Тропикалық ксерофиттті – орман және саванна аймақтары топырақтары

Тропикалық ксерофитті–орман және саванна аймақтары топырақтары 1460 млн. га аумақта тараған. Олар көбінесе шығыс жарты шарында таралған. Индо-Африка Конго су алқабы, Индонезия аралы және Австралия. Батыс жарты шарында - Орталық Америкада (Сан-Франциско өзенінің су алқабы, Анд таулары етектері, солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс Бразилия, Парагвай).

Бұл аймақтарда топырақтың екі типі кездеседі: қоңыр-қызыл және қызыл-құба топырақтар басымырақ, жауын-шашын жылына 1000-1300мм, жылдың құрғақ кезеңі 4-5 айды құрайтын жағдайларда қалыптасады. Олар көбінесе ферраллитті құрамға ие болады. Қарашірінді мөлшері 2%, қалыңдығы 25-30см, құрамы гуматты-фульватты, рН-5-6, негіздермен қанығуы 50% - дан асады.

Минералдардан каолинит тобы басым келеді, гранулометриялық құрамы балшықты, сіңіру көлемі аз (100г топырақта 4-6м-экв.).

Қызыл – құба топырақтар. Бұл аймақта жылына 800-1000мм. жауын-шашын болады, ал құрғақ мерзім 6 айдан көп созылуы мүмкін.

Құрғақ саваннада шөп жамылғылар арасында сирек өсетін биік ағаштар (баобабтар т.б.) ұшырайды. Жаз кездерінде, әсіресе жылдық жауын-шашынның 75% мөлшері түскенде, құрғақ саваннада көгерген шөптердің бойы жоғары болады. Ал қыста, алты ай құрғақшылық мезгілінде, ағаштар жапырақтарын тастап, шөптер қурап қалады, органикалық заттар топырақ үстінде шіриді. Топырақ түйіртпектігін жақсартуда құмырсқалар мен термиттердің тіршілігі аса маңызды іс атқарады.

Қызыл-құба топырақтардың құрамы ферралитті (каолинит-иллит-монтмориллонитті). Қарашірінді мөлшері 1%, қарашірінділі қабат қалыңдығы 20-25 см, реакциясы әлсіз қышқылдан әлсіз сілтіліге дейін, қарашірінді типі гуматты–фульватты. Топырақ кескінінің төменгі жағында иллювиальды карбонатты қабат орналасқан, сіңіру кешені негіздермен қаныққан. Микротүйіртпекті түзетін жылжымалы темір мөлшері көп болады.

Тропикалық қара топырақтар габбро, базальт, трапп, шөгінді кварцсыз құмбалшықты жыныстарда және әктастарда қалыптасады. Құрғақ саваннадағы қара топырақ тропикалық егіншілігінде ең құнарлы болып есептеледі.

Қарашірінді қабатының қалыңдығы 1м-ден асады, бірақ қарашірінді мөлшері аз - 1,0-1,5%. Бұндай құбылысты гуминді заттардың топырақтың минералды бөлігіндегі көп мөлшерде монтмориллонитпен байланысымен түсіндіруге болады. Әдетте бұл топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр, сіңіру көлемі жоғары - 100г. топырақта 40-60м-экв, кальций, магнийге қаныққан болады. Құрғақ саваннадағы қара топырақтар ауданы 200млн. га. Үндістанда (қара мақта топырағы), Африкада және Австралияда тараған.

Саваннаның шалғынды топырақтары Африкада және Оңтүстік Америкада кездеседі. Бұл топырақтар ыза суы биік орналасқан жерлерде тропикалық батпақтар шекарасында қалыптасқан. Жалпы ауданы 100 млн. га.

Бұл аймақтарда аллювиалді топырақтар және тропикалық кебірлермен шақат топырақтар кездеседі.

Тропикалық ксерофитті-орман және саванна аймақтарында егіншілікте 80 млн.га (5%) жер пайдалануда (Үндістан, Оңтүстік Африка). Бірінші кезекте қара топырақтар (40млн.га) қолданылады. Жер пайдалану коэффициенті 20%. Дақылдардан күріш, жүгері қант қамысы т.б. өсіріледі. Бұл аймақтарды келешекте егіншілікке жарайтын жерлер ауданы 200-300млн. гектарды құрайды.

Тропикалық шөлейттермен шөлдердің әлемдегі ауданы 1220 млн. га Төрт аймаққа бөлінеді. Ең ірісі Африка-Азиалық аймағы. Бұл аймақ Сахараның оңтүстігін және Арабия түбегінің оңтүстік аумағын қамтиды. Одан кейін Австралия аймағы. Бұл аймақ көбінесе материкте орналасқан. Келесі аймақ Оңтүстік Африкадағы Калахари шөлі және төртінші аймақ Солтүстік Чилида орналасқан.

Тропикалық шөлейтте дамыған қызғыш–құба топырақтар шөлденген саваннаның аласа шөптерінің астында қалыптасады, құрамы сиаллитті. Қызыл-құба топырақтардан ферраллиттік деңгейі төмендігімен, қарашірінді мөлшері аздығымен және кескіні бойынша лайдың мөлшерінің әр түрлі болмауымен ерекшеленеді.

Тропикалық шөл топырақтарыда, ферраллиттік үрдістерге байланысты, қызғыш түсті болады. Тұздар шоғырлануы, субтропикалық шөлдерге қарағанда, аз таралған. Суармалы егіншілік су аңғарларында және жазираларда дамыған.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3221;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.