Суббореалды белдеудің топырақтары

 

Суббореалды белдеудің топырақтары солтүстік жартышарда, Еуразия және Солтүстік Америкада кең таралған, оңтүстік жарты шарда шағын аудандары кездесуі мүмкін.

Жазық жер аумағында жалпы ауданы 1530 млн. га. Соның 45%-ы далада, 31% шөлейтте және шөлдерде, 24%-ы ормандарда орналасқан. Ауа-райы құрғақ. Жылына дақылдардан бір өнім алынуы мүмкін.

Суббореалдық орман аймақтары Батыс Еуропалық (Батыс және Орталық Еуропа) және Солтүстік Америка шығысы (Англияның солтүстік-шығыс штаттары) аймақтарында орналасқан. Таулы жерлерде Шығысазиялық қоңыр-ормандық (Амур жағалауы, Теңіз жағалауы, Солтүстік Жапония, Солтүстік Шығыс-Қытай) және Солтүстік америкалық батыс аймақтары орналасқан.

Оңтүстік жартышарда Оңтүстік америкалық суббореалды ылғалды-ормандық (Чилидің оңтүстігі) және Австралиялық (Жаңа Зеландияның оңтүстік аралы) аймақтары жатыр.

Суббореалдық орман аймақтары ауданы 362 млн.га. Топырақ жамылғысында қоңыр орман топырақтары 248 млн. гектарды құрайды. Сонымен бірге қоңыр орман қопа топырақтары ұшырасады. Бұл топырақта қарашірінді қабат астында бірден қопа-күлгінді қабат басталады. Қоңыр орман қопа топырақтар ауданы 35млн. гектар.

Солтүстік америкалық – шығыс аймағында қара топырақ сияқты прерий топырақтары қалыптасқан. Қарашірінді қабаттары қара топырақтарға ұқсаған. Бірақ олардың су құбылымы шайылатын, реакциясы қышқыл, қарашірінді типі фульватты, сіңіру кешенінің қанығуы аз, иллювиалды-карбонатты қабаты жоқ болып келеді. Жалпы ауданы 55 млн. га Осы аймақтарда кездесетін аллювиалды топырақтардың ауданы 20 млн. га.

Суббореалды аймақтардың жазық аумақтықтары әлемде ең игерілген және егіншілігі жоғары мәдениетті, дамығандарға жатады.

Суббореалды дала аймақтары. Әлемде қара және қара-қоңыр топырақты үш суббореалды дала аймақтары бар. Соның ішінде ең үлкені Еуроазиялық – ТМД елдерінде таралған. Екінші орында Солтүстік америкалық – АҚШ- ның орта батысы, Канаданың оңтүстігі. Үшінші орында оңтүстік америкалық суббореалды дала аймағы.

Жалпы суббореалды дала аймақтарының ауданы 704 млн.га, соның ішінде қара топырақтар - 240 млн.га, қара-қоңыр топырақтар - 258 млн.га. шалғынды – қара топырақтар және шалғынды – қара-қоңыр топырақтар - 40 млн.га., кебірлер мен шақат топырақтар - 28 млн.га, аллювиалды топырақтар – 30 млн.га жуық.

Топырақ кескінінің түзелуі және қасиеттері бойынша Америкалық қара топырақтар ТМД елдердің топырақтарына ұқсас. Қара топырақтары сілтісізденген, кәдімгі және оңтүстіктілерге бөлінеді. Америкалық қара топырақтар Украинаның қара топырақтарындай қалың болмайды.

Американдық қара-қоңыр топырақтар күңгірт және ашық қара-қоңыр топырақты аймақшаларға бөлінеді. Бұл аймақшаларда көбінесе астық дақылдары егіледі.

Суббореалдық шөлейттер мен шөлдер. Орталық Азия шөлейттерімен шөлдері ТМД, Монғол және Қытайдың бір бөлігін қамтиды. Топырақ жамылғысы: қоңыр шөлейт, сұр-қоңыр шөл топырақтары, құмдар және сорлар. Осыған ұқсас топырақтар Солтүстік Америкадағы Кордильер таулары арасында кездеседі. Бұл аймақтарда мал шаруашылығы дамыған.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2290;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.