Полярлық белдеуінің топырақтары
Жалпы ауданы (материкті мұзсыз) 466 млн. га Антарктида, Гренландия және басқа аралдардың мұз қалқаны 210 млн.га құрайды.
Солтүстік жартышарында екі полярлық аймақ орналасқан. Евразиялық және Солтүстік Америкалық. Оңтүстік жартышарында Антарктидада мұзбен қапталмаған бірнеше шағын аудандар бар.
Солтүстік америкалық аймағында Гренландияның оңтүстігінде және Алеут аралдарында қышқыл шымды-қарашірінділі-қопа топырақтары дамыған. Өсімдіктерден өлеңшөп, астық тұқымдас шөптер таралған. Батпақтар өсімдіктерінің астында шымтезек қоры байқалады.
Гренландияның солтүстігінде және маңайындағы аралдарда құрғақ арктикалық шөл ландшафтында карбонаттар және басқа тұздар шоғырланған толық дамымаған топырақтар қалыптасқан. Осыған ұқсас ландшафт бірақ бұдан да құрғақ және суық жағдай Антарктидада таралған. Бұл аймақтарда бұғы шаруашылығы және аңшылық дамыған.
Әлемнің жер қорын пайдалану және оны қорғау аса өзекті мәселелердің қатарына жатады. Орташа есеппен әр адам басына қажет азық-түлікті өндіру үшін 0,3-0,5 гектар жер қажет.
Барлық әлем жер ресурстарының 4055млн. гектары (30,2%) ауыл шаруашылығы жерлері болып саналады. Оның 1,5млрд гектары (11,2%) жыртылған, егіншілікте пайдаланылады, ал қалған жерлер шабындықтармен мал жайылымдары ретінде қолданылады. Қазіргі заманда дүние жүзі бойынша егіншілік жерлер ауданын 2,4-3,2 млрд. гектарға дейін көбейтуге мүмкіншілік бар болып есептелінеді.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2893;