Ара-қоңыр топырақтың классификациясы
Қара-қоңыр топырақтар ТМД мемлекеттерінде қолданылатын классификацияға сәйкес келесідей жіктеледі (35-кесте). Қара қоңыр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар: күңгірт қара-қоңыр; нағыз қара-қоңыр; ашық қара-қоңыр топырақ типшелері. Бұл типшелерге бөліну негізінен олардың құрамындағы қарашіріндінің мөлшеріне байланысты (36-кесте).
Қара қоңыр топырақтардың тектері келесідей:
- кәдімгідей
- карбонаты
- кебірленген
- тереңнен қайнайтын
- сортаңданған
- жетілмеген
- әлсіз дамыған
Бұл қара-қоңыр топырақ тектерінің негізгі диагностикалық белгілері қара топырақ типінің тектерінің белгілеріне сәйкес болып келеді.
Қара-қоңыр топырақты түрлерге А+В1 қабатының қалыңдығына байланысты жіктейді. Егер А+В1 қалыңдығы 50см-ден асса, ол қалың қабатты қара-қоңыр топырақ; ал ол 30-50см аралығында болса-орташа қалыңдықты; 20-30 болса-жұқа; 20см-ден аз болса- өте аз жұқа қабатты топыраққа жатады.
35-кесте. Қара-қоңыр топырақтың жіктелуі
Типшесі | Тегі | А+В1 қабатының қалыңдығына сәйкес түрі |
Күңгірт қара-қоңыр Нағыз қара- қоңыр Ашық қара- қоңыр | Кәдімгідей Карбонаты Кебірленген Тереңнен қайнайтын Сортаңданған Жетілмеген Әлсіз дамыған | : А+В1 >50см, қалың А+В1 30-50 см, орташа А+В1 20-30 см, жұқа А+В1< 20 см, өте жұқа |
36-кесте. Қара-қоңыр топырақты қарашірінді мөлшеріне байланысты типшелерге жіктеу
Типшесі | Топырақтың 0-15 см қабатында қарашірінді мөлшері, * % | |
Балшықты, ауыр және орташа құмбалшықты | Жеңіл құмбалшықты, құмдақты | |
Күңгірт қара-қоңыр | 3,2-4,0 (5) | 2,5-3,0 (4) |
Нағыз қара-қоңыр | 2,2-3,2 (4) | 1,5-2,5 (3) |
Ашық қара-қоңыр | 1,5-2,2 (2,5) | 1,0-1,5 (2) |
*- жақша ішінде тың және тыңайған жерлерде
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3056;