Таулы өлке топырақтары
Топырақ құралу жағдайлары.Қазақстанның жер қоры 272,5млн. гектарды құрайды. Оның 235млн. гектары – 87% жазықтық, ал 40,5млн.гектары -13,4% таулы, тасты, құмды жерлер мен су айдындары.
ТМД елдерінде таулы өлке топырақтары ауданы шамамен 650 млн. гектар, немесе барлық аумақтың 28,8% қамтиды.
Тау өлкелерінде топырақтардың қалыптасуы және таралуы орыс ғалымы В.В.Докучаев ашқан тік аймақтық топырақ таралу заңдылығына бағынады. Климат жағдайы және өсімдіктер түрлері жердің биіктілігімен өзгереді. Жердің биіктілігіне байланысты топырақ типтерінің алмасуы тік аймақтық топырақ таралу заңдылығы деп аталады.
Тау өлкелерінде топырақ аймақтары жазықтық аумақтағыға ұқсас белдеулер түрінде орналасады. Бірақ, тауларда, ендікте кездесетін кейбір белдеулер жалпы болмауы да мүмкін. Бұндай құбылыс топырақ аймақтарының интерференциясы деп аталады.
Таулы өлкелерде ауа-райы ерекше. Жазыққа қарағанда жауын-шашын мол, ауа ылғалдығы жоғары, температура төмен болады, күн радиациясы күшті болып келеді. Тау бедерлері кешенді және күрделі. Соның нәтижесінде топырақ жамылғысы ала-құлалығымен ерекшелініп тұрады. Таудың күн бетіне қарап орналасуына байланысты су және жылу құбылымдары күрт өзгеруі мүмкін. Оңтүстік жағындағы беткейлер, солтүстік беткейге қарағанда жылы және құрғақ келеді. Мұндай айырмашылық әр түрлі өсімдіктер дамуына себеп болады, осындай жағдай әр түрлі топырақтардың қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Топырақ түзуші жыныстар ретінде әк тасы, құмдар, тақта тастар, магмалық тау жыныстарының үгілген өнімдері кездеседі. Тянь-Шань, Памир тауларында топырақ түзуші жыныстардың құрамында көп мөлшерде тұздар болады, сондықтан сортаңданған топырақтар қалыптасуы байқалады.
Жердің биіктігіне байланысты биогидротермикалық жағдай өзгеруі әр түрлі топырақтар қалыптасуына әсер етеді.
Қазақстанда таулы-дала топырақтары барлық жер ауданының - 0,9%; таулы-орман күңгірт топырақтары - 0,2%; таулы орман қара топырақтары - 0,1%; таулы орман қышқыл топырақтары - 0,5%; таулы орманды топырақтары - 0,5%; таулы орман шалғынды топырақтары - 0,3%, таулы шалғынды қара топырақтар - 0,5%; таулы шымды топырақтар 0,1%; таулы–тундра топырақтар - 0,1%; таулы-шалғынды субальптілік топырақтар - 0,1%; таулы шалғынды альпілік топырақтар - 0,3% құрайды.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3979;