Жер қабығының және топырақтың химиялық құрамы

Топырақ жер қабығының үстіңгі қабатында орналасқандықтан жалпы оның құрамы жер қабығының химиялық құрамына сәйкес болады. Бірақ, топырақтың химиялық құрамының аналық тау жыныстары құрамынан өзгешеліктері бар. Топырақ минералды, органикалық және органикалық-минералды заттардан құралған. Оның химиялық құрамының басты өзгешелігі – топырақта органикалық заттардың, соның ішінде ерекше заттар тобы қарашіріндінің болуы, химиялық қосылыстардың алуан түрінің кездесуі және оның құрамының уақыт ағымына байланысты өзгеріп отыруы.

Топырақтағы минералды заттардың көзі тау жыныстары, ал органикалық қосылыстар өсімдіктер мен тірі ағзалардың әрекетінен пайда болады. Органикалық және минералды заттардың әрекеттесуінен күрделі органикалық–минералды заттар құралады.

Топырақта және жер қабығында (литосфера) химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі (14- кесте).

Негізінен топырақ құрамында осы күнге белгілі химиялық элементтердің барлығы бар. Топырақтың құрамындағы элементтердің бір-бірімен салыстырмалы мөлшері бойынша алатын орны, литосферада кездесетін элементтердің орналасуына ұқсас болып келеді.

Литосферада және топырақ құрамында ең көп таралған элемент оттегі, одан кейін кремний, сонан соң алюминий, темір, кальций т.б.

14-кесте. Литосферада және топырақтағы химиялық элементтердің мөлшері, % (8)

 

Элемент Литосфера Топырақ Элемент Литос-фера Топы-рақ
О2 47,2 49,0 Мg 2,10 0,63
Si 27,6 33,0 С 0,10 2,00
Al 8,8 7,13 S 0,09 0,085
5,1 3,80 Р 0,08 0,08
Са 3,6 1,37 Сl 0,45 0,01
2,64 0,63 Мn 0,09 0,85
К 2,60 1,36 N 0,01 0,10

 

Литосфера құрамымен салыстырғанда топырақ құрамында көміртегі мөлшері 20 есе, азот 10 есе көп. Сонымен бірге топырақ құрамында оттегінің, сутегінің, кремнийдің мөлшері олардың литосфера құрамындағы мөлшерінен молырақ, ал алюминийдің, темірдің, калийдің, натрийдің, кальцийдің мөлшері азырақ.

Қазақстанның солтүстік аймағында таралған кейбір топырақтардың жалпы химиялық құрамы 15-кестеде келтірілген.

15-кесте. Солтүстік Қазақстан топырақтарының жалпы химиялық құрамы (күйдіріліп, карбонатсызданған топырақтағы мөлшері, %)

Үлгі алынған қабат, см SiО2 Al2О3 2О3 СаО МgО К2О 2О Р2О5
Ауыр құмбалшықты кәдімгі қара топырақ (Е.А. Сұлтанбаев, 1987)
0-20 75,10 12,95 5,55 1,71 1,39 2,04 0,82 0,17
35-45 74,29 13,07 5,82 1,41 1,25 1,96 0,84 0,17
55-65 74,84 13,31 5,90 0,81 1,77 1,84 0,80 0,17
80-90 71,75 12,27 5,66 4,78 1,91 1,66 0,73 0,15
115-125 73,84 13,20 5,85 3,08 1,48 1,90 0,99 0,16
200-210 71,46 13,20 6,96 2,03 2,17 2,09 1,13 1,16
Күңгірт қара-қоңыр топырақ (Н.А. Полузерев ж.б.,1978)
0-7 63,28 11,83 6,55 3,53 8,03 1,50 2,41 0,07
7-18 63,20 12,11 8,57 3,80 7,79 1,27 2,30 0,06
20-35 57,56 12,50 10,13 4,26 11,10 1,15 2,23 0,06
35-50 56,61 11,86 10,62 4,50 12,68 1,20 2,21 0,14
50-80 54,45 12,31 10,70 4,74 13,08 1,31 2,27 0,10
90-100 54,60 11,20 10,42 6,07 12,97 1,25 2,41 0,12
Тау жынысы 54,31 9,70 9,84 10,36 12,50 0,48 1,20 0,19

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 5174;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.