Айданды таңдау және байыту фабрикаларының бас жоспары
Көмір байыту фабрикаларын жобалау кезінде орташа өлшемдерінің ірілігімен (+25; 13;9;6 мм) кокстау және энергетикалық көмірге арналған барлық көмірді байыту қажеттілігінен шығады. Әдеттегідей, ылғалды байыту әдістерін қолданады (құрғақтары тек қана суық климаты бар аудандарда).
Шахталарға қатысты орналасуы бойынша фабрикалар БФ (шахтаның жақын манында), КБФ – топтық және ОБФ (орталық байыту фабрикасы) болып бөледі. Қағида бойынша КБФ және ОБФ көбінесе көмір ауданынан шығатын жерде орналастырады.
Байыту фабрикаларын жобалау екі кезең бойынша жүргізіледі, яғни жиынтық сметалық-қаржы есебімен жобалық тапсырма құрастырылады және жұмыстық сызбалар әзірленеді. Дәл жобалау кенорнының күрделі емес геологиялық сипаттамасы және пайдаланылатын бұрын қолданылған экономикалық тұрғыда мақсатқа лайық ұқсас кәсіпорындардың жобаларын пайдалану немесе типтік жобалар мен шешімдердің негізінде пайдалы қазбаның сапасы туралы деректердің болуы кезінде алдын ала көзделеді.
Көмір байыту фабрикаларын қолайлы орналастыру міндеті байыту фабрикаларына шахталардан көмір жеткізуден, дұрысын айтқанда қатардағы көмірді байытудан және тұтынушыларға немесе МПС тиесілі станциясына байыту өнімдерін жеткізуден тұрады.
6.1-суретінде көмірдің ең басында шахталардан қабылдау кешеніне түсетінін көрсететін шахтасыз мықты ОБФ бас жоспары ұсынылған. Жүк түсіретін құрылғылардың типі вагонның типімен анықталады және аударғыштар арқылы немесе өз бетімен түсірумен түсіріле алады.
1 – әкімшілік – тұрмыстық корпус; 2 – АБК мен бас корпус арасындағы тоннель; 3 – кептіру бөлімі; 4 – бас корпус; 5 – тиеу және сұрыптау корпусы; 6 – конвейерлі галерея; 7 – беру бункерлері; 8 – ағыту көпірлері бар вагонаударғыштар; 9 – қабылдау бункерлері; 10 – конвейерлі галерея; 11 – бөлшектеу-сұрыптау бөлімі; 12- бөошектеу сұрыптау бөлімінен бас корпусқа конвейерлі галереясы; 13 – бас корпустан жабық коймаға дейінгі конвейер галереясы; 14 – тиеу бункері; 15 – концентрат қоймасынан кептіру бөліміне дейінгі конвейер галереясы; 16 – сорғыш бекеті бар резервуарлар; 17 – кмпрессорлаушы; 18 – бас төмендету шағын бекеті; 19 - сорғыш бекеті бар шламды тұрақ; 20 – ашық спорт кешені; 21 – жанармай қоймасы; 22- аудандық механикаландырылған түсіру базасы.
Теміржол жолдары: Т – вагон итергішке арналған тұрақ; Р – вагондарды түсіруге беру; Н – бос вагондарды жинау; ПОВП - қабылдау-жөнелту жолдары; ПОП – қабылдап-жөнелту және транзитті; П – тиеу
6.1- сурет- ЦОФ бас жоспарының сызбасы
Одан әрі бункерлерге түседі. Бункерлерден материалды шығару үшін ауыр типті дірілді қоректендіргіштер, тербелетін және тілімшелі түсіргіштер қолданылады.
Ірі кесекті материал кезінде оны байыту қиын, сондықтан материал конвейерлермен 14 ұсатқыш бөлімге (11) беріледі. Корпустағы уатқыштар (11) биіктік, жазықтық немесе аралас сұлба бойынша жөнделуі мүмкін. Бірінші нұсқада негізгі ауыстыратын механизмдер болып өздігінен ағатын науа, екіншісінде таспалы конвейерлер, үшіншісінде екеуі де қызмет етеді. Уатқыш бөлімінде көмір белгілі бір тапқа дейін уатылады (мысалы,-30,0), одан әрі електер арқылы ірі тау жынысы анықталады, басқа заттар мен көмір келесі уатқышқа түседі, онда едәуір ұсақ фракциялары табына уатылады (6-13мм), әрі қарай уатқыш арқылы таптарға (0-6мм) және бас корпусқа (4) келіп түседі. Тау жынысы (5) корпус арқылы конвейер (6) бойынша бункерге (7) түседі және одан әрі автокөліктермен үйіндіге шығарылады.
Бас корпуста (4) елеуден кейін көмір ауыр жағдайларда сепараторда байытудан өтеді және суспензияның бөлінуінен кейін арнайы бөліп шоғырландыру машинасына түседі, одан тау жынысы (5 бөлімшеге), өнеркәсіптік өнім (байытылған көмір) конвейер бойынша (13) кептіргіш бөлімше арқылы (3) жүк тиеу пунктіне (14) шағады, мұнда концентрат та келіп түседі. Центрифугада кептіргеннен кейін байытылған көмір тұтынушыға өнім тиелетін пунктіге (14) келіп түседі.
Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 2405;