Топырақ құралу жағдайлары

Тайгалы-орман аймағы ТМД елдері ішінде негізінен Ресей мемлекеті аумағын қамтиды. Бұл аймақ солтүстігінде тундра, ал оңтүстігінде орманды-дала аймақтарымен шектеседі. Алып жатқан жер аумағы 1 млрд. 150млн.га. ТМД елдері аумағының 52%, ал соның ішінде Ресей мемлекеті жер ауданының 55% құрайды. Бұл аймақ өте үлкен ауданды қамтығандықтан топырақ құралу жағдайлары әр түрлі көрсеткіштермен сипатталады.

Климатыбореалды, яғни қоңыржай-салқын биоклиматтық белдеуге тән. Ең жылы және ылғалды болып Еуропа бөлігі есептеледі. Бұл бөлікте жылдық орташа температура 0,80С қаңтардың орташа температурасы -16-270С. Шілденің орташа температурасы +17-180С. Жауын-шашын мөлшері 500-680мм. Аймақтың шығыс бөлігіне қарай климаттың салқындығы арта түседі. Батыс Сібір бөлігінде жылдық орташа температура -3,00-7,80С. Шығыс Сібірде климат айқын континентальды. Жылдық орташа температура -7-160С аралығында болады. Жауын-шашын мөлшері 150-320мм. Топырақ терең қабаттарға дейін қатады. Мәңгілік тоң да кең тараған. Қиыр Шығыс бөлігінде климат біраз жылырақ, Орталық Амур және Уссури өлкесінде климат муссонды: жауын-шашын 600-700мм, оның басым бөлігі шілде-қыркүйек айларында жауады. Қысы құрғақ және суық, ал жазы ылғалды, жылы. Шілденің орташа температурасы +200С (Т.Тазабеков ж.т.б. 2000). Негізінен жауын-шашын аймақта жылдың жылы мезгілінде жауады. Жер бетінен ылғалдың булануынан жауын-шашын мөлшері 1,10-1,33 есе артық. Сондықтан бұл аймақ ылғалдылығы жеткілікті және ылғалдылығы артық аймақ болып есептеледі.

Жер бедері.Аймақтың Еуропа бөлігі Орыс жазықтығында орналасқан. Бұл жерлердің бедеріне мұз дәуірінің мұздықтары үлкен ықпал жасаған. Абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 290-460 мм биіктігі бар жалдар мен дөңдер және олардың аралықтарында көлдер мен көптеген батпақтар орналасқан. Сонымен бірге бұл жерлер көптеген өзендермен жыралардың ықпалынан айқын толқынды, дөңді жер бедері болып қалыптасқан.

Аймақтың Батыс Сібір бөлігі жадағай-жазық, ойпатты бедерлі, әлсіз құрғатылатын Батыс Сібір жазықтығында орналасқан, ал Енесей өзенінен шығысқа қарай тайгалы-орман аймағы Орталық Сібір қыраты мен Шығыс Сібір тау жүйесінде және Қиыр Шығыста орналасқан. Бұл өңірдің геологиялық құрылысы өте күрделі және көбінесе таулы жер бедерінен құралған.

Топырақ түзуші тау жыныстарыЕуропалық бөлікте, Батыс Сібірде мұздықтармен, мұздықтар суының шөгінділерінен құралған. Олар негізін гранулометриялық құрамы әр түрлі болып келген карбонатсыз кейде карбонатты мореналық (мұздықты) аналық тау жаныстары. Осылармен бірге жамылғы құмбалшықтар, балшықтар, мұздық сулары жинаған құмдар мен құмайттар кездеседі. Аймақтың таулы өлкелерінде аналық тау жыныстары түпкі тау жыныстарының элювиі және делювиі. Орталық Саха ойпатында аналық тау жыныстары төрттік кезеңнің лөс тәрізді құмбалшықтары және құмайттар, ал Қиыр Шығыстың жазықтық жерлерінде – төрттік және үштік кезеңнің құмдары, құмайттары және балшықтары болып келеді.

Өсімдік дүниесі.Тайгалы–орман аймағының батпақсыз жерлерінде негізінен қылқан жапырақты ағаштар-шырша, самырсын, балқарағай, майқарағай өседі. Кейбір жерлерде жалпақ жапырақты-қайың, көктерек, қандыағаш өседі. Аймақтың оңтүстік бөлігінде қылқан жапырақты ормандар сирей түседі де олар аралас ормандарға біртіндеп ауысады. Аралас орман ішінде жалпақ жапырақты-емен, жөке, қарағаш, үйеңкі сияқты ағаштар көбейеді. Осы өсімдіктер жамылғысы мен бірге орман жиектерінде, ашық алаңдарда шөптесін шалғын өсімдіктер дамыған. Сонымен бірге тайгалы-орман ішінде мүк өсімдіктері бар батпақты ортада өсетін өсімдіктер бірлестігі қалыптасқан батпақтар жиі кездеседі. Әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде және Батыс Сібір жазықтығында батпақтар көп тараған.

Қорыта айтқанда, тайгалы-орман аймағы өте үлкен аумақты қамтып, топырақ құраушы жағдайларының өте күрделілігімен және алуан түрлілігімен сипатталады. Сондықтан бұл аймақта топырақтар құралуына күлгіндену, шымдану, батпақтану топырақ түзілу үрдістері ықпал жасап, күлгін топырақ, шымды топырақ, шымды-күлгін, батпақты топырақ, батпақты-күлгін және тоңды-тайгалы топырақтар типтерін қалыптастырады.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2647;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.