Кавказ таулары топырақтары

Топырақтардың толық тік белдеулігі Кавказ тауларының солтүстік беткейінде кездеседі. Қара теңіз тарапынан тік аймақтық қызыл және сары топырақтардан басталады. Биіктік жоғарылағанда олар құба орман топырақтары мен алмасады, олар сұр орман топырақтармен, сұр орман топырақтар таулы-орманды күлгін топырақтармен, олар таулы-шалғынды, таулы-тундралы топырақтармен алмасады.

Каспий теңізі тарапынан топырақтар тау етегінен бастап келесі тәртіпте алмасады: боз (сұр) топырақтар; таулы қара-қоңыр, қара топырақтар; таулы орманды сұр, қоңыр, күлгін топырақтар; 1800-2800 м биіктікте субальпі, 2800-3500м биіктікте альпі таулы-шалғынды топырақтар; 3500 м биіктіктен мәңгі қар және мұз белдеуі басталады.

Таулы-тундралы топырақтар. Таудың ең биік жерлерінде орналасқан. Олар биік таулар климаты-қысқа өсу кезеңі, ауаның жоғары ылғалдылығы және төмен температурада қалыптасады. Бұндай жағдайда биологиялық және химиялық мүжілу баяу, ал физикалық мүжілу жедел өтеді. Жоғары сатылы өсімдіктер жақсы дамымайды, ал мүк пен қына көп тараған болады. Микробиологиялық үрдістері қарқынды болмауы нәтижесінде өсімдіктер қалдықтары әлсіз ыдырайды. Сондықтан таулы-тундра топырақтарының жоғарғы қабаттарында толық шірімеген органикалық заттар - шымтезек көп болады және қарашірінді құрамында фульвоқышқылдар мол кездеседі. Шымды қабаты жұқа, реакциясы қышқыл, сіңіру сыйымдылығы төмен болып келеді. Топырақ тастылығымен және қаңқалығымен ерекшеленеді.

Таулы-шалғынды топырақтардың жоғарғы қарашірінді қабаттары шымтезекті-шым, құба түсті, қарашірінді қабаты қалыңдығы 20-40см. А1 қабаты әлсіз шымтезектелген, түйіртпектігі дәнді немесе шаңды-кесекті, темір тотығына байланысты жиі тот басқан түсті болады. Кейбір субальпі белдеулерінде орналасқан таулы шалғынды топырақтарда қарашірінді қабаттың қалыңдығы 50 см-ден артық болуы мүмкін.

Таулы күлгін топырақтар-тауларда ең көп тараған топырақтар болып табылады. Олар көбінесе қылқан жапырақты ағаштар астында қалыптасады. Топырақ түзуші жыныстар магмалық жыныстардың үгілуі нәтижесінде пайда болған түрлі қалыңдықты борпылдақ өнімдер. Шайылатын су режімі әсерінен, орман төсенішінің шіру нәтижесінде пайда болған қышқыл өнімдер минералдарды бұзып күлгінденген және иллювиалды қабаттар қалыптасуына ықпал жасайды.

Таулы күлгін топырақтардың құрылысы: А0 – орман төсеніші, жиі мүк жамылғысымен кездеседі, қалыңдығы 5-10см, шымтезектелген, шала шіріген; А1 - дөрекі қарашірінді қабат, қалыңдығы 3-5см, қарашірінді қышқылдармен қаныққан, қарашірінді мөлшері 4-10%, фульвоқышқылдар басым келеді. А2 - күлгенденген қабат, ақшыл түсті, қалыңдығы 5-15см; В - иллювиалды қабат, қоңыр-құба, тығыздалған, қалыңдығы 20-25см. Топырақтың жалпы қалыңдығы 40-50см аспайды. Басқа таулы топырақтарға ұқсас аз қалыңдықты және қаңқалы. Топырақ қышқылды немесе күшті қышқылды (рН 4,2-5,0), жылжымалы алюминий мен темір мөлшері көп (49-кесте).

 

49-кесте. Кавказ таулары топырақтарының сипаттамасы

Топырақ Үлгі алынған тереңдік,см Қара -шірінді, % Азот % рН 100 г. топыраққа сіңірілген катиондар, мг-экв.
Са++ Мg++ H+ жиын тық
Таулы-шымтезекті (В.М. Фридланд) 2-8 22,1 1,25 4,4 3,2 1,3 14,4 18,9
24-32 9,7 0,57 4,7 2,6 0,5 11,8 14,9
33-45 6,8 0,36 4,7 2,7 0,2 7,0 9,9
60-65 2,9 0,32 3,2 2,8 0,3 4,0 7,1
Таулы-шалғынды-далалық (В.М. Фридланд 0-5 14,1 0,95 7,1 48,7 6,6 іздер 55,3
5-15 12,8 0,80 6,4 38,0 8,4 0,3 46,7
20-30 7,7 - 6,2 31,5 8,0 0,4 39,9
45-55 3,4 - 6,3 24,7 7,0 0,2 31,9
Таулы күлгін (С.В.Зонн) 8-14 4,3 - 4,8 2,8 3,0 7,6 13,4
26-32 3,0 - 4,7 2,8 2,6 4,1 9,5
45-52 2,0 - 4,9 2,2 1,8 4,5 8,5

 

Таулы күлгін топырақтар келесі түрлерге бөлінеді: таулы орман қышқылды (жасырын күлгінді), таулы аз қалыңдықты бетінен күлгенденген, таулы күлгін (әлсіз, орташа-күшті-күлгінденген), таулы күлгін иллювиалді–қарашірінділі–темірленген және иллювиалді- қарашірінділі.

Таулы қоңыр орман топырақтары 3 типшеге бөлінеді: нағыз қоңыр орман, күлгінденген қоңыр орман және беткі қабаты қопаланған қоңыр орман топырақтары. Қоңыр орман топырақтары А0 - А1 – В (В1,В2) С қабаттарынан құралған. Таулы қоңыр орман күлгінденген топырақтарының қабаттары күлгінделмеген топырақтарға қарағанда анық ажыратылып тұрады. Оларда А2 - күлгіндеген қабат байқалады. Қарашірінді қабатының қалыңдығы 10-20см, түйіртпектігі кесекті-дәнді немесе дәнді-жаңғақты. В1 қабаты-қоңыр түсті, кесекті жаңғақты, тығыз, көп мөлшерде тас қосылмалары бар.

А1 - қабатында қарашірінді мөлшері 5-6%. Нағыз қоңыр орман топырақтарында гумин қышқылдары басым келеді. Сіңіру сыйымдылығы 100г топырақта 30-40м-экв, негіздерге қаныққан, әлсіз қышқылды.

Таулы сұр орман топырақтары А0 - А1 - А1А2 - В және С қабаттарынан құралған. А қабатында қарашірінді мөлшері 3-6% кейде 10-13%-ға дейін болады. Сіңіру сыйымдылығы 100г топыраққа 25-35м-экв.

Топырақ реакциясы жоғарғы қабаттарда әлсіз қышқылды, төменгі қабаттарда бейтарапқа жақын (рН 6,0-6,5).

Таулы қара топырақтар лөсті элювиалді-делювиалді және делювиалді-пролювийалді шөгінділерде шалғынды даланың түрлі шөптерінің астында қалыптасқан.

А0 - А1 - В1 - В2 - ВК - С генетикалық қабаттарынан құралған.

А – қабаты - күңгірт сұр немесе қара түсті, түйіртпектігі дәнді немесе кесекті-дәнді. Қарашірінді (А+В1) қалыңдығы 30-80 см аралығында, мөлшері 5-10% құрайды. Қара топырақтар тастар мөлшерінің көптілігімен ерекшеленеді. Сіңіру сыйымдылығы 100 г топырақта 30-50мг-экв, негіздерге қаныққан, топырақтың жоғарғы қабаттары реакциясы бейтарап, төменгі қабаттары–сілтілі. Таулы қара топырақтар нағыз, күлгінденген, сілтісізденген және карбонаттыларға бөлінеді.

Таулы қара-қоңыр топырақтар өте құрғақ ауа-райында карбонатты жыныстарда жусан-селеу өсімдіктер астында қалыптасқан. Түзілуі және қасиеттері бойынша таулы қара-қоңыр топырақтар жазықтың қара-қоңыр топырақтарымен өте ұқсас. Олар сортаңданбағанымен және кебірленбегенімен ерекшелінеді.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3176;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.