Азақстанның топырақ-географиялық аймақтары
Қазақстан жер ауданы жағынан әлемдегі ірі мемлекеттер қатарына жатады. Ол осы көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде екінші, ал бүкіл әлем мемлекеттері ішінде тоғызыншы орында.
Еліміз терістігінен оңтүстігіне дейін 1600, ал батысынан шығысына дейін 3000 км-ге созылған кеңістікті алып жатыр. Осындай ұлан байтақ аумақта орналасқандықтан елімізде кең алқапты жазықтық жерлер және сонымен бірге биіктігі әр түрлі болып келетін таулы өлкелер де кездеседі.
Қазақстанның жазықтық жерінде топырақтардың таралуы көлденен аймақтық топырақ таралу заңдылығына сәйкес, ал таулы өлкелерде топырақтардың тік биіктік белдеу болып таралу заңдылығына сәйкес қалыптасқан. Республикамыздың жазықтық жері аумағында солтүстіктен оңтүстікке дейін ендік бағытта төрт табиғи аймақтар кезектесіп орналасқан. Олар келесідей: орманның сұр топырағы бар, сілтісізденген қара топырақпен шалғынды қара топырақты жеткілікті ылғалданған орманды дала; қара топырақты дала; қара қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт); қоңыр және сұр-қоңыр топырақты шөл аймақтары (35-сурет).
Сұр ормандық топырақ, сілтісізденген қара топырақ және шалғынды қара топырақ жамылғысы бар жеткілікті ылғалданған орманды дала аймағы.Ауданы 0,4 млн. га. Солтүстік Қазақстан облысының қиыр терістігінде, солтүстік ендіктің 550-нен жоғары орналасқан кішкене аумақты алып жатыр. Бұл Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігіне орналасқан Қазақстанның жазықтық жерінің ең салқын және ылғалды аймағы. Жер бедері ойпатты жазықтық болып келеді.Топырақ түзуші тау жыныстарының басым бөлігі төрттік дәуірдің аллювиалді - көл құмбалшықтары.
Жер бетінің ойпатты келіп, әлсіз құрғатылуы себебінен топырақтың ылғалдылығы артып, шалшықтар мен батпақтардың пайда болып шалғынды қара топырақтардың түзілуі осы аймақта жиі кездеседі.
Қара топырақты дала аймағы.Ауданы 25,4 млн. га. Биоклиматтық көрсеткіштеріне, негізгі және қосалқы топырақ түзілу процестері сипатына байланысты аймақ екі аймақшаға бөлінеді. Олар-кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала және оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала.
Кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасы53-550 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 12,0 млн.га. Бұл аймақша Солтүстік Қазақстан облысының түгелдей дерлік жер ауданын, Қостанай және Ақмола облыстарының терістігіндегі аудандарды алып жатыр.
Осы аймақшада еліміздің құнарлы, егіншілікке жарамды топырақтары орналасқан. Олар түгелдей жыртылып игерілген. Астық шаруашылығы өндірісінің негізгі көлемі осы аймақшада дамыған.
Оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала аймақшасысолтүстік ендіктің 52030/-53030/ бойында орналасқан. Аймақшаның ауданы 13,4 млн.га. Ол Қостанай, Ақмола облыстарының орталық және солтүстік бөліктерін, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының қиыр солтүстігінде таралған.
Осы аймақшада егіншілік шаруашылығымен қатар ет-сүт өндіретін мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Қара-қоңыр топырақты қуаң дала және шөл дала (шөлейт) аймағыеліміздің жалпы жер ауданының 38,6% алады. Ауданы 90,4 млн.га. Ол 48 және 520 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Бұл аймақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.
Топырақ түзуші экологиялық факторлардың кейбір өзгешеліктерінің болуына байланысты аймақ үш аймақшаға бөлінеді.
Олар: күңгірт қара- қоңыр топырақты құрғақтау дала; нағыз қара қоңыр топырақты құрғақ дала; ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала (шөлейт).
Күңгірт қара-қоңыр топырақты қуаң дала аймақшасы аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы 27,7 млн.га.
Топырақ жамылғысының негізін күңгірт қара-қоңыр топырақ құрайды. Ол аймақша ауданының 50%-дан артық жерінде кездеседі. Сонымен бірге сортаңданған, кебірленген топырақтар да жиі тараған. Олар топырақ жамылғысы құрылымының 40% қамтиды. Аймақшада астық және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру дамыған.
35-сурет.Қазақстан топырағының аймақтары мен аймақшаларының нұсқа картасы
1 - Сұр ормандық топырақ, сілтісізденген және шалғынды қара топырақ; 2 – кәдімгі қара топырақ және 3 - оңтүстік қара топырақ; 4 – күңгірт қара-қоңыр және 5 - нағыз қара-қоңыр топырақ; 6 -ашық қара-коңыр топырақ; 7 - қоңыр топырақ; 8 - сұр-қоңыр топырақ; 9- тау етегінің боз топырағы; 10- аласа тау топырақтары;11 – орташа және биік топырақтары.
Нағыз қара-қоңыр топырақты құрғақ дала аймақшасы сипатталып отырған аймақтың орта бөлігінде орналасқан. Қазақстанның Батыс бөлігінде аймақшаның ені 40-100км болса, Шығысында ол 150-225 км-ге дейін жетеді. Бұл аймақша Каспий маңы ойпатының, Орал үстіртінің, Мұғалжар аласа тауларының, Торғай үстіртінің, Сарыарқаның және Ертіс өңірі жазықтығының біраз бөлігін қамтиды. Аймақшаның ауданы 24,3 млн.га.
Аймақшаның негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол аймақша ауданының 50% алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығыда мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және тұзданған аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.
Аймақшада мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысу мүмкіндігі бар.
Ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы47030/-50030/ солтүстікендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 38,4 млн га. Батысында Каспий маңы ойпатының солтүстігінен басталып шығысында Алтай және Тарбағатай таулары бөктерлеріне дейін созылып жатыр. Аймақшада қуаңшылық жағдай аса дамығандықтан дәнді-дақылдар өнімділігі өте төмен. Сондықтан бұл аймақшада мал шаруашылығын дамыту басты бағыт болуы тиіс.
Қоңыр топырақты шөл аймағы солтүстік жарты шардың 410-480 (кей ауданда 490) ендіктері аралығында орналасқан. Ол батыстан шығысқа дейін 2800 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 850 км-ге созылған кең өңірді алып жатыр. Ауданы 119,4 млн.га, немесе Республика жер ауданының 43,8% құрайды.
Бұл аймақ Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының түгел жерін, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының біраз жерін, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін алып жатыр. Аймақ қоңыр топырақты солтүстік шөл және сұр-қоңыр топырақты орталық шөл аймақшаларына бөлінеді.
Қоңыр топырақты солтүстік шөл аймақшасы 57,4 млн.га жерге орналасқан. Ол Каспий маңы ойпатының және Орал үстіртінің оңтүстік бөлігін, Маңғыстаудың біраз бөлігін, Сарыарқаның оңтүстік беткейін алып жатыр.
Топырақ жамылғысы құрылымның 53% құба топырақтар, 15%-кебірлер, 14,9% құмдар, 8% сор және 5% гидроморфты топырақтар құрайды.
Сұр-қоңыр топырақты орталық шөл аймақшасы батысында Каспий теңізі жағалауынан (Маңғыстау үстіртінен) басталып шығысында Балқаш–Алакөл ойпатына дейін созылған кең алқапты алады. Оның ауданы 61,8млн. га. Аймақшаның басым бөлігі аллювиальді-жазықтықтарда, біраз бөлігі Маңғыстау, Үстірт, Бетпақдала көтеріңкі жазықтықтарында (үстірттерде) орналасқан.
Топырақ жамылғысы құрылымында сұр-құба топырақ 44,6%, құм және құмды шөл топырағы - 30,2, тақырлар мен тақыр тәрізді топырақтар-11,0 кебірлер мен сорлар-8 және гидроморфты топырақтар 6% үлес алады.
Қоңыр және сұр-қоңыр топырақты шөл аймағында мал шаруашылығын дамытуға жағдай бар. Егін шаруашылығы өзен аңғарларында суармалы егістік ретінде шамалы дамыған
Таулы алқаптар топырақтары Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында 40-500 солтүстік ендіктер аралығында 2500км-ге созылып орналасқан. Аумағы 37 млн.га немесе республика жер аумағының 13,6% (К.Ш. Фаизов ж.б., 2001). Шығыс Қазақстанда Алтай таулары, Алматы облысында Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысында Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысында Қазығұрт пен Қаратау таулары орналасқан.
Таулы аймақтың ерекшелігі - топырақтардың тік (биіктік) аймақтық таралуы заңдылығына сәйкес тау беткейлерінде белдеулене орналасуы болып табылады. Тау етегінен беткеймен жоғары көтерілген сайын, климаты мен өсімдік жамылғысы өзгеруіне байланысты топырақ жамылғысыда өзгеріп отырады. Таулы алқаптар топырақтарына қысқаша сипаттама беру үшін белдеулік аймақтар түгел кездесетін Іле Алатауын мысалға алып қарастыру ыңғайлы (А. Бигалиев ж.т.б.,1995).
Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып келетін тау етегіндегі шөлді дала аймағы орналасады. Жазықтықтағы шөлді дала аймақшасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақта ылғал мөлшері молырақ болады. Жылдық ылғалдың түсуі 250-360 мм-ге жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі. Бұл аймақтың топырағы негізінен боз топырақтар. Таудан алыс жерлерде ашық түсті боз топырақтар, одан кейін тауға жақындау нағыз боз топырақтар, ал тауға ең жақын күңгірт түсті боз топырақтар және ашық қара қоңыр топырақтар орналасады. Тау етегі шөлді дала аймағынан биігірек алқапта аласа таулы дала аймағы басталады. Жыл ішінде түсетін ылғал мөлшері біршама жақсарып 460-780 мм-ге жетеді. Ауа температурасының белсенді жылу қосындысы 2500-31000 болады. Жердің биіктігі өсуіне байланысты ылғал мөлшерінің артуы және ауа температурасының жеткілікті болуы әсерінен шөптесін өсімдіктердің өніп-өсуі жақсарады. Сондықтан бұл аймақта қара-қоңыр және қара топырақ дамып, таралған.
Аласа таулы дала аймағынан биігірек орташа-таулы орманды-дала және орманды белдеу орналасқан. Бұл аймақта жылдық жауын-шашын мөлшері тағыда ұлғайып 840-880мм-ге дейін өседі, бірақ ауа температурасының салқындауы байқалады. Ауаның белсенді температурасыныың мөлшері 860-8800-қа дейін төмендейді. Бұл белдеуде қара топырақ және күңгірт қара-сұр орманның топырағы қалыптасқан. Биік таулы-шалғынды және шалғынды дала белдеуі Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 2800-3800м биіктікте орналасқан. Бұл белдеуде альпілік және субальпілік шалғынды өсімдік жамылғысы дамыған. Осы шалғындар астында таудың шалғынды және таудың шалғынды-далалық топырақтары қалыптасады. Бұлар таулы өлкенің, жазықтық жерде кездеспейтін, ерекше топырағы. Бұл белдеудің климаты салқын. Ауаның жылдық орташа температурасы 0,8-1,00С, жыл ішінде ауаның 100-тан жоғары температурасы бар күндер саны 57-60. Бір жылда түсетін ылғал мөлшері 730-750 мм.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4318;