Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу дегеніміз оларды агрономиялық қасиеттерi мен ауыл шаруашылығында пайдалану ерекшелiктерiнің ұқсастығына байланысты топтарға бiрiктiру. Агроөндiрiстiк топтастыру ауыл шаруашылық жерлердi, ауыспалы егiстердi, мәдени дақылдарды дұрыс орналастыруға, мелиорациялық шаралардың жобасын жасауға, жерлердi трансформациялау мәселелерiн оңтайлы шешуге мүмкiншiлiк бередi.
Агрономиялық топтарға топырақтарды біріктіріп бөлу кезінде келесідей қағидаларға сүйенеді:
-топырақтардың генетикалқ ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан агрономиялық қасиеттерінің ұқсастығының болуы;
-ауыл шаруашылығында пайдалану бағытына сәйкес келетін жер бедері жағдайының ұқсас болуы;
-топырақ жамылғысы құрылымының біртекті болуы.
Топырақтарды ұқсаcтығына байланысты топтарға біріктіргенде келесідей көрсеткіштерді еске алады:
-ауа, ылғалдылық және жылулық қасиеттерінің ұқсастығы;
-топырақтың қоректілік режимін және тыңайтқыштарды пайдалану ерекшелігін сипаттайтын қасиеттерінің біртектілігі;
-өңдеуге әсер етуші топырақ қасиеттерінің көрсеткіштерінің бір-біріне жақын дәрежеде болуы;
-мелиорация жұмыстарының қажеттілігінің айқындайтың топырақ қасиеттері дәрежесінің сәйкестігі;
-топырақ құрамындағы зиянды заттар мөлшері;
-топырақтың эрозия құбылыстарына шалдығу сипатымен қарқыны.
Осы көрсеткіштер дәрежесі көбінесе топырақтардың гранулометриялық құрамына, қарашірінді мөлшеріне, қарашірінділі қабаттың қалыңдығына, кебірлену дәрежесіне, топырақ ертіндісінің реакциясына, қоректік заттар мөлшеріне, жердің геоморфологиялық, гидрологиялық, жағдайына байланысты болып келеді.
Қазiргi кезде жiктеу жөнiндегi нұсқауларға сай жерлер санаттар (категориялар) мен кластарға бөлiнедi. Топырақтарды жiктегенде оның сапасын сипаттайтын барлық қасиеттерiн және ауыл шаруашылығында дұрыс пайдалануын еске алу керек. Сонымен қатар топырақ түзiлу жағдайлары – жер бедері, топырақ түзушi тау жыныстары, ылғалдануы және тағы басқа жағдайлар есепке алынады.
Жерлердiң жарамдылық санаттары (категориялары) олардың ауыл шаруашылығында пайдалану бағыты негiзiнде анықталады. Ол санаттар (топтар) келесідей:
1. Жыртуға жарамды жерлер.
2. Негiзiнен шабындыққа жарамды жерлер.
3. Жайылымдық жерлер, жақсартудан кейiн басқа ауыл шаруашылықтағы жерлер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
4. Түбегейлi жақсартудан кейiн ауыл шаруашылық жерлерi ретiнде пайдалануға жарамды жерлер.
5. Ауыл шаруашылық алқаптары ретiнде жарамдылығы шамалы жерлер.
6. Ауыл шаруашылық алқаптары ретiнде жарамсыз жерлер.
7. Бұзылған жерлер.
Әр топырақ санаттары ерешелiктерiне гранулометриялы құрамына, жер бедерінің жағдайларына байланысты кластарға бөлiнедi.
Бiр класқа жатқызылған топырақтар табиғи және шаруашылық сапасы көрсеткiштердiң сәйкестігімен сипатталады және оларды мәдениелендiруге, өнiмдiлiгiн арттыруға, қорғауға бағытталған шаралар мен технологиялар жалпы ұқсас бағытта жүргізіледі.
1 санат – жыртуға жарамды жерлер. Бұл санатқа тұтас біртекті алқаптар және 30%-дейін кебірлер немесе 30%-дейін жетілмеген топырақтармен кешен түзетін аймақтық топырақтар жатады (қара топырақтар, шалғынды қара топырақтар, қара-қоңыр топырақтар шалғынды қара-қоңыр топырақтар). Жыртуға жарамды жерлер 14 класқа бөлінеді.
1 класс. Мәдениеленген жерлер. Бұл үздіксіз мелиорациялық, мәдени-техникалық, агротехникалық шаралар өткізіліп тұрған өнімділігі едәуір артқан аймақтық топырақтар. Бүл топырақтардың кескіні әлсіз мәдениеленген топырақтың кескінімен ерекшеленеді.
2 класс. Кәрізделген су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20-дейін) беткейлердегі жерлер. Бұл класқа орташа қалыңдықты және жұқа қабатты, гранулометриялық құрамы құмбалшық және жеңіл құмбалшық, аймақтық топырақтардың (кәдімгі, оңтүстік, қара топырақтардың) басқа топырақтармен, соның ішінде 10%-дейін сортаңдармен кешен түзетіндері жатады. Бұл белсенді пайдаланатын жерлер.
3 класс. Кәрізделген карбонатты су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20-дейін) беткейлердегі жерлер. Бұл класқа гранулометриялық құрамы құмбалшық және жеңіл құмбалшықты аймақтық топырақтар жатады. Бұл кластың жерлері де ауыл шаруашылығында белсенді пайдаланады, бірақ құрғақшылық аудандарда жел эрозиясына қарсы шаралар қажет етеді.
4 класс. Жеңіл гранулометриялық құрамды тау жыныстардың әсері нәтижесінде түзілген кәрізделген су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20 дейін аз) беткейлердегі жерлер.
Бұл кластың жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтары жел эрозиясына төзімсіз болады. Жерді өндегенде және белсенді мал жайғанда эрозия пайда болады. Арнайы топырақ қорғау шараларын қажет етеді (топырақ қорғау ауыспалы егістері, дақылдарды жолақтап орналастыру, көпжылдық шөптер егу).
5 класс. Ауыр гранулометриялық тау жыныстардың әсері арқылы түзілген кәрізделген су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20–ден) беткейлердегі жерлер. Бұл класқа гранулометриялық құрамы ауыр құмбалшықты, балшықты және тығыздалған кәдімгідей және карбонатты аймақтық топырақтар жатады. Бұлар ылғалдылық қасиеттері қолайсыз топырақтар.
6-класс. Қатты жыныстар мен қойтасты- қиыршықты шөгінділердің әсерінен түзілген кәрізделген су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20-дейін ) беткейлердегі жерлер. Бұл класқа ұсақ адырлы аудандарында немесе таулы жағдайда тығыз жыныстармен қойтасты-қиыршықты шөгінділер саяз орналасқан, тегістелген су айрықтарында түзілген топырақтар жатады.
Бұл топырақтар қысқа кескінді, арнайы мәдинилендіру шараларын қажет ететін топырақтар. Олар орташа қаңқалы аймақтық және 30%-ға дейін жетілмеген топырақтармен кешен түзетін аймақтық топырақтар.
7-класс. Қысқа мерзімді артық ылғалданатын, әлсіз кәрізделген жерлер. Бұл класс топырақтары жер асты немесе жер беті суларының қысқа мерзім аралығында ылғалдану жағдайында түзілген. Олар әлсіз және орташа сортаңданған аймақтық топырақтар. Осы топырақтардың 30% дейін сортаңдармен түзетін кешендері, әлсіз тұзданған аймақтық топырақтар. Бұл кластың топырақтарының гранулометриялық құрамы құмбалшық және балшық.
8-класс. Әлсіз кәрізденген қысқа мерзімді артық ылғалданатын карбонатты топырақтар. Бұл класқа аймақтық карбонатты-сортаңды, әлсіз тұздалған карбонатты-сортаңданған топырақтар және осы топырақтардың 30%-ға дейін сортаңдары бар топырақтар жатады. Олардың гранулометриялық құрамы құмбалшық және балшық 7-8 класс топырақтары жамылғысының кешенділігімен сипатталады. Оларды жақсарту шаралары сортаңдылықтың әсерін төмендетуге бағытталған.
9-класс. Әлсіз кәрізделген қысқа мерзімді артықша ылғалданатын құмайт және құмды топырақтар. Бұл класқа әлсіз және орташа сортаңданған, әлсіз тұзданған, карбонатты-сортаңданған, карбонатты тұзданған аймақтық топырақтар жатады. Сонымен қатар, осы топырақтар 30%-ға дейін сортаңдары бар кәдімгідей аймақтық топырақтар жатады.
10-класс. Жайпақ беткейлерде (2-5%) борпылдақ жыныстарда қалыптасқан эрозияға шалдығу қауіпі шамалы жерлер. Бұл класқа беткейлердегі аймақтық топырақтар және аймақтық сәл шаңданған топырақтар жатады. Гранулометриялық құрамы құмбалшық пен балшық.
11-класс.Жайпақ беткейлерде (2-5%) борпылдақ жыныстарда түзілген эрозияға шалдығу қауіпі аз жерлер. Бұл кластағы топырақтардың гранулометриялық құрамы құмдақ.
12-класс. Құлама беткейлерде (5-10%) борпылдақ жыныстарда түзілген эрозияға шалдығу қауіпі бар жерлер. Бұл класқа құлама беткейлерде орналасқан аймақтық топырақтар және орташа дәрежеде шайылып кеткен құмбалшық және балшық топырақтар жатады,
13-класс. Құлама беткейлерде (5-100) борпылдақ жыныстарда түзілген эрозияға шалдығу қауіпі бар жерлер. Бұл гранулометрияық құрамы құмайт топырақтарды қамтиды.
14-класс. Құлама және жайпақ беткейлерде (20-100) тығыз жыныстарда түзілген эрозияға шалдығу қауіпі жоғары жерлер. Бұл класқа эрозиялық қауіпті беткейлерде тығыз төсенішті тау жыныстарында түзілген аймақтық топырақтар жатады.
ІІ-санат. Негізінен шабындыққа жарамды жерлер. Шабындыққа табиғи өсімдік өнімі жақсы, мерзімді немесе үнемі ылғалдану жағдайында өзендердің жайылмасында, көлдер жағалауындағы ойыстарда түзілген топырақтарды және далалық ойыстарындағы гидроморфты топырақтарды пайдаланады.
Осы категорияның ішінде келесі кластар бар.
1- класс. Сужайылмасының шалғынды жерлері. Бұл класқа су жайылмасында орналасқан гранулометриялық құрамы құмбалшық, шалғынды топырақтардың барлық түрлері (кәдімгідей, карбонатты, сортаңданған, тұзданған, қалың қабатты, орташа қалыңдықты) жатады. Бұл топырақтар, негізінен орталық су жайылмасында орналасып, жоғары табиғи құнарлыққа ие болады. Сондықтан жер бедері мен ылғалдану жағдайы мүмкіншілік берсе тұзданбаған, сортаңданбаған шалғынды топырақтарды жыртап көкөніс және мал азықтық дақылдар өсіруге болады.
2- класс. Су жайылмасының құмды және құмайт шалғында жерлері. Бұл класқа 1 кластағы, бірақ гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтар жатады. Бұл топырақтар өзен арнасына жақын су жайылмасында орналасады, құнарлығы 1 класс топырақтарына қарағанда әлдеқайда төмен болады. Оның үстіне олар бұзылуға оңай шалдығады.
3-класс. Су жайылмасынан тыс жерлер. Бұл класқа су жайылмасынан тыс жерлердегі әлсіз ойыс жерлерде орналасқан шалғынды топырақтар жатады. Гранулометриялық құрамы құмбалшық және балшық.
4-класс. Су жайылмасынан тыс құмайт және құмды шалғынды жерлер. 3 класс топырақтарынан жеңіл гранулометриялық құрамымен ерекшеленеді.
ІІІ-санат.Жайылымжерлер, жақсартудан кейін басқа бағытта пайдалануы мүмкін. Бұл санаттағы топырақтары жақсартусыз жыртып пайдалану тиімсіз болып келеді. Сортаңдары 30% артық аймақтық топырақтар, сортаңдардың барлық түрлері мен олардың аймақтық топырақтар жетілмеген топырақтар мен олардың кешендері, тығыздалған топырақтар жатады. Бұл санат төмендегі кластарға бөлінеді.
1-класс.Артық ылғалданатын (батпақты) жерлер. Бұл минералдарды және әлсіз торфты батпақты артық ылғалды жерлер.
2-класс.Сортаң жәнетығыздалған автоморфтытопырақтар. Бұл класқа 30% артық сортаңдармен кешен түзетін аймақтық топырақтар, далалық сортаңдардың барлық түрлері және тығыздалған топырақтар жатады. Бұл жерлер жыртуға пайдалану үшін қымбат мелиорациялық шаралар қажет етеді. Сондықтан қазіргі кезде оларды табиғи күйінде, мал жайылымы ретінде пайдаланған жөн. Бұл жерлерде міндетті түрде үстірт жақсарту шараларын жасап тұру керек.
3-сұрақ.Сортаң және тығыздалған жартылай гидроморфты топырақтар. Ол 30% артық шалғынды далалық сортаңдар мен кешен түзетін аймақтық топырақтар. Шалғынды-далалы сортаңдар мен тығыздалған шалғынды-қоңыр топырақтар.
4-класс. Гидроморфты-сортаң және тығыздалған топырақтар. Бұл класс топырақтары үнемі капиллярлы ылғалданып тұратын топырақтар. Бұл топырақтарда тұздану процесстері күшті байқалып өнімді пайдалануға мүмкіндік болмайды. Шалғынды сортаңдармен кешен түзетін аймақтық топырақтар, жаралынды сортаңдардың барлық түрлері мен олардың кешендері жатады.
5-класс.Эрозияға шалдығу қауіпі өте жоғары құлама беткейлердің топырақтары. Бұл класқа 100 беткейлерде орналасқан, эрозияға күшті ұшыраған жыралары бар топырақтар жатады. Бұл жерлердің өнімділігін сақтау және артттыру үшін агротехникалық, орманды-мелиорация шараларын пайдалану қажет.
6-класс.Жұқақабатты және қиыршық тасты жерлер. 30% -дан артық жетілмеген топырақтар мен кешен түзетін аймақтық топырақтар, жетілмеген топырақтар мен күшті қиыршық тасты топырақтар. Қиыршықталған, жұқа қабаттылығы және тығыз жыныстардың саяз орналасуы бұл топырақтрды басқа бағытта пайдалануға мүмкіншілік бермейді.
7-класс. Шымданғанқұмдар.Бұл өнімділігі өте нашар жайылымдар.
IV-санат.Түбегейлі мелиорациядан кейін ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлер.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4282;