Субтропика белдеуінің топырақтары
Субтропика белдеуінде ылғалды- орман аймағы 20%, ксерофитті орман және бұталық дала аймағы 30%, шөлейт және шөл аймағы 50% құрайды. Субтропикалық ылғалды-орман аймағының аумағы 370млн.га.
Жаз және күз кезеңдерінде 2000 мм-ден артық жауын-шашын болуы мүмкін. Құрлықта топырақ жамылғысы төрт аймаққа бөлінеді. Оның екеуі солтүстік жарты шарда – Солтүстік Америкалық және Шығыс Азиялық – Қытай, Тайвань аралы, Жапония, ТМД елдерінде, Түркия, Марокко т.б. мемлекеттерде кездеседі.
Оңтүстік жарты шарда да екі аймақ орналасқан. Оңтүстік Америкалық – Бразилияның оңтүстігі, Парагвай, Уругвайлардың бір бөлігі және Австралиялық – Тынық мұхиттың жағалауы және Жаңа Зеландия Солтүстік аралы.
Субтропикалық ылғалды-орман аймағында сары және қызыл топырақтар кең таралған. Олар жауын-шашын мөлшері 1000-2500мм, 100С жоғары температура жиынтығы 4000-80000 құрайтың жағдайларда қалыптасқан. Бұл топырақтарға ферраллитті, сиаллитті–ферраллитті құрам тән, су құбылымы – шайылатын, реакциясы қышқыл рН -4,5-5,5 төменгі қабаттарында қышқылдығы азайған, сіңіру сыйымдылығы көп емес (туынды минералдар-каолинит, иллит т.б. байланысты), негіздермен қанығуы 80-85%, сіңіру кешенінде сутегімен бірге, көп мөлшерде алмаса сіңген алюминий болады. Топырақ үстіне мол органикалық заттар түскеніне қарамастан, қарашірінді қабаты жақсы дамымаған, себебі органикалық заттар қысқа мерзімде ыдырап кетеді.
Сары және қызыл топырақтардың жоғарғы қабаттарында төменгі қабаттарына қарағанда лай аз мөлшерде болады, сондықтан олардың түсі ақшыл көрінеді. Бұл көрініс әсіресе уақытша аса ылғалды жоғарғы қабаттарға тән.
Әлемде сары және қызыл топырақтар 200млн. гектар жерді қамтиды.
Құрғақ субтропикаға жақын, жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм болған жерлерде субтропикалық прерийдің қызғыш-қара топырақтары қалыптасқан. Топырақтардың жоғарғы қабаттарында қарашірінді мөлшері 10%-ға дейін болады, қалыңдығы 50-60см-ге жетеді. Әдетте гранулометриялық құрамы ауыр келеді, В-қабатында балшықтану үрдісі байқалады. Топырақ ортасының реакциясы қышқыл- рН 4,2-4,8
Қызғыш-қара топырақтардың жалпы ауданы 50млн. га-ға жуық. Бразилия және Уругвайда кең таралған. АҚШ-да (Оклахома, Техас) және Австралия да кездеседі.
Ылғалды субтропикаларда сарғыш-қопа, субтропикалық шабынды батпақ (40млн. га) және аллювиалды (70млн.га) топырақтар таралған.
Ылғалды-орман субтропика аймағында егіншілікте пайдаланылатын жер ауданы 80 млн. гектарды құрайды. Өсірілетін дақылдар күріш, бидай, жүгері, шай, цитрус дақылдары, жүзім, тунг т.б.
Субтропикалық ксерофитті–орман және бұта далалы аймақтары алтыға бөлінеді, соның үшеуі оңтүстік, үшеуі солтүстік жарты шарда орналасқан.
Солтүстік жартышарда бұлар Жерорта теңізі аймағы - Жерорта теңізі маңайындағы мемлекеттер, Кіші және Алдыңғы Азия. Шығыс Азия аймағы - Үндістан, Пакистан, Бирма, Қытай. Солтүстік Америка аймағы-Техас, Нью-Мексика, Аризона, Калифорния штаттары, Мексиканың үлкен бөлігі.
Оңтүстік жартышарда орналасқан Австралиялық аймағы, Оңтүстік Африка-Калахари және Оңтүстік Америка аймағы - Парагвай, Уругвай ылғалды субтропикалар және Анд таулар етегіндегі шөлейттер арасы.
Бұл аймақтарда қоңыр және сұр-қоңыр топырақтар таралған.
Олардың арасында субтропикалық қоңыр топырақтар ауыспалы – ылғалды, жиі құрғақ жаз және ылғалды қыс, шайылмайтын су режімі субтропикалық ауа-райы жағдайында қалыптасады. Өсімдіктерден аласа бойлы ксерофитті ормандарда емен, арша, пістелердің субтропикалық түрлері өседі.
Қоңыр топырақтардың қарашірінді мөлшері 4-7%, қалыңдығы 40-45см. болады. Қарашірінді құрамында гуматты қосылыстары басым келеді, гранулометриялық құрамы ауыр құмбалшық, топырақ кескінінде лай біркелкі бөлінген. Жазықта қоңыр топырақтар 160млн. гектарды алады, ал тауларда одан да көп таралған.
Сұр-қоңыр топырақтар. Бұл топырақтар ауыспалы-ылғалды климатта бірақ, алдыңғы аймаққа қарағанда құрғақты ауа-райында қалыптасады. Өсімдіктер жамылғысы бұталы субтропикалық далаларға тән, қыста жауын-шашын мол болады соның нәтижесінде жеңіл еритін тұздар төменгі қабаттарға шайылып кетеді. Кальций және магний карбонаттары топырақтардың барлық қабаттарында байқалады. Қарашірінді мөлшері 2-4%, қалыңдығы 30-40см. Жазықта сұр-қоңыр топырақтар ауданы 270млн.га-ға тең.
Бұл аймақтарда жылына дақылдардан екі өнім алуға мүмкіншілік бар.
Субтропикалық қара топырақтардың атауы әр елде өзгеше. Мысалы, Балканда «черноземы»-смольницы, Мароккада «тирсы», Оңтүстік Америкада «терра негра». Жалпы ауданы 50млн.га.
Қарашіріндінің шоғырлануы, шайылмайтын су құбылымы, иллювиальды-карбонатты қабаты барлығы бұл топырақтың қара топырақтармен ұқсастығын білдіреді. Субтропикалық тығыздалған (слитые) қара топырақтар құрғақ кезеңде тығызданып терең жарылып кетеді, ал ылғалды кезеңде күшті ісініп кетеді.
Егіншілікте қара топырақтан кейін қоңыр, одан соң сұр–қоңыр топырақтар көп қолданылады, бірақ бұл топырақтардың жиі тасты болуы егіншілікке тосқауыл болуы ықтимал.
Бұл аймақтарда аллювиалды (60млн.га) шалғынды-қоңыр және шалғынды сұр-қоңыр топырақтар таралған.
Субтропикалық шөлейттер және шөлдер субтропикалық белдеуде 890 млн. гектар жерде кездеседі және бірнеше аумаққа бөлінген.
Ең үлкені Афро-Азиаттық аумақ. Бұл аумаққа Сахараның солтүстік бөлігі, Арабия түбегінің солтүстігі және Алдынғы Азияның шөлдері кіреді. Австралия аумағы материктің оңтүстігін қамтыған. Оңтүстік америкалық аумақ Чилидің орталық бөлігінде орналасқан. Осылармен бірге онша үлкен емес Солтүстік Америкалық (Калифорния) және Оңтүстік Африка (Калахаридің оңтүстігі) аумақтары бар.
Бұл аумақтарда толық дамымаған және қарапайым субтропикалық шөлдер топырақтармен (75%) боз топырақтар (25%) таралған.
Жалпы жазықтағы боз топырақтар ауданы 180 млн. гектарды құрайды. Олардан басқа шалғынды-боз топырақтар (10млн.га) мен тақырлар кездеседі.
Ең көп ауданды (440 млн. га) тасты және тасты-саз шөл топырақтар алады. Бұл топырақтардың бетінде күңгірт немесе қара түсті қабыршақ (0,5-5мм) болады, онда темір және марганец тотықтары шоғырланған.
Топырақ қалыңдылығы бойынша жылжыған жарғақ суы тұз қабығы пайда болуына себебші болады. Массивті және борпылдақ жыныстардың жарықтары және қуыстары тұздар мен толады. Ең көп тұздар жер бетінде шоғырланып бірнеше сантиметрден жарты метр қалыңдықты тұз қабығын қалыптастырады. Бұндай жағдай әсіресе субтропикалық шөлдерге тән.
Құмды субтропикалық шөл 180 млн. гектар жерді қамтиды. Ыза сулары жақын орналасқан жерлерде субтропикалық сорлар қалыптасады. Нил, Тигр, Евфрат, Инд өзендерінің аңғарларында қалыптасқан. Аллювиалды топырақтар егіншілікте өте маңызды болып табылады. Шөлейт және шөл аймақтарында егіншілікте 30млн. гектар қолданылады. Өсіретін негізгі дақылдар - мақта, жылу сүйгіш дақылдар, бидай және т.б. Күшті сортаңданған топырақтарда тұзға төзімді құрмалар өсіріледі.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3758;