ¼ дейін (<=25) бүлінсе бұл топырақ жел эрозиясына сәл шалдыққан. Егер осы қабаттың ¼ нен ½ дейіні (25-50%) бұзылған болса бұл топырақ жел эрозиясына орташа дәрежеде шалдықан. Ал А қабатының жартысынан көбі немесе ол түгелдей жойылса бұл топырақтың жел эрозиясына ұшырау дәрежесі жоғары, ал топырақтың жойылуы оның В қабатында да байқалса, онда бұл топырақ жел эрозиясына өте жоғары дәрежеде шалдыққан болып есептеледі.

Жел эрозиясына сәл шалдыққан егістік алқапта өсімдіктердің 20%-на дейіні жойылған, орташа шалдыққан алқапта өсімдіктердің 20-50%-ы, ал жоғары дәрежеде шалдыққан алқапта өсімдіктердің 50%-нан астамы жойылған болып келеді.

 

51-кесте. Топырақтың жел эрозиясына шалдығу дәрежесін бағалау

Жел эрозиясына шалдығу дәрежесі Диагностикалық белгілер
Қарашірінді қабатының бұзылуы Қарашірінді мөлшерінің А қабатында кемуі, %
Сәл шалдыққан А қабатының ¼ дейін <=25
Орташа шалдыққан А қабатының ¼нен 1/2 дейін 25-50
Жоғары дәрежде шалдыққан А қабатының 1/2нен бастап, кейде түгелімен >50
Өте жоғары дәрежеде шалдыққан В және одан төменгі қабатта шалдыққан -

 

Топырақтың су эрозиясына шалдығу дәрежесі В.В.Докучаев атындағы Ресейдің топырақтану институты қалыптастырған (1977) классификация бойынша су әсерінен сәл шайылған, орташа және жоғары дәрежеде шайылған болып бөлінді.

Нағыз, кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтардың өңделу қабаты 20см-ден кем емес, ал қарашірінді қабатының қалыңдығы 50см-ге дейін болып келгенде олардың су эрозиясына шалдығу дәрежесі келесідей белгілермен анықталады.

Сумен сәл шайылған топырақта қарашірінділі (А+В1) қабаттың алғашқы мөлшерінен 30%-на дейінгі мөлшері шайылып жойылған, өңдеуге В1 қабатының біраз бөлігі іліккен.

Сумен орташа дәрежеде шайылған топырақта–қарашірінділі қабаттың алғашқы мөлшерінен 30-дан 50%-не дейінгі мөлшері шайылып жойылған. Өндеуге В1 қабатының көп бөлігі немесе осы қабат түгелімен іліккен. Бұл қабаттың астында В2 қабаты орналасқан.

Сумен жоғары дәрежеде шайылған топырақта-қарашірінділі қабаттың көп мөлшері сумен шайылып жойылған. Өңдеуге В2 қабатының бір бөлігі іліккен. Өңделген қабаттың түсі аналық тау жынысының түсіне ұқсас келеді.

Өңделіп, жыртылмаған, тың жердің қара және қара-қоңыр топырақтарының су эрозиясына шалдығу дәрежесінің диагностикалық белгілері келесідей:

сумен сәл шайылған топырақта қарашірінділі А қабатының жартысынан азы шайылып бұзылған;

сумен орташа дәрежеде шайылған топырақта қарашірінділі А қабатының жартысынан көбі немесе ол түгелімен шайылып, жойылған;

сумен жоғары дәрежеде шайылған топырақта В1 қабатының бір бөлігі немесе осы қабат түгелімен сумен шайылып жойылған болып келеді.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3340;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.