Стіңгі беттегі шахтаның бас жоспары
Алаңды игеруге және онда дайындық жұмыстарын жүргізуге жобалау ұйымымен құрастырылған жерлерді бөлу жобасы негізінде жер пайдалануды жүргізуден жер учаскесін иесіздендіруді рәсімдеуден кейін кіріседі.
Шахтаның құрылысы кезінде дайындық кезеңі құрылыстық-жөндеу жұмыстарының басы мен оқпандарды үңгілеу басы арасындағы уақыт аралығы саналады.
Тапсырыс берушімен келісілген дайындық жұмыстарының кестесі бойынша құрылыс мекемесі келесі жұмыстарды іске асырады: құрылымдарды тоздыру, аумақты тазарту (ағаштарды кесу, түбірлерді және бұталарды жою, қарашірікті қабатты алу), алаңды жоспарлау және шектеу, уақытша және тұрақты жер асты теміржол жолдарын, автомобиль жолдарын, шеберханалар мен қондырғыларды салу, тұрғын үй массивін тұрғызу және т.б.
Құрылыстық бас жоспар құрылыстың жеке кезеңдері үшін әзірленеді, сонымен бірінші кезеңнің құрылыстық бас жоспары негізгі болып табылады және дайындық кезеңін өткізу кезінде іске асырылады.
Уақытша объектілерді тұрақты жер асты желілерінің және коммуникацияларының орналасу зоналарынан тыс орналастырады, осы шарттардың орындалуы мүмкін емес болған кезде – ең басында коммуникацияларды өткізеді, содан кейін уақытша үймереттерді салады.
Жер асты және алаң ішіндегі теміржол жолдары мен автомобиль жолдарының құрылысын тұрақты жолдарды бірден салу, ал уақытшаларды шектеу үшін орындау ұсынылады.
Дайындық кезеңінің негізгі міндеті одан тыс қалай болса, оның аумағында солай оқпандарды үңгілеуді ұйымдастыру болып табылады.
Шахта үстіңгі ғимараттар мен үймереттерді тұрғызумен байланысты дайындық жұмыстары, қабылданған технология мен кезектілікке байланысты оқпандарды үңгілеумен қатар орындала алады.
Шахтаны орналастыруға арналған Бас жоспар барлық күрделі салымдарды және әрбір салыстырылатын нұсқасы бойынша тау-кен жұмыстары өндірісіне, көлікке, сумен қамтуға, канализацияға, жылуға және электрмен қамтуға, ауданды игеруге, тұрғын үй массивін қосқанда пайдалану шығындарын ескерумен таңдалуы керек.
Шахталардың бас жоспарларын құрылыс ауданының сәулеттік-жоспарлық шешімдерін, көліктің едәуір тиімді түрлерін қолдануды, сонымен қатар, ең аз шығындармен кәсіпорынның даму және қайта құру мүмкіндігін ескерумен әзірлейді. Бас жоспардың сұлбасы 5.2- суретінде келтірілген.
Тікелей тұтынушыларға көмір түсіретін шахталарда МЕСТ талаптарына сәйкес көмірдің сапасын қамтамасыз ететін тау жынысын механикаландырып өңдеу алдын ала қарастырылады (террикондарға немесе үйінділерге); байыту фабрикаларына көмірді жіберу кезінде тау жынысын және басқа заттарды механикалық жою (іріктеу) жүргізіледі.
Төңгершекті көтерілу кезінде қабылдау шанаптарының сыйымдылықтарын жолдардың жүк тиеу-аккумуляторлық үймереттерге дейін ұзындығына қарай төрт-сегіз төңгершектерге көмір мен тау жынысы үшін жобалайды. Төңгершектердің сыйымдылығы барлық жерде бірдей емес, ол 6,9м3 - 27-33м3 аралығында тербеледі.
Клетті көтерілу кезінде жоғары қабылдау алаңқайында вагоншаларды автоматтық басқаруы бар механизмдермен және агрегаттармен блокталған итергіштер арқылы күштеп орын ауыстыруымен сұлбаны қабылдайды. Вагоншалар астында екі- үш тәулікті көмір қорымен орналасатын тоңкергішке дейін орын ауыстыратын.
1-бас оқпанның мұнаралы копері; 2 – бөлу-сұрыптау бөлімшесі; 3 – көмірді тиеу орны; 4 – көмекші оқпанның мұнаралы копері; 5 – АБК-дан көмекші блокқа өту үңгіртауы; 6 – бекіту материалдарының қоймасы; 7 – өрт сөндіру депосы; 8 – автокөлікке тиеу пункті; 9 – көмірді апаттық қоймаға жеткізетін конвейер;10 – көмір қорының қоймасы; 11 – көмір қоймасынан тиеу пунктіне дейінгі конвейер; 12 – желдету құрылғысы;13 – төмендету қосалқы бекеті; 14 – шахта суын тазалауға арналған бекеттер; 15 – тоңазыту көліктерінің компрессорлы бекеті; 16 – шаруашылыққа арналған сорғы бекеті;17 – әкімшілік – тұрмыстық корпус.
5.2-сурет-шахтаның бас жоспарының сызбасы
Шахтаның бетіндегі технологиялық кешеннің өнімділігін көтергіш қондырғылардың ең жоғары сағаттық өнімділігі бойынша есептейді. Үстіңгі беттің технологиялық кешеніне негізгі талаптар: берілген пайдалы қазбаны қабылдауды тоқтаусыз қамтамасыз ету, тұтыну нормасына дейін қайта өңдеу, оны сыртқы көліктің жұмыс режиміне сәйкес жүк түсіру, тау жынысын жою және жерасты жұмыстарынқазжет ресурстармен уақытында жабдықтау. Шахта бетінің технологиялық кешенінің процесінде көлік жетекші роль атқарады. Бас кешенде көліктің негізгі түрлері өзі ағатын және конвейерлік болып табылады.
Технологиялық кешеннің құрылуы үш сұлба бойынша жүргізіледі: биіктік (үлкен биіктікке төңгершіктерде көтерілу), горизонтальды (нөлдік белгіге дейін клетьтерде көтерілу. Биіктік сұлбасының артықшылығы: өзі ағатын көлікті басым пайдалану және шағын алатын аумақ. Кемшіліктері: көмірді қатты ұсату, шаңның жоғары пайда болуы, ғимаратты науамен, құбырлармен және т.б. ыбырсыту.
Горизонтальды сұлба кезінде көрсетілген кемшіліктер жойылады, алайда, конвейерлік сызықтардың саны көбейеді, көлікке шығындар қымбаттайды және құрылысқа үлкен аумақтар бөлінеді.
Аралас сұлба аралық орынға ие және жиі жаңа шахталардың құрылысы кезінде. Пайдалы қазбаның қасиеттерінің және тұтынушылардың техникалық талаптарының үлкен әртүрлілігі технологиялық кешендер сұлбаларының көп түрлілігіне әкеледі. Әр шахта үшін технологиялық кешен өзіндік ерекшелікке ие.
Жалпы жағдайда шахта бетінің технологиялық кешені үшін келесі бағыттар тән:
а) пайдалы қазбаның бетіне берілген габарит еместерді және басқа заттарды кейінгі көлік құрылғыларының апатсыз жұмысы үшін жою;
б) қоспалардан пайдалы қазбаны тазарту және сұрыпталған күйде оны тұтынушыға жеткізу;
в) теміржол вагондарына жүк тиеу;
г) процестерді барынша көп механикаландыру және автоматтандыру:
д) машиналардың жабдықтарын байытуды, үйінділеуді (тау жынысын), қоймаландыруды, жөндеуді орталықтандыру;
е) бас кешенде конвейерлік көлікті және вагонеткалылықты көмекші кешенде қолдану.
Вагондарға көмірді тиеу үшін 1,5-2, 0 тәуліктік өнімділікке есептелген сыйымдылықтың қорын қамтамасыз ететін кері беріліспен шанаптар мен көмір қоймалары алдын ала қарастырылған. Шахталарда тұтынушыларға тікелей немесе орталық не болмаса топтық байыту фабрикаларына көмірді тиеу бар.
Фабрикалар байыту бойынша шахталарға қатысты орналасуы бойынша ажыратылады. Осы шахтаның көмірінде жұмыс істейтін фабрикаларды БФ деп атайды; жақында орналасқан байытуға тағайындалған шахталар тобын КБФ және фабрикалар деп атайды; жеке алаңқайларда орналасқан және көмір ауданының бірнеше шахталарының көмірлерін байытуға арналған орталық деп аталады (ОБФ).
Шахтаның бетіндегі көліктің сұлбалары мен құралдары маңызды шамада көтергіш қондырғылар мен оқпанда оларды орналастыру арасындағы функцияларды бөлумен алдын ала анықталады. Ең үлкен әсер, яғни технологиялық кешеннің жинақтылығы және көліктік операциялардың ең аз саны клетьтік көтерілу функциясын шектеу кезінде көмекші операциялармен жетіледі, ал төңгершектік – негізгі операциялармен.
Төңгершектік оқпан бойынша көмір төңгершекті төңкеру жүйесіне дейін көтеріледі және қабылдау шұңқыры арқылы шанапқа келеді. Осы шанаптан қоректендіргішпен оны сұрыпты көмірге бөлу және басқа заттарды жою үшін елекке беріледі. Одан әрі конвейерлермен көмір меншікті фабриканы байытуға тасымалданады, не болмаса теміржол вагондарына тиеледі және ішінде ОБФ немесе КБФ қайта тасымалданады. Көмірдің жақсы сапасында тікелей тұтынушыға тиелуі мүмкін.
Әдеттегідей, тау жынысы, ұсатылып сұрыпталған бөлімге клетьтік оқпан арқылы және одан әрі конвейерлермен шанапқа беріледі. Шанаптан тау жынысы машинаға қайта тиеліп, тау жынысына бөлінген орынға шығарылады немесе шанаптан конвейерге (жиі аспалы) немесе вагоншаларға түседі және үйіндіге төгіледі (шахталарда оларды террикондар деп атайды).
Технологиялық кешендермен қатар шахтаның бетінде бекітпелік және басқа да материалдардың оперативтік қоймасын орналастырады. Осы қоймаға орталық қоймалардан орманды тіректер, гидротіректер, тартқыштар және басқа материалдар.
Шахталарда әкімшілік-тұрмыстық комбинат, өндірістік, шаруашылық-ішу және өртке қарсы су құбыры бар, олар шаңмен және өртпен күресу үшін шахтаға су беруді қамтамасыз етеді.
Шахтаны электр энергиясымен қоректендіруге арналған қосалқы станциялар, компрессорлық станция, желдеткіш қондырғы және т.б бар.
Шахталардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін байланыс жүйесін пайдаланады: сыртқы (қалалық немесе аудандық), жалпы объектілік (шахталық), диспетчерлік, апаттар туралы хабарландырушылық, сонымен қатар, оперативтік радио байланысты.
Шахталардан байыту фабрикаларына немесе тұтынушыларға көмірді тасымалдау үшін теміржол, автомобиль, конвейерлік, аспалы арқанды жолдарды және құбыр жүргізу көлігін пайдаланады.
Аспалы арқанды жолдар таулы немесе қиылысатын жерде, ал құбыр өткізгіш – көмір алу және қайта өңдеу технологиясымен органикалық байланыс жағдайында қолданылады.
Көмір алатын ауданда мықты шахталармен және ОБФ, әдеттегідей, электровозды немесе тепловозды тартқышпен теміржол көлігі қолданылады. Шахталар мен ОБФ көмір тиейтін станцияларын жолдық дамыту сұлбасын түсірілетін өнімнің сұрпын, тиеу технологиясын және тиеу пунктісінің қабылданған сұлбасын, маневрлік қызмет көрсету амалдарын, транзиттік бағыттардың және қозғалыс өлшемдерін ескерумен әзірлейді.
Шанаптық тиеу кезінде жолдардың саны 1,5-2 сағатта маршруттік құрамның тиелуін қамтамасыз етуді ескерумен есептелінеді. Маневрлік құрылғылардың немесе итергіштердің қуаттылығы вагондар құрамының үздіксіз қайта жылжуын қамтамасыз етуі керек. Көптеген жағдайларда көмірлік ауданның барлық жолдары КТУ бірлестіктеріне жатады және көліктік жүк тиеу басқармасымен қызмет көрсетіледі. Бұл жағдайда қабылдау-тапсыру операциялары вагондармен МЖС түйісу станцияларында іске асырылады.
Шахталардан ОБФ немесе КБФ қатардағы көмірді тасымалдау көмір бірлестігінің меншікті жылжымалы құрамындағы арнайы поездарда орындалады. Көмірі бар жіберу маршруттары КБФ және ОБФ жиналуы мүмкін.
Автомобиль көлігін жобалау кезінде технологиялық тасымалдарда жүк көтергіштігі 10,12,27 және 40т. самосвалдарды алдын ала қарастырады. Көмірді тұтынушыларға автожолдардың жалпы желісіне шыға келе тасымалдау жағдайында жолдардың категорияларына сәйкес келетін жүк көтергіштігімен автосамосвалдарды пайдаланады.
Көліктің түрін таңдау үшін қарастырылатын түрі бойынша келтірілген шығындар аз болатындай әртүрлі көлік түрлерін қарастырады. Көліктің әртүрлі түрлерін тиімді қолдану салаларын орнату кезінде тасымалдардың көлемі мен арақашықтығын, жолдардың болуын және категориялылығын, топографиялық жағдайларын, көлік құралдарының өнімділік резервтерін қамтамасыз етуді, қайта жүктеу және жел қақтыру кезінде сұрыптылықтың нашарлауын ескерген дұрыс.
Әрбір нақты жағдайда көліктің түрін таңдау кезінде әрқайсысы бойынша сомалық шығындарды және белгілі бір арақашықтыққа 1 т. көмірді тасымалдаудың өзіндік құнын есептеумен түрлері қарастырылады.
Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 2194;