Бореалдық белдеудің топырақтары

Бореалдық белдеудің жалпы ауданы 1560 млн.га. Бұл белдеуде жауын-шашын мол болады, бірақ жылуы жеткілікті емес. Соның ішінде белдеуде агротопырақты аймақтар жалғыз ылғалдықпен емес топырақтардың жылу құбылымына байланысты ерекшеленеді.

Бұл аймақтарда ауыл шаруашылық дақылдардан көбінесе қара бидай, сұлы, арпа, көкөністер, картоп және шөптер өсіріледі.

Бореалдық тайгалы-орман аймақтары. Жалпы ауданы 1150 млн.га. Ең үлкен Еуразиялық аймақ – Батыс Еуропаның солтүстік және ТМД елдердің солтүстігін қамтиды. Одан кейін Солтүстік америкалық аймақ - Канада және Алясканың жартысынан көбін алады. Үшінші аймақ Огненная Земля аралында орналасқан.

Тайга–орман аймақтарының топырақ жамылғысында күлгін және шымды-күлгін топырақтар (790млн. га) типі басым келеді. Олардың ішінде глейлі-күлгін және иллювиалды-қарашірінділі топырақтар 88млн.га, күлгін топырақтар -357 млн. га шымды-күлгін - 318 млн. га және батпақтар - 109 млн.га.

Осы аймақтың оңтүстік тарапында сұр ормандық (76 млн.га) және ормандық сұр қопа (18 млн.га) топырақтар орналасқан.

Солтүстік тайга-орман аймақтарында шымды-күлгін топырақтар жақсы дамыған. Олар үш фацияға бөлінеді: Атлантика маңайындағы шымды-күлгін және Кордильер таулары етегіндегі фациялар.

Атлантика маңайындағы фацияда Grey Brown Podzdic топырақтар дамыған. Олар Батыс Еуропа және ТМД елдеріндегі сарғыш-күлгін топырақтарға ұқсас. Шымды-күлгін фацияда шымды-күлгін топырақтар дамыған. Кордильер тауларының етегіндегі фацияда Grey Woded топырақтар дамыған. Басқаларға қарағанда оның А қабатында қарашірінді мөлшері көп және күлгінділік дәрежесі кем.

Бореалды тоң-тайға аймақтары. Жалпы ауданы 410 млн.га. Ең ірі Шығыс-Сібір тоң тайга аймағы - ТМД аумағында орналасқан. Екіншісі Солтүстік америкалық тоң-тайга аймағы.

Шығыс Сібір – тоң-тайга аймағы екіге бөлінеді: Солтүстік және орталық тайга. Өз кезегінде әр қайсысы екі фацияға бөлінеді: континенталдық және экстраконтиненталдық. Экстраконтиненталдық фацияға Орталық Якутия және ойпаттар (Оймякон, Верхоянск) жатады. Мұнда солтүстік жартышарларындағы ең төмен температура байқалады.

Солтүстік америкалық тоң-тайга аймағы кішірек. Бұл аймақта экстраконтинентальды фация Аляскада орналасқан.

Америкалық топырақтанушылар бұл аймақта терең тоңазыған қышқыл құба күлгінді белгісі жоқ топырақтарды ерекше бөледі.

Бұл аймақтарда егіншілік тұрғын жерлердің маңайында дамыған көкөніс, картоп, шөптер өсіріледі. Қара бидай, арпа және сұлыныда өндіру мүмкін. Бірақ негізгі шаруашылықтар – орман шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, аңшылық және аң шаруашылығы.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2592;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.